Қараша айының 28-і күні жаратылыстану-география факультетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай оздырылған  «Ел бақытын тербеткен – Тәуелсіздік» апталығының «Еркіндігім - елдігім, тәуелсіздік – тендігім» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Мәнерлеп оқу сайысы студенттердің  дүниетанымын дамытуға, өлең сөзге деген қызығушылықтарын арттыруға,  сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға, жастарды отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу және де жас талантты ақындарды анықтау мақсатында ұйымдастырылды. Сайыстың барысында студенттер өздерінің жүректен шыққан өлендерімен қоса, М.Мақатаев, М.Жұмабаев, Қ.Саринның өлендерін ортаға паш етті. Жарыс биология, география және химия мамандығының 1-3 курс студенттер арасында өтті. Кешіміздің қонақтары филология факультетінің студенттері Алпамыс Оралтаев, Мейрамбек Сыдықов және Асланбек Шығыров қатысып, жарысқа қатусушы студенттерге әділ бағаларын  беріп, қазылық етті. Кеш соңында шақырылған қонақтарымыз студенттерге өз өлендерін арнады. Жарыс қорытындысы бойынша: 1-орын Биология мамандығының 1-курс студенті Шаттық Сұңғатова, 2-орын Биология мамандығының 1-курс студенті Гүлнар Утепова, 3-орын география мамандығының 1-курс студенті Ғинатуллин Саят жеңіп алды. Жарыс өте қызықты да тартысты өтті.