Ұстаз – ұлағатты ұғым.

         Өмірде түрлі сынақтар мен шешуі жоқ шытырман сәттерге тап болғанда, айтатын акылдары таусылмас әрдайым шәкірттеріне жан ашырлықпен, көмек қолын соза білетін асыл да, дара жан - ұстаздарымыздың арқасында тұлға кейпімізді сақтап, ұлылықтың жолын қуып іздерін жалғастыра аламыз. Аяулы ұстаздарға қанша арнау айтып, жыр арнасақта, мейлі басшы, мейлі ғалым болсақта  сені сол күнге ерен еңбегімен жеткізген ұстаз деген ұлы тұлғадан биік бола алмайтының сөзсіз. Оны ұстаздан шыққан талай  шымыр шәкірттер мойындап кеткен болатын. Оларға арналған әр жылдың күз айының алғашқы айында төл мерекелері тойланады. Сол сияқты Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік  унверситеті жаратылыстану-география факультетінде қыркүйек айының  29 жұлдызында факультет оқытушыларына арналған концерт өткізілді. Шараға биология және экология кафедрасы, химия кафедрасы,  география кафедрасының профессор, оқытушылар құрамдары қатысты. 

Кеш бастамасын жаратылыстану-география факультетінің деканы Сулейменова Гүлнар Науханқызы өзінің оқытушылар құрамына деген ыстық ықыласты лебізді,  құттықтау сөзімен бастады. Шарамыз одан кейін сазды әнмен жалғасын тапты. 1-курс студенттерінен құралған биші тобы «Шалқыма»  атты биімен ортаны жандыра түсті. Шәкірттер өздерінің ұстаздарына деген шын ниетті құттықтауларын ортада көрсеткен өнерлерімен жеткізе білді. Олар; мың бұралған қыздардан құралған биші қыздар, жез таңдайлы тамсандырған  әншілеріміз және ұстаздарымыз үйреткен ұйымшылдық пен ізденімпаздығылығымыздың арқасында түсірген студенттердің оқытушыларға деген алғыстарын құттықтау сөздерін бейнебаян арқылы жеткізе білді. Мерекенің сәнін қыздардан құралған биші тобымен   қойған флешмоб билері оданда аша түскендей болды. Соңында факультетіміздің белсенді студенттері өздерінің ауялы ұстаздарын ортаға вальс биіне шақырып, оқытушылардың ыстық ықыласына бөлене білді. 

 

                                 Осы сөзде жатыр қанша ұлылық, 

                                 Осы сөзде таусылмайтын жылылық.

                                 Әль-Фараби, Ыбырай мен, Ақаңды 

                                 Осы сөз ғой қойған бізге ұлығып.

                                 Ұстаз шебер қисықтарды жөндейтін

                                Тентектерді ақылменен емдейтін,

                                Болса дағы малға кедей өмірде.

                                Бар байлығым шәкірттерім  сен дейтін -   дей келе ұстаздарға деген шексіз алғыстарымыз бен ыстық лебізімізбен толағай табыстар тілеп, шәкірттерініздің жемісін көре беріңіздер демекшіміз.