Жаратылыстану – географиялық факультеті 5В060800 - «Экология» мамандығы бойынша кәсіби (өндірістік) сараманды ұйымдастыру туралы ақпарат

Жалпы мәліметтер.

5В060800 - «Экология» мамандығы бойынша оқу жоспарында кәсіби (өндірістік) сараман - жоғарғы оқу орындарында оқу үрдісін аяқтайтын саты, яғни теориялық оқу аяқталғаннан кейін 10 апта көлемінде 8 семестрде өтіледі.

Оқу жоспарынан көшірме:

Сараман аты

Курс

Семестр

Кредит саны

Сағат саны

Апта ұзақтығы

1

Кәсіби (өндірістік) сараман

4

8

4

300

10

Өндірістік сараманды тиімді ұйымдастыру теориялық білімді жүйелеуге, бекітуге және кеңейтуге көмектеседі, дербес зерттеу жұмысының дағдыларына үйренуге мүмкіншілік береді, сондай ақ жұмыспен қамту мәселесін тиімді және сенімді түрде шешуге ықпалын тигізеді.

Кәсіби (өндірістік) сараманның мақсаты мен міндеттері 5В060800 – «Экология» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасымен анықталады.

Кәсіби (өндірістік) сараманның мақсаты: студенттердің оқу процесінде алған теориялық білімін бекіту және болашақ кәсіптік қызметіне қажетті практикалық дағдылары мен құзіреттіліктерін қалыптастыру және алдыңғы қатарлы тәжірибені игеру болып табылады.

Кәсіби (өндірістік) сараманның өтетін орнына байланысты сараман міндеттері:

1) кәсіби қызмет салалары бойынша (өндіріс, басқару, ғылыми-зерттеу және білім беру) ұйымдастырушылық-басқарушылық, өндірістік-технологиялық, сервистік-пайдаланушылық, экспериментальды-зерттеушілік, білім берушілік, жобалаушылық қызмет функцияларымен танысу;

2) қоршаған ортаны зерттеу, экологиялық бақылау, мониторинг, экологиялық аудит жүргізу жоспары, бағдарламасын жасау тәртібімен танысу және жүргізуге қатысу;

3) қоршаған ортаны қорғау бойынша экологиялық білім және тәрбие жұмыстарын жүргізу;

4) қазіргі кездегі экологиялық зерттеулердің түрлі әдістері мен техникалық құралдары, зертханалық инструментальды әдістер мен оларды өңдеу және пайдалану әдістерімен танысу және лабораториялық зерттеулер жүргізуге қатысу;

9) табиғат қорғау саласында қолданылатын бағдарламалық өнімдермен танысу;

10) сараманды өту туралы есеп және болашақ дипломдық жұмыс жазу үшін керекті материалдарды жинау және жүйелеу;

Өндірістік сараман барысында студенттер өздері сараманды өтіп жатқан мемлекеттік органдардың, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің құрылымы, экологиялық қызмет ерекшелігі, әдістері мен құрал жабдықтары, т.б. қызмет тәжірибесімен танысады, сол ұйымдардың басшыларының бекіткен, сараман жетекшілерінің келісімі немесе тапсырмалары бойынша ұйымның өндірістік қызметтеріне араласады.

Әрбір студент сараман бойынша жеке жоспар-тапсырма құрастырады және оны өндірістен тағайындалған жетекшімен келіседі.

Мерзімі.

Оқу жоспарына сәйкес кәсіби (өндірістік) сараман 10 апта көлемінде өтеді.

Өту базалары.

5В060800 - «Экология» мамандығы бойынша өндірістік сараман ҚР-ның экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекциялау комитетінің экологиялық департаменттерінде, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармаларында, экологиялық сараптама, жобалау, табиғат қорғау және экология және экологиялық білім беру мәселелерімен айналысатын мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындарында, ірі (орташа) кәсіпорындар мен мекемелердің табиғат қорғау және мониторинг бөлімдерінде, экологиялық білім берумен айналысатын мектептен тыс білім беру ұйымдарында т.б. ұйымдастырылады.

Ағымдағы жылы білім алушылар «Өндірістік экология» мамандандыруын таңдауына байланысты сараман базасы ретінде экологиялық қызметпен айналысатын мекемелер іріктеліп алынды:

1. Орал қаласы Энергетика министрлігі мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекциялау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті РММ – келісім шарт мерзімі - 5 жыл. Келісімшарт №61, 01.07.2014 ж.

2. БҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы ММ («Табиғатты пайдалану және табиғи қамбаларды реттеу басқармасы» ММ) - келісім шарт мерзімі - 5 жыл. Келісімшарт №60, 01.07.2014 ж.

3. Орал қаласы, БҚО ауыл шаруашылық басқармасы - келісім шарт мерзімі - келісім шарт мерзімі - 1 жыл. Келісімшарт №137, 21.08.2015 ж.

Ағымдағы жылы төмендегі мекемелер сұранысына сәйкес 3 студент сараманға жіберіледі:

1) БҚО, Орал қаласы, «Техбұлақ» ЖШС;

2) БҚО, Ақсай қаласы, «Гидромет ЛТД» ақпараттық-өндірістік орталығы ЖШС;

3) Қостанай қаласы Энергетика министрлігі мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекциялау комитетінің Қостанай облысы бойынша экология департаменті РММ.

Бұл мекемелермен уақытша 1 жылдық мерзімге келісім шарт жасалады.

Осы аталған мекемелерден басқа келісім-шарт жасалған өндірістік базалар;

1. Орал су шаруашылығы мекемесі – 5 жыл.

2. «Батыс Қазақстан облыстық экологиялық-биологиялық орталығы» МКҚК – 5 жыл. Келісімшарт №38, 01.07.2014 ж.

3. «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» Батыс Қазақстан филиалы ЖШС - 5 жыл. Келісімшарт №403, 20.01.2016 ж.

Өтетін оқу топтары.

2015-2016 о.ж. 5В060800 - «Экология» мамандығы бойынша күндізгі бөлімде – 14 студент (7 – қазақ бөлімі, 7- орыс бөлімі) және 1 студент сырттай бөлімде білім алады.

Сараман мазмұны базалық ұйым қызметінің сипатымен анықталады. Студент-практикант өндірістік сараманнан өте отырып, экологиялық, сервистік-пайдаланушылық, консультативтік, жобалаушылық, табиғат қорғаушылық, білім беру және тәрбиелік, сараптамалық, басқарушылық қызмет атқарады.

Сараманның ұйымдастырылуын тексеру методист, сараман жетекшісі арқылы жүргізіледі.