Мені шыңдаған Серпін

      Мен Маңғыстау облысының  2013-2014 жылдың жас түлегі,қазіргі таңда М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан  Мемлекеттік университетінің жаратылыстану-география факультеті химия мамандығының IIІ курс студенті Қошан Гүлдана Қосбармаққызы.Орал қаласына арманым мен мақсатымды қанатыма байлап,болашағыма деген нық сенімімімен қадам бастым.Аллаға шүкір алғашқы қадамым сәтті де құтты болды,оны мен алдағы өміріме деп жақсылыққа жорыдым.Бұл бағыма бұйырған бақытты  қадамым "Серпін-2050"жаңа бағдарламасына мемлекеттік білім беру грант иегері атанғаным деп білемін.

     Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы әрдайым жастарды баса назарда ұстап,алға жетелеуден шаршаған емес.Болашақты мына біздей жалындаған жастармен елестеткен ұлы тұлғаның үкілеген үмітін ақтау,барша алаш азаматтарының парызы.Білім жолын барынша кеңейтіп берген Нұр ағамыз ЖОО-да оқып жатқан студенттеріміздің көбісі, жұмыссыздық мәселесімен қиналатынын талқылап,бұл тығырықтан шығатын жолдың бағытын айқындап берді.Қазақстан бойынша жұмыссыздық мәселесі әлі күнге дейін толық шешімін таба қойған жоқ.Дегенмен де, бұл айтулы мәселеден шығуымыз жас ұрпақ бізге байланысты.Білікті маман иесі боламын деген азаматтарға барлық жағдай қарастырылған.Көптеген мектеп бітіруші түлектер ҰБТ-ден  қажетті балл жинай алмай,көп жағдайда оқу орындарына қабылданбай қалып жатады.Дәл осы және басқа да мәселелерді негізге алған басшылық,осы жолыда жастарға болшақтың айқын кілтін ұстатты.Осы кілтпен болашақтың тұғыры биік асқақ шыңдарын,түбірі терең ой мақсаттарымызбен,білімімізбен жарқын ете түсуіміз, біз үшін аса маңызды міндет.Елбасымыздың тікелей басқарылуымен жүзеге асқан "Серпін-2050" бағдарламасы аясында алғашқы жылға 2050 грант бөлініп,оның ішінде 7  ЖОО үшін 1050 және 23колледж үшін 1000 мемлекеттік білім беру гранты бөлінді. 2014-2015 оқу жылына жаратылыстану  - география факультетіне 30 грант, 2015-2016 оқу жылдарына 60 студент білім грантын жеңіп алса, биылғы 2016-2017 жылдарына 30 грант бөлініп отыр. Бұл бағдарламаның басты мақсатын Мұрат Әбеновтыңсарабдал сөзімен ұштастыра аламыз:«Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл өңірлерінде демографиялық көрсеткіш жоғары, алайда жұмыс орындары тапшы. Павлодар, Шығыс Қазақстан сияқты аймақтарда керісінше, зауыт, фабрикалар көптеп салынып жатқанмен, кадр жетіспейді. Бағдарлама осы олқылықтың орнын толтыруды көздейді»Бұл дегеніміз осы бағдарламаны тәмамдаған әрбір маман жұмыспен толық қанды қамтасыз етіледі деген сөз.

     Мен осы айтулы бағдарлама аясында білім алып жатқанымды мақтанышпен айта отырып,  болашақта өз мамандығымның білікті де, шебер маман иесі болып шығамын деп, толықтай сеніммен айта аламын.

     БҚМУ Серпін жастары Қазақстанның түпкір-түпкірінен жиналған басында таңғалдырар таланты,жанында өнері мен талмас қанаты бар, жігерлі азаматтары мен азаматшалары екенін зор мақтанышпен жеткізе аламын.Әне-міне дегенше IIІ курсымызды да бастағалы отырмыз. Әрине бұл жылымыз талпынған әр серпін жастары үшін толағай табыстар әкеледі деген нық сеніммен айта аламыз. Себебі әр жылда келген серпіннің жалынды студенттердің талпынысының жылдан-жылға жанған оттай жалындау шыңы биік. Алысқа бармай мына өзімді алатын болсам, көптеген іс-шара немесе жарыстар өткізіп оған қатысуға тырысып,бізге берген зор мүмкіндікті тиімді пайдаланып алдыма қойған мақсаттарыма жетуден шаршаған емеспін. Соның  дәлелі ретінде осы күнге дейін білімдегі жоғары дәрежеммен, бастаған ғылыми жобамды сәтті қорғап ІІ дәрежелі дипломмен марапатталып, қоғамдық жұмысқа белсенді қатысқаным үшін факультет деканының алғыс хатымен марапатталды Осы 2 жылдың қорытындысының нәтижесін кафедра, деканат,  ректарат ұжымы жоғары деп бағалап, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атындағы атаулы шәкіртақы иегері атандым. Менің бұл шыңға жетуімнің бірден-бір себебі, тек қана білімді ғана емес, ұшарда қанатыма қосымша бос уақыттарда ғылыми жұмыспен айналысып, коғамдық жұмысты да қатар алып, белсенді студенттердің қатарынан болуға тырыстым.

     Бізге арнайы мемлекет назар аударған соң,қоғамдағы шаралар көптеп ұйымдастырылып, оған қатысатын серпін жастары міндетті түрде болуы қажет.Мен өз басым өткізілетін әрбір шараға қатысып,ондағы айтылатын сөздерді ұйып тыңдаймын.Бізге келетін ақын-жазушылар мен ғалымдар мен кездесудің,білім жолын іздеген жастар үшін әсері зор.Талпынысым күннен - күнге артып, қазіргі таңда үлкен жоба жасау үстіндемін. Елбасым жігерлендірген бұл алау әлі талай лауламақ.Әр бастаған істерімді жемісті қылып,табысты түбірі берік Елбасым еккен бәйтерекке қазақ елімнің азаматшасы ретінде, өшпес ізімді қалдырып,үлесімді тигізгім келеді.

     Қай жерде болмасын, осындай нәтижелі жетістіктерге жетіп, білім мен тәрбиені бірге ұштатып, оқу ордамыздың абыройын асқақтатуымызға көмектесіп мені шыңдаған Серпін...............   

Жарқын ,айқын Нұрлы жолды таңдаймыз

Елбасымыз Нұрсұлтанды қолдаймыз

Тұғыры биік теңдігім.

Желбіреген туым менің елдігім.

Асқақтатсам қазағымның намысын

Жетіп жатыр айтсам егер табысын .

Қасиетті жерім  үшін жүрегім,

Дүрсүлдейді естісеңдер қағысын.

Шыңдап мені жетелейді бірлікке.

Мейлі болсын қиын,оңай тірлікте .

Ұмтыламын құласамда құз шыңнан,

Талмас қанат жасап алам қалайда,

Мақсатым мен жету үшін биікке. -деп алдағы биік мақсатыммен,  жүрегімнен шыққан  туындыммен тыңдаушымды тебірентіп ойымды түйіндемекшімін!