"Көптілдік" апталығының жабылу салтанаты, 4 қараша күні М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Жаратылыстану-География факультетінде, факультет деканы Г.Н Сүлейменова жəне Миссисипидан келген студентіміз Лавестрдің қатысуымен жоғары деңгейде аталып өтті. Концертіміздің бағдарламасы екі тілде жүргізіліп, 1-курс студенттері белсене өнер көрсетті.