«Go-географы» 1 курс географтарын студенттер қатарына қабылдау

       Қазанның 14-і күні жаратылыстану- география факультетінің 1 курс географтарына арналған 4 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Go- географы» атты мерекелік шара өтті. Концерт студенттік өмірдің қызықты сәттерін баяндайтын бейнероликпен басталды.Кейін факультетіміздің тарихымен және де болашаққа бағдар беріп, бізге білім нәрімен сусындатқан ұлағатты ұстаздарымызбен таныстырдық.Концерт барысында 1 курс студенттері мен кураторлары арасында қызықты ойындар ойнатылып, қоңыр дауыста гитараның сүйемелдеуімен орындаған ән мерекенің сәнін келтірді. Белсенділік танытқан студенттерді алғыс хатпен марапаттап,біздің ізімізді жалғастырушы 1 курс студенттеріне білім кілтімен қоса, студенттік  билет тапсырылды.