2015-2016 оқу жылында Жаратылыстану-география факультетінің география кафедрасында 5В011600-География және 5В060900-География мамандығы бойынша жоғары білікті мамандар даярланады. Есептік жылы география кафедрасында аталмыш екі мамандық бойынша 35 түлек білім және жаратылыстану біліктілігін алды. Олар 5В011600-География мамандығы бойынша 21 студент (17 қаз/ 4 орыс), 5В060900-География мамандығы бойынша 14 студент (12 қаз / 2 орыс).

 2015-2016 оқу жылында бітірген 35 түлектің 7 аймақта, яғни Батыс Қазақстан облысы аумағында, 8 түлек Орал қаласында, 4 студент Ақтөбе облысында, 1- түлек Маңғыстау, 1- түлек Алматы, 1 бітіруші Қостанай облысында жұмысқа орналасқан.

 3 түлек Ресей Федерациясының Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университетіне магистратураға түссе, 2 түлек бала күтіміне орай жұмыссыз болса, 9 түлек жұмысқа орналаспады. 2015-2016 оқу жылында кафедра бойынша бітірушілердің жұмысқа орналасқандары 77 пайызды құрады.

 Жұмысқа орналасқан түлектердің ішінде 16 түлек мамандық бойынша мектеп мұғалімі, 1 түлек кәсіпорында жне 1 бітіруші туризм орталығында экскурсшы болып қызмет атқарады.

 Батыс Қазақстан облысы аудандары бойынша 7 бітіруші ауылдық мектепте мұғалім және 8 түлек Орал қаласында қызмет атқаруда. Қазақстанның аймақтары бойынша Ақтөбе облысында - 4, Маңғыстау облысында – 1, Қостанай облысында – 1 және Алматы облысында 1 түлек еңбек жасауда.

Аманжолов Дулат, 2016 жыл түлегі, №41 ЖОББМ география пәнінің мұғалімі 

2015 жыл түлектері Сейтеков Темірлан және Бақытжанова Бибинұр - ПМҒЗУ магистранттары (Пермь қ. Ресей)


Арасланбаева Альфинура , 2016 жыл түлегі, Жарсуат ЖОББМ география пәнінің мұғалімі , Бөрлі ауданы