5В011300-«Биология» мамандығы педагогикалық сараман мазмұны

Дайындық жұмыстар

5В011300-«Биология»мамандығы бакалавр мемлекеттік оқу стандарты бойынша өтілетін курстар «Зоология», «Ботаника», «Адам анатомиясы», «Адам және жануарлар физиологиясы», Өсімдіктер физиологиясы», «Цитология және гистология», «Биотехнология», «Биологияны оқыту әдістемесі», «Биологияны оқытудағы инновациялық технология әдістері» «Эволюциялық ілім» және т.б. пәндерді оқу барысында, студенттер теориялық білім алады, мектеп оқушыларының биологиялық білімін, танымдылығын дамыту бағытында жұмыстану жолдары, оқыту әдіс-тәсілдері бағытында материалдармен қаруланып, педагогикалық сараманға дайындық жүргізіледі.

Мектептердің материалдық-техникалық базасы, биология кабинеттері бүгінгі білім беру талабына сай жабдықталған, оқу-әдістемелік, ғылыми және электронды баспалармен қамтылған кітапханасы бар. Биология кабинетінде интерактивті тақта және студенттердің сабақта пайдануына көрнекілік құралдар, дидактикалық материалдар жеткілікті және жоғарғы, бірінші санатты пән мұғалімдері педагогикалық сараманды жоғарғы деңгейде өткізуге барлық жағдай барлығына күмән келтірмейді.

Педагогикалық сараманды ұйымдастыру жұмыстары

Конференцияда оқу-әдістемелік және оқу құралдары, әдебиеттер, дидактикалық материалдар, көрнекіліктер (слайд, фото-суреттер және т.б.) және құжаттар көрмесі ұйымдастырылады.