М.Өтемісов атындағы БҚМУ География кафедрасы мектеп оқушылары арасында жеке және командалық түрде «Менің өмірімдегі география» атты ғылыми-зерттеу жобасының кокурсын ұйымдастырады. 

 

 

Зерттеудің негізгі тақырыптары:

• аймақтың физико-географиялық ерекшеліктері (әлем, елдер, облыстар, аудан, елді-мекен);

• аймақтың эконом-географиялық ерекшеліктері (әлем, елдер, облыстар, аудан, елді-мекен);

• Қазақстан Республикасының геосаяси жағдайы (Каспий маңы аймағы, экономикалық аудан);

• туристік кластердің қалыптасуы;

• аймақтың геоэкологиялық мәселелері.

 

 

Конкурс бағдарламасы:

• материалды тапсыру уақыты - 15 наурыз 2016 ж, талапқа сай болмаған жобалар екінші кезеңге жіберілмейді;

• жобаны қорғау күні – 28 наурыз 2016 ж  сағат 14-00  (22 аудитория)

 

Материалды рәсімдеу ережелері:

Конкурстың жұмыс тілі – қазақ, орыс.

Жұмыс материалы мына тақырыптар негізінде жасалуы қажет: кіріспе (өзектілігі, зерттеудің мақсат-міндеттері ), негізгі бөлім, нәтижені талдау және сараптау, қорытынды, әдебиеттер тізімі.

Зерттеу жұмысының көлемі – 10- 15 бет, А4 форматты, жоғарғы, төменгі және оң жақ жиегі – 2,5 см, сол жақ жиегі – 3 см, тақырып атауы – 16, аралық интервал – 1,5 шрифт көлемі – 14, Times New Roman. Баяндамаға міндетті түрде презентация болуы қажет. 

Жобаға аталған тақырыптардан  басқа қазіргі географиялық мәселелерді қамтитын жобаларда қабылданады. 

Ғылыми-зерттеу жобасы 15 наурызға дейін мына мекен-жайға тапсырылуы қажет: Орал қаласы, Достық даңғылы 121,  оқу корпусы №5 жаратылыстану-география факультеті 21 кабинет Хаируллина Айнур Кенжалиевна. 

Байланыс тел: 50-35-49 (география кафедрасы)

Көрсетілген уақыт мерзімінен кейін келген жұмыстар қарастырылмайды.