"Студенттік сəт-қайталанбас шақ"

Қазанның алтыншы жұлдызы жаратылыстану-география факультетінің 1 курс химиктеріне арнап 2-4 курстарының ұйымдастырылуымен "Студенттік сəт-қайталанбас шақ" атты концерті өткізілді. Концерт жаратылыстану-география факультетінің деканы Сүлейменова Гүлнəр Науханқызының 1-курстарға арнаған өзінің жалынды тілегімен ашылды. 2017 жылдың түлектерінің биі мен қоңыр дауыста гитараның сүйемелдеуімен орындаған əні мерекенің сəнін келтірді. "Геофак" жайдарман тобының қағытпа əзілдері де кештің жандануына себепші болды . Химиктер бір-бірімен реакция арқылы тілдессе, соның бір дәлелі ретінде жоғары курс студенттері химиялық реакция топтамасын көрсетіп, ерекше "химиктер" биін мыңбұралып билеп берді. Кешімізді Гүлжан Бексұлтанқызы қорытындылап, "химик" төс белгісі мен студенттік билеттерді табыстады. Жəне студенттік өмірге аяқ басуларымен құттықтап, жүрек жарды тілегін білдірді . Сонымен қатар 1-курс химиктерінің топ басшыларына да сөз кезегі бұйырып: біліммен бірге қоғамдық, спорттық жақты да қатар алатындықтарын; жаратылыстану-география факультетінің атын тек жақсы жағынан биік шыңдарға жеткізетіндіктерін мақтанышпен айтты. 1-курстың алған əсерінен бұл күн студенттік өмірдің жарқын естелігі болып қалатыны сөзсіз.