Спорт-денсаулық кепілі!

Əрбір адам спортпен айналысу керек. Өйткені спортпен үнемі айналысқан адамның дені сау, көңіл-күйі көтеріңкі болады жəне денсаулығы жақсарады. Жаратылыстану-география факультеті деканының кубогы үшін волейболдан қазан айының тоғызы күні жарыс өткізілді. Жаратылыстану-география факультетінің студенттік деканы Қонысбаев Абылай сөз сөйлеп жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Бұл жарысқа жалпы 5 команда:

1)Биология мамандығынан-"Бірлік"

2)География мамандығынан-"Галактика"

3)География мамандығынан-"Эверест"

4)Химия мамандығынан-"Химикаттар"

5)2-3 курс студенттерінен құралған-"Еркін команда" қатысты.

Жарыс өте қызықты да,тартысты өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша:

1 орын жəне факультет деканы кубогымен "Бірлік" командасы 

2 орын "Эверест"командасы 

3 орын "Галактика" командалары марапатталды.Ойынға белсене қатысып үздік өнер көрсетіп "Үздік байланыстырушы" атанған химия мамандығының 1 курс студенті Каби Айжарық, "Үздік ойыншы" атанған география мамандығының 1 курс студенті Қуанышов Жанболат, "Үздік шабуылшы" дипломымен Мурзагалиев Тимур марапатталды.