«Арман!Еңбек!Сенім!»

       Тұғырлы тәуелсіздік алғанымызға да 25 жыл! Осы жылдар ішінде еліміз есін жиып, өзге елдермен иығын теңестіруде. Қаншама бұлыңғыр бұлтты күндерді артқа тастап, аяққа тұрды. Осыган орай, М.Өтемісов атындағы БҚМУ, жаратылыстану-география факультетінде 2016 жылдың 18-қыркүйекте «Арман! Еңбек! Сенім!» атты спартакиада болып өтті. Спартакиаданың мақсаты факультеттеріміздің студенттерінің басын біріктіріп, достықтарын нығайтып, 1-курс студенттерінің жоғары курс студенттерімен таныстыру болды. Онда түрлі тренингтер мен эстафеталық ойындар ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Алло, біз таланттарды іздейміз»  атты өнер сайысы өтті. Осы сайыс кезінде 1 курс студенттері берілген аз уақыт ішінде барлық өнерлерін ортаға салып, жайдарманшылар өздерінің қалжындарымен бөлісіп,әзіл әлеміненде кеңде емес екендерін көрсетті. Жас әншілеріміз әуезді әнмен әрлеп, кешімізді одан әрі жандыра түсті. Демалысымыз өз мәресіне жетіп, 1 курс студенттері ұйымдастырушыларға өз лебіздерін білдірді.

         Мулдаханов Мұрат: Бүгінгі ұйымдастырылған шара керемет өтті. Белсенділер жиналып, бір-бірімізбен жақын араласып, қызықты ойындар, шаралар ұйымдастырылды. Алдағы уақытта осындай қызықты шаралар ұйымдастырылып тұрса екен.

         Қайрбаева Гүлсезім Алпамысовна: Бұл болып өткен шараға мен ұйымдастырушы ретінде қатыстым. Атаулы шарадан алған әсерім өте жақсы. Бұл мен үшін жаңа достарыммен танысуға бірден-бір қаланған көпір болды. Әртүрлі қызықты тренингтер, ойындар ойнатылған бұл шара жоғарғы деңгейде болып өтті. Осындай кереметтей көңіл сыйлаған үшін ұйымдастырушыларға және жаратылыстану- география факультетінің ұжымына алғысым шексіз.

Ел ертеңі болашақ жастардың қолында.Ал сол жастарды жақсылыққа баулу біздің, яғни, аға-буынның қосар үлесі шексіз.