Жаратылыстану-география факультеті

 

 

    Декан: биология ғылымдарының кандидаты, БҚМУ доценті Қайсағалиева Гүлжахан Смаиловна

 

Оқу ісі жөніндегі  деканның орынбасары: аға оқытушы, магистр Жароева  Алия Ғинаятовна   

 

  

Тәрбие ісі жөніндегі деканның орынбасары: аға оқытушы, магистр Айманова Ерсін Ерденовна 

 

Факультет хатшысы:  Сарсенгазиева Асият Каиржановна

 

Факультеттің мекен-жайы: Достық даңғылы 121, 12 каб

Телефон: 8(7112)50-35-49, 8(7112)260373

 

Миссиясы: қоғам мен мемлекеттің сұранысына сәйкес әрекет ете алатын мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру, жаратылыстану ғылымдары бойынша қалыптасқан интеллектуалдық, ақпараттық және материалдық ресурстарды пайдалану.

 

Мақсаты: студенттерге жоғары сапалы кәсіби білім беру, тәрбиелеу және тұлғалық дамуын жүзеге асыру.

 

Негізгі қызмет бағыттары:

- жаратылыстану-география мамандықтары бойынша құзыретті-бағдарлы бакалаврлар мен магистрлар даярлау,

- оқыту үдерісінде инновациялық ғылыми-педагогикалық әдістерді пайдалану;

- студенттер мен магистранттарды ғылыми ізденіс жұмыстарына белсенді қатыстыру;

- кәсіби бағдар жұмысының аясында кафедра филиалдарының қызметін ұйымдастыру және жетілдіру;

- экология және сапа менеджменті саласының саясатын жүзеге асыру.

 

Жаратылыстану-география  факультетінің кафедралары:

 

  1. Биология және экология кафедрасы;

 

  1. География кафедрасы;

 

  1. Химия кафедрасы.

 

Жаратылыстану-география факультетінің тарихы. 1932 жылы М.Н.Покровский атындағы екінші қазақ педагогикалық институтының «Биология» бөлімі болып құрылады.

1935 жылы факультет жанынан мұғалімдер институтының жаратылыстану-география бөлімі ашылады.

1938 жылы биология факультеті «Жаратылыстану факультеті» болып өзгертілді, факультеттің деканы болып б.ғ.к. М.И.Аунапу тағайындалады. Химия  кафедрасы құрылып, кафедра меңгерушісі М.И.Козловская және ботаника кафедрасы – кафедра меңгерушісі қызметін В.В.Иванов атқарады. Мұғалімдер институтының жанынан жаңа география факультеті құрылады. В.В.Ивановтың жетекшілігімен ботаникалық алаң жасалады. Сонымен қатар өсімдіктер коллекциясы жинақталып, екі оранжерея және бір метеостанция жұмыс істей бастайды.

1939 жылы жаратылыстану кафедрасы үшке бөлінеді: ботаника (кафедра меңгерушісі В.В.Иванов), зоология (кафедра меңгерушісі А.Р.Штамм), адам және жануарлар физиологиясы (кафедра меңгерушісі М.И.Чушкин).

1941 жылы Ұлы Отан соғысына факультет деканы М.И.Аунапу, қызметкерлері мен оқытушылары А.А.Джадралиев, В.Н.Кочанов, В.В.Иванов, Г.Е.Москалев және тағы басқалары майданға аттанады. Факультет кафедралары жаратылыстану ғылымдары кафедрасына біріктіріліп, оны доцент Е.М.Фомина, кейін 1943 жылы майданнан қайтқан В.В.Иванов басқарады. Бұл кафедра 1946 жылға дейін жұмыс жасайды.

1946 жыл қайтадан үш жетекші кафедра жабдықталады: зоология, химия және ботаника. Факультет жаңа кадрлармен (зоология кафедрасы ғылым кандидаты К.Е.Некрашевич, И.В.Смирнова, профессор С.Д. Сидоряк, химия кафедрасы М.В.Родина, К.Д.Нұрмағамбетов) толықты. География кафедрасы қайтадан екіге бөлінеді: география (кафедра меңгерушісі Г.Е.Москалев) және геология (кафедра меңгерушісі М.Е.Ревнивых).

1951 жыл екі факультет жаратылыстану-география факультетіне бірігеді. 1951-1968 ж.ж. аралығында зоология кафедрасын б.ғ.к., доцент А.А.Цыганков басқарады, оның жетекшілігімен жануарлардағы кокцидоз ауруына ғылыми зерттеу жұмысы жүргізіледі. 1954 жыл күндізгі және сырттай оқитын мұғалімдерді даярлау 2 бағытта жүреді: биология-химия және биология-география. 1955 жыл география кафедралары бір кафедраға бірігеді. Оны профессор М.В.Фремд басқарады, ал 1961–1968 жылдар аралығында доцент Г.Е.Москалев жетекшілік етеді.

1957 жыл оқу жоспарының және химия кафедрасының оқу пәндерінің санының өзгеруіне байланысты химия кафедрасы ботаника кафедрасымен бірігеді. Кафедра «Ботаника және химия» деп аталды, жетекшісі болып профессор В.В.Иванов тағайындалады.

1961 жылы кадрлардың ғылыми деңгейін жоспарлы түрде даярлау үшін 1961 жылы «Ботаника» мамандығы бойынша (ғылыми жетекшісі В.В.Иванов) аспирантура ашылады.

1964 жылы «Экономикалық география» (жетекшісі Г.Е.Москалев) мамандығы бойынша аспирантура ашылады. Факультеттің алғашқы аспиранттары мен түлектері – А.З.Петренко (ботаника кафедрасы) және А.Я.Парфенова (география кафедрасы) болады.

1965-1968 ж.ж. факультетті п.ғ.к. Л.Г.Завадская басқарады.

1967-1980 ж.ж. осы жылдар аралығында «Экономикалық география» кафедрасында Г.Д.Сарсенгалиев, К.Т.Турашев, Л.И.Казакова, Л.Н.Ильина, Н.Н.Ульянова, Д.М.Чернышев жұмыс жасайды. Кафедра жаңа жас оқытушылармен толығады: А.Г.Ғалымов, Т.А.Терещенко, В.И.Амельченко. Кафедра меңгерушісінің жетекшілігімен физикалық географияны В.И. Воропинов (1968-1970 ж.ж.) және К.А. Ли (1970 – 1980 ж.ж.) жетекшілік етеді, кафедра құрамында – А.Я.Парфенова, Н.П.Труфанов, Л.Ф.Ахова, Т.Н.Волныцева, З.Г.Мухтарова, З.Г.Воробьева, К.Т.Мазницына болады.

1968 жылы факультет деканы болып А.З.Петренко тағайындалады.

1973-1979 ж.ж. факультетті институт ректоры қызметіне ауысқанша Е.А.Агелеуов басқарады.

1985 жылы факультеттің алты кафедрасы ботаника, химия, география болып 3 кафедраға біріктіріледі.

1987-1992 ж.ж. факультет деканы болып Е.Б.Байшағанов тағайындалады. Одан кейінгі жылдары факультет деканы А.Б.Бақтыгулов (1992 – 1993 ж.ж ), Л.А.Байдулова (1993 – 1994 ж.ж.), П.В.Дебело (1995 – 1997 ж.ж.), М.Н.Панкина (1997-1999 ж.ж.), 1999-2000 ж.ж. С.К.Рамазановтар болды.

2005 жыл М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің, жаратылыстану факультеті педагогикалық институттың «Жаратылыстану» бөлімі болып қайта құрылады.

2012 жылдан бері факультетте биология және экология, география және химия кафедралары жұмыс жасайды.

Жаратылыстану-география факультетінің бүгіні. Қазіргі кезде заманауи талаптарға жауап беретін экология мен биогеохимия сараптау зертханасы,  химия, биология, география оқу зертханалық кабинеттері жабдықталып, оқу үдерісінде қолданылады. Факультетте профессорлар: Д.К.Мендалиева, Т.Е Дарбаева, доценттер: Н.К.Череватова, Т.А.Терещенко, А.У.Утаубаева, М.А.Галимов сияқты ғалымдар қызмет етеді. Студенттер оқытушылардан тәлім-тәрбие алып, үнемі өз білімдерін жетілдіруге тырысады. Студенттер университеттің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысады. Атап айтқанда, студенттік клубтарда домбыра тартуды, би түрлері бойынша түрлі топтармен билеуді үйренеді, «Жасыл ел» және құрылыс жасақтарында мүше болып, белсенділік көрсетеді Студенттік декандар  оқу-тәрбиелік және спорттық шараларды ұйымдастыруға қатысады. Факультет студенттері жыл сайын «Студенттер қатарына қабылдау», «Үздік студент-педагог конкурсына», «Студенттік көктем», спорттық спартакиада секілді университеттік шараларға қатынасып, жүлделі орындарды жеңіп алады. Факультет өзінің қазіргі студенттерімен ғана емес, И.Тасмағамбетов, Е.Тарасенко, Ө.Куспанов, О.Жумаханов, т.б. түлектерімен де мақтана алады.

Факультет кафедраларының ғылыми-зерттеу жұмысы:
- Қазақстан Республикасының ҒЗО, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, алыс және жақын шетел (ҚР БҒМ ОБИ ботаника және фитоөнім Институты, зоология Институты, физиология Институты, РҒА ботаника Институты, Мадрид ботаникалық бағы) ғылыми орталықтармен;
- жақын шетел ЖОО-мен (Мәскеу, Самара, Санкт-Петербург, Волгоград, Саратов, Орынбор);
- алыс шетел ЖОО-мен (Германия, Польша, Турция, АҚШ) байланыс арқылы дамып отыр.

Жоба мен келісім шарт жұмысқа қатысу мына бағыттарда жүзеге асырылады:
- ҚПО контрактылық жұмыстар;
- ООС Министрлігі;
- ҚР білім және Ғылым Министлігі;
- ҚР ауыл шаруашылығы Министрлігі;
- Испания, Германия, Ресей, Литва, Украина және Белоруссия ғалымдарымен бірге Орал өңірі өсімдіктер мен жануарлар дүниесін зерттеуге арналған халықаралық экспедициясы.

Факультет оқытушыларының баяндамалары мен мақалалары конференциялар мен ғылыми-зерттеу журналдарында жарияланып тұрады.

Қазіргі кезде жаратылыстану-география факультетінде бакалавриат мамандықтары бойынша студенттерді дайындау төмендегі бағыттарда:
5В011200 – Химия
5В060600 - Химия
5В072000 - Органикалық емес заттардың химиялық технологиясы
5В072100 - Органикалық заттардың химиялық технологиясы
5В011600 - География
5В060900 - География
5В011300 - Биология
5В060800 - Экология
магистратура мамандықтары бойынша:
6М011200 - Химия
6М011600 - География
6М060800 - Экология
6М060700 - Биология