Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына байланысты қараша айының 15-сі М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті жаратылыстану-география факультетінің белсенді студенттерінің ұйымдастыруымен факультет аралық "UNIVER-QUEST" ойыны өткізілді.Квест ойындары өткізілген нүктелер:Бас ғимарат, Спорт зал, №2 жатақхана, №7 ғимарат, БҚМУ спорт сарайы, №5 ғимарат, №4 ғимарат, №1 жатақхана, Стелла мемориалдық кешені, Ғ.Тоқай ескерткіші. Берілген тапсырмалар: Қазақстан тарихы мен Университет тарихы және Логикалық сұрақ пен ситуациялық жағдайлар.
Ойын қорытындысы бойынша

1-орын жаратылыстану-география факультеті
2-орын педагогика факультеті
3-орын Тарих,экономика және құқық факультеті марапатталды. Ойын өте қызықты да, көңілді өтті.Қатысушылардың көңілінен шықты.