Мәдениетіміз жарасқан тату елміз ...

 

“Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып- көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!”

                                                                                                                                               (Н.Назарбаев)

 

       29 – желтоқсан күні  жаратылыстану-география факультетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай “ Мәдениетіміз жарасқан тату елміз” атты мерекелік шара өткізілді.Бұл мерекелік шараға университетімізге академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Ульяновск және Қалмақ мемлекеттерінің студенттері қатыстырылды.

 

Бұл мерекелік шараның басты мақсаты: 

1-Студенттерге, шет ел студенттеріне қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын зұлмат жылдары елінің азаттығын, еркіндігін аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу.Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, Желтоқсан құрбыларын мәңгі есте сақтау

2-Қазақстан Республикасының басты жетістіктерімен таныстыру, патриоттық, отаншылдық сезімін ояту, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу

3-Атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету

4-Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту

5-Қонақ студенттерге қазақтың ұлттық киімдерін, тағамдарын, салт-дәстүрлерін насихаттау 

Мерекелік шара халқымыздың салты бойынша “Шашумен” ашылды. Тәуелсіздік - азаттықтың алтын діңгегі, ұлттық өрлеудің ұлы күші. Тәуелсіз елдің қызы - өжет, ұлы - қайратты, халқы - қаһарман. Қараның да, ханның да рухани өзегі тәуелсіздік.  

Осы  сәні мен салтанаты жарасқан мерекелік шараға Н.Ә.Назарбаев атындағы атаулы шәкіртақы иегерлері Құбайдуллина Райхан, Сақыпкереева Іңкәр және биология мамандығының  Б-15 тобының  студенттері жауапты болып, ұйымдастырды.

        Н.Ә.Назарбаев “Алдымызда асу-асу белдер бар, ұлт жолында ұйтқи соққан желдер бар. Бел де талар, жел де беттен қағар. Бәріне төзу керек, бәріне көну керек, жас ұрпақ!”- деп айтқандай, біздің факультетіміздің  өнерлі қырандары , биология мамандығының I курс студенттері: Мулдаханов Мурат, Ермек Эльвира, Қабешова Әдемі, Қанатқалиева Гүлдана, Қожағалиеа Айымжан, биология мамандығның III курс студенттері: Тлеуова Ақтолқын, Жетесова Аякөз, Ануарбек Света өз өнерлерін көрсетіп, белсене қатысқан болатын.

       Тәуелсіздік – бұл бүгінгі өмір ғана емес, ертеңгі өміріміз – Қазақстанның болашағы, оның мүмкіндіктері мен мақсаттары. Тәуелсіз болу өз тағдырына жауап беру деген сөз. Себебі Қазақстан – біздің ортақ үйіміз, біздің Отанымыз.