Жаратылыстану-география факультеті, биология және экология кафедрасының кафедра филиалдарының 2017-2018 оқу жылына арналған жұмыс жоспары жоспарға сәйкес орындалуда.

Кафедра филиалдарының жұмысын жандандыру мақсатында кафедра оқытушылары қала, облыс мектептерімен үнемі тығыз байланыста болады. 2017 жылдың қыркүйек айының 20-да кафедра доценті, б.ғ.к. Г.С.Қайсағалиева №41 жаратылыстану-математика бағытындағы мектеп-лицейде биология және география әдістемелік бірлестік оқытушыларымен кездесіп, мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру мен өткізу бойынша әдістемелік кеңес берді және оқушы А.Н.Куспанованың «Қаланың экологиялық жағдайы» тақырыбындағы ғылыми жұмысына қосымша жетекшілік етті. Кафедра оқытушысы б.ғ.к., доцент А.С. Ерғалиев Янайкин орта мектебінің оқушысы А.А.Досжановтың «Топырақтың экологиялық жағдайын бағалау» тақырыбындағы ғылыми жобасына кеңестер берді.

Мектеп-университет арасындағы байланысты ұштастыру мақсатында мектеп мұғалімдеріне университетімізде ағымдағы жылы 27 қыркүйекте өткен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 85 жылдығына арналған «Иванов оқулары - 2017» облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы және бұл конференцияға қатысты ақпараттық хат туралы Орал қаласы мен облысының және өзге облыстың мектеп ұстаздарына, педагог-ғалымдарға алдын ала ақпарат беріліп, мақаланы өңдеуге қойылатын талаптар туралы хабарламаларды кафедра оқытушылары тартылды.

Мектеп мұғалімдері мен университет профессорлы-оқытушылық құрамы арасындағы байланысты қалыптасыру мақсатында 19-20 қазан аралығында өткен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 85 жылдығына арналған «Жаһандық әлемдегі ғылым мен білім» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірбиелі конференциясының өтетіндігі туралы ақпараттық хат қала және обылыс мектептеріне таратылды. Конференцияның Қоғамдық сананың жаңғыруы мәтініндегі жаратылыстану ғылымдарының басым бағыттары атты V секциясына Белес жалпы орта мектебінің балабақша кешенінің мұғалімі Б.Б.Утебалиева мақала дайындап, жариялады.

Кафедра оқытушысы А.С.Ергалиев №41 жаратылыстану-математика бағытындағы мектеп-лицейінің мұғалімі Л.С.Макатаева және № 44 мектеп-гиназиясының мұғалімі Г.Ү.Закиеваның 10-11сынып оқушыларына арналған «Қолданбалы биология» факультативті бағдарламасына сын-пікір беріп, мектеппен университет арасындағы байланысты ұштастырды.

27.10.2017 жылы облысытық балалар техникалық шығармашылық орталығының ұйымдастырған «Мектеп табалдырығынан ғылымға» атты облыстық көрме-байқауына сарапшы ретінде, биология және экология кафедрасының оқытушысы А.С.Ерғалиев қатысып ғылыми-әдістемелік кеңестер мен ұсыныстар берді.

10.11.2017 жылы облыстық экологиялық-биологиялық орталықтың «Менің Отаным - Қазақстан» жас натуралистер мен экологтардың облыстық форумына әділқазы ретінде биология және экология кафедрасының оқытушылары Г.Н.Кадисова және Ә.Д.Құрмекеш қатынасты.

7-8.12.2018 жылы №37 ЖОББМ базасында жалпы білім беретін пәндерден өткен қалалық олимпиадаға әділ қазы ретінде қатысқан кафедра оқытушысы Уалиахметова Ж.Н., кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастырды. Оқушыларға және мектеп мұғалімдеріне оқушыны олимпиадаға дайындау және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері бойынша кеңестер берілді.

13.12.2017 жылы дарынды балаларға арналған «Дарын» орталығы ұйымдастырған ХІ облыстық «Жеті құпия – 2017» ашық көпвекторлы зияткерлік марафон турниріне әділ қазы ретінде қатысқан кафедра оқытушылары Қ.Б.Болатова, Б.Ж.Джангазиева кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастырды.

05.01-06.01.2018 ж. дарынды балаларға арналған «Дарын» орталығындағы биология пәні бойынша өткізілетін олимпиаданың облыстық кезеңдеріне қатысқан кафедра оқытушылары Қ.Б.Болатова, Г.С.Қайсағалиева, Б.Ж.Джангазиева кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастырды. Оқушыларға және мектеп мұғалімдеріне оқушыны олимпиадаға дайындау және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері бойынша кеңестер берілді.

18.04.2018 ж Биология және экология кафедрасының оқытушы, профессорлар құрамы Т.Е.Дарбаева - б.ғ.д., профессор, С.Г.Чекалин – а/ш.ғ.к., доцент, Табиғат және экология музейінде өтетін «Жайық – Каспий бассейн мәселелері» тақырыбында экологиялық мекемелермен бірлескен дөңгелек үстелге қатысты.

18.04.2018 ж Облыстық экологиялық- биологиялық орталығы ұйымдастырған Халықаралық құстар күніне арналған «Құстар біздің досымыз» атты облыстық байқауға биология және экология кафедрасының оқытушысы Ә.Д.Құрмекеш әділ қазы ретінде қатынасты. Байқау соңында оқушыларға және мектеп мұғалімдеріне оқушыны олимпиадаға дайындау және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері бойынша кеңестер берілді.

06.11.2017 жылдан бастап, М.Утемисов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне түсуге ниет білдірген оқушыларға, әр аптаның жұма күні сағат 1500 –де жаратылыстану-география факультетінде «Жексенбілік мектеп» ҰБТ-ға дайындық курсы өткізілуде. Дайындық курсты жүргізетін кафедра оқытушылары мен сабақ тақырыптары бекітілді және мектеп оқушыларына хабарлама хаттар жіберілді.

26.01.2018 жылы б.ғ.д Дарбаева Т.Е. «Өсімдіктер дүниесінің жіктелуі», тақырыбында Круглоозерный ЖОББМ оқушыларына сабақ өткізді (сурет 1). Қатысқан оқушылар саны – 2.

 

Сурет 1. Доцент Дарбаева Т.Е. Круглоозерный мектебінің оқушыларына сабақ өткізу сәті 26.01.2018 ж.

16.02.2018 жылы а/ш.ғ.к Кадисова Г.Н «Основы селекции» тақырыбында №45 ЖОББМ оқушыларына сабақ өткізді. Қатысқан оқушылар саны – 6.

16.02.2018 жылы Қажымұратова «Төменгі сатыдағы өсімдіктер» тақырыбында №20 ЖОББМ оқушыларына сабақ өткізді. Қатысқан оқушылар саны – 4.

23.02.2018 жылы Рустенова Р.М. «Опорно-двигательный аппарат человека. Сколиоз и его профилактика» тақырыбында №34 ЖОББМ оқушыларына сабақ өткізді. Қатысқан оқушылар саны – 6.

30.03.2018 жылы Усиев Е.Т. «Адамның жүйке жүйесінің анатомиясы мен физиологиясы» тақырыбынды №10 ЖОББМ, №40 ЖОББМ оқушыларына сабақ өткізді. Қатысқан оқушылар саны – 6.

Сурет 2. Е.Т.Усиевтің №10, №40 мектеп оқушыларына сабақ өткізу сәті 30.03.2018 ж.

06.04.2018 жылы Сарсенова А.Н. «Өсімдіктермен жануарлардағы ұрықтану» тақырыбында №10 ЖОББМ, №40 ЖОББМ оқушыларына сабақ өткізді. Қатысқан оқушылар саны – 6.

Сурет 3. Ә.Сарсенованың №10, №40 мектеп оқушыларына сабақ өткізу сәті 06.04.2018 ж.

13.04.2018 жылы Құрмекеш Ә.Д. «Бауырымен жорғалаушылардың ішкі және сыртқы құрылысы» тақырыбында №10 ЖОББМ оқушыларына сабақ өткізді. Қатысқан оқушылар саны – 3

04.05.2018 жылы Габдулов Б.Г. «Омыртқалы жанурлардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары» тақырыбында №10 ЖОББМ оқушыларына сабақ өткізді. Қатысқан оқушылар саны – 3

Биология және экология кафедрасының кәсіптік бағдар беру және кафедра филиалдарының 2017-2018 оқу жылына арналған жоспарына сәйкес, 2017 жылдың 23 ақпан күні Орал қаласы мен жақын маңдағы орта мектептерінің 11 сынып оқушыларының арасында «Биология» пәні бойынша пәндік олимпиада өткізілді. Олимпиадаға қалалық және қала маңындағы мектептерден барлығы 52 оқушы қатысты. Олимпиаданың қазылар алқасының құрамы факультет деканының өкімімен бекітілді. Қазылар алқасының төрайымы а/ш.ғ.к., доцент Р.М.Рустенова, мүшелері - аға оқытушы, магистр Б.Ж.Джангазиева, оқытушы, магистрлар А.Н.Сарсенова, Ә.Д.Құрмекеш, Ж.Н.Уалиахметова болып белгіленді. Олимпиада теориялық (тестілеу) және практикалық бөлімдерден тұрды (сурет 4).