Қазақстан  табиғаты  Ресейліктер  көзімен

       Қазақстанның Халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік және «Тарлан» сыйлығының иегері, ақын Қадыр Мырза Әлі  атындағы Мәдениет және өнер ғимаратында 16 қыркүйек күні Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен,  мәдениет пен өнер саласындағы халықаралық ынтымақтастық аясында “Қазақстан табиғаты Ресейліктер көзімен”  атты Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында ерекше суреттер көрмесі өткізілді. 

      Бұл көрменің ерекшелігі- суреттер кәсіби маманның емес, биолог- эколог ғалымдардың қолынан шыққан.

      Түрлі тіршілік иелерінің өмір үшін күресі, қызыл шабақ  таңның атуы мен күннің батуы – бұл Ресейліктермен түсірілген Батыс Қазақстанның табиғаты.

     Әуесқой фотосуретші, Самара зоопаркі директорының орынбасары- Александр Кузовенко: -Қазақстан табиғаты өзінің әсемдігімен қатты  тамсандырды.Қазақстан табиғатында адам аяғы баспаған жерлер көп. Мәселен, Ресеймен салыстырғанда адам қолымен бұзылмаған табиғи орта. 

     Бұл көрмеге Алесандр Кузовенконың 50 шақты суреті қойылды.

   - “Оңтайлы  сәтті пайдаланып, ұтымды кадр түсіру үшін қыруар уақыт керек. Көп уақыт жұмсалған суреттерім өзіме ыстық.Ең бастысы- табиғаттың қайталанбайтын сәтін қолдан жіберіп алмау”- дейді Алесандр. 

     Ресейлік биологтармен қатар, Қазақстан фотографтарының да туындылары бұл көрмеге  қойылған болатын 

     Осы  сәні мен салтанаты жарасқан ғимаратқа біздің факультетімізден алғашқылардың бірі болып, биология мамандығының 01304 тобы   тамашалап қайтты.  Онда олар өз мамандықтары бойынша жан-жануарлары мен өсімдіктер көрмесіне қатысып, өздерін қызықтырған сұраққа толық әрі ұтымды жауаптарын ала алды.Топ  кураторымен   бірге бұл көрменің көрер көзге өз мамандықтарын жоғары бағалайтын студенттер үшін орны ерекше болды. Топ студенттер арасындағы белсенді  әрі өз мамандығының білікті маман иесі болам, деген биік мақсатымен көзге түсе білген Бәкір Нәзік Бахадүрқызынан алған сұхбат негізінде, биологтарға ауадай қажет мәліметтер қаламыздағы ең көркем ғимратта орналасуы ; біріншіден ішіндегі мәліметтердің  жеткілікті дәрежесі, екіншісі рухани байлығы мен көркі жарасқан сәулеті еш адамды қызықтырмай қоймайтындығы екенін атап өтті. 

     -Маған осы көрме қатты ұнады.Көптеген жан-жануарлар, жәндіктерді көрдік. Бұл көрмеден көп тәжірибе алдым. Алдағы уақытта мен де фотограф болғым келеді. Табиғатты және әр түрлі жануарларды суретке түсіргім келеді -дейді оқушы Альбина Қажғалиева .

     Бұл өмірге тарихқа өшпес ізін ойып қалдыра білген,  Қадыр Мырза Әли ағамыз артындағы жас ұрпақтарына қалдырған мұрасы зерттеле келе, өте биік дәрежеге жетті. Осыларды туған халқы ескере отырып,  Ақжайықтың төрінде орналасқан шежірелі Орал қаласының көркін ажарландыра түскен ағамыздың гаухар тастай жарқыраған  мәдениет және өнер орталағына ресми түрде есімі берілді. Біз білімденген заманда біліктілікпен білекті жығатындай болсақ, ағамыз қалдырған сарабдал сара жолды жалғастыра аламыз деп толық айта аламыз.

     Байтақ еліміздің беймәлім беттерін ашқан көрме 1 ай бойы жалғасады.