Шынықсаң шымыр боларсың!

      9 қазан күні Орал қаласында ауқымды  велошеру  өтті.Қатысушылар сөрені Жәңгір хан атындағы  БҚАТУ – дан  бастап, мәрені  «Ақжайық» стадионында аяқтады.

      Велошеруге қатысатын адам саны 500 ден астам адам болатыны жарияланды.  Ресми түрде  700 адам қатысты. Жыл сайын  өткізілетін бұл спорттық шараға қатысушылардың саны көбейіп келе жатқаны көңіл қуантарлық жаңалық.       Велошеру Bolashak Bike Ride  тақырыбымен  «Болашақ» бағдарламасының түлектері ұйымдастырған,  барлық жоғары оқу орындарындағы  студенттер мен оқытушылар және де қала жұртшылығы қатысып өз үлесін тигізді.

     Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер  жөніндегі проректор Даришева Түймеш Малбағарқызы университемізге сәттілік, ақ жол тілеп жастарымызды шабыттандыра түсті.  Университетіміздің жалауын желбіреткендер қатарынан: "Серпін-2050" бағдарламасының М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дегі координаторы   Тапаева Жанерке, студенттік ректор Жүсіпқалиев Дулат, БҚМУ студенттер кәсіподақ ұйымының төрағасы Кабдешов Алмаз, Н.Ә Назарбаев атындағы атаулы  шәкіртақы иегері 

     Қошан Гүлдана, 1 курс студенттері:  Мулдаханов Мурат, Қонысбай Ақжарқын, Қойжан Мейіржан,  Гинатуллин Саят   табыла білді.  

     Велошеру  Алматы және Шымкент қалаларында дәл осы уақытта да өткізілді.

     Велошеруден кейін Орал қаласы әкімнің орынбасары  Алтынбек Кайсагалиев     Тәуелсіз Қазақстанның  25-жылдығымен құттықтады.  Қатысушылар арасында мәреде  5 велосипед  ойнатылып, екеуін спортшылар, КазИТУ студенті мен екі халық тұрғыны жеңіп алды.   

    Студенттерімізді тек қана білім мен қоғамдық жұмыс жағынан ғана емес, салауатты өмір салтын дұрыс ұстанып, жыл сайын өткізілетін спорттық шараларға белсене ат салысуға шақырамыз.