Жаратылыстану-география факультеті университет құрылған 1932 жылдан бері жұмыс жасап келе жатырған ең алғашқы бөлімдердің бірі. Факультет құрамындағы 3 кафедрада (биология және экология, география, химия), экология және биогеохимия сынақ зертханасында, экология және биотехнология мен химиялық зерттеу және технологиялар ғылыми орталығында  65 оқытушы: 3 ғылым докторы, профессор (Д.К. Мендалиев, Т.Е. Дарбаева, А.А.Чибилев); 1 ғылым кандидаты, профессор (М.М. Фартушина); 16 ғылым кандидаты, доцент, 7 ғылым кандидаты, аға оқытушы; 12 аға оқытушы; 27 магистр және оқытушылар жұмыс жасайды.

Бакалавриат
5В011300 – «Биология» мамандығы

Мамандану: 1.Биология және химия; 2.Биология; 3.Биология және ағылшын тілі;
Түлек биология мамандығы бойынша білім беру бакалавры академиялық дәрежесін алады. Біліктілігі – биология пәнінің мұғалімі. Оқу мерзімі – 4 жыл.
Қызмет жасау саласы:
•    білім беру (орта мектептерде, лицей, гимназия, колледжде биология пәнінің мұғалімі қызметінде);
•    басқару (білім беру, әкімшілік, көгалдандыру жұмыстарын ұйымдастыру, экология бөлімдерінде қызмет жасау);
•    ғылым саласы (саласы бойынша ғылыми – зерттеу ұйымдарында: экология, генетика,  молекулалық биология, биотехнология және т.б.)
Таңдау пәні – биология.
5В011300-«Биология» мамандығы бакалаврының кәсіби қызметінің бағыты:
Кәсіби іс – әрекетінің бағыты оқу барысында алған жалпы біліміне тура келеді: демек жалпы білім беретін, базалық және кәсіптендіру пәндері бойынша алған білімдері түлектердің
•    педагогикалық;
•    ғылыми-зерттеу жұмыстарында және басқару ісінде;
•    жобалау іс-әрекетінде кәсіби қызметтерін орындай алатынын анықтайды.
Магистратура 6М060700-«Биология» - 2 жыл, 6М011300 – «Биология» - 1,5 жыл.

Бакалавриат
5В060800 – «Экология» мамандығы

Мамандану:  1.Биоэкология;   2.Өндірістік экология;
Түлек экология бакалавры академиялық дәрежесін алады. Оқу мерзімі – 4 жыл.
Қызмет жасау саласы:
•    өндірістік;
•    басқару;
•    ғылыми-зерттеу және білім беру;
•    мониторингтік экологиялық қызмет;
•    қоршаған ортаның сапасын бақылау және адам денсаулығы
Таңдау пәні – биология.
5В060800–«Экология» мамандығы бакалаврының кәсіби қызметінің бағыты:
•    Қоршаған орта күйіне қауіп төндіретін нысандарды бақылау, қызметін жоспарлау, ұйымдастыру және басқару;
•    Табиғи орта нысандарына экологиялық баға беру үшін қажетті мәліметтер жинау және талдау;
•    Экожүйелердің тозуы мен шөлденудің алдын алу және биологиялық алуантүрлілікті сақтау мақсатымен табиғи орта сапасын нормалау үшін практикалық ұсыныстар жасау;
•    Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
•    Табиғатты тиімді пайдалану бойынша жаңа экологиялық әдістер мен технологияларды енгізу;
•    Орта және арнайы оқу мекемелерінде оқу процесін ұйымдастыру;
•    Халықтың әртүрлі топтарына экологиялық тәрбие мен білім беру;

Магистратура 6М060800-«Экология» - 2 жыл.

Бакалавриат
5В011600-«География» мамандығы

Мамандану:  1.География және жастар туризмі; 2.География және биология;
Түлек география бакалавры академиялық дәрежесін алады. Оқу мерзімі - 4 жыл.
Қызмет жасау саласы:
•    Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу ұйымдары;
•    Бастауыш, негізгі және бейіндік мектептер;
•    Мамандандырылған мектептер;
•    Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары болып табылады;
•    Мектепте география және биология пәнінің мұғалімі;
Таңдау пәні – география.
5В011600–«География» мамандық бакалаврының кәсіби қызметінің бағыты:
•    Білім беру ұйымдарында география және биология пәнін кәсіби қызмет нысанына сәйкес оқыту;
•    География, биология бойынша сыныптан тыс жұмыстар өткізу;
•    География, биология пәні бойынша тәрбие жұмысын өткізу болып табылады;
•    Білім беру мекемелерінде (мектеп, гимназия, лицей, колледжі және т.б.) география, биология пәнінің мұғалімі және туристтік-өлкетану жұмысын ұйымдастырушы қызметін орындауы;
•    Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді оқып-білуі;
•    География және биология бойынша білім беру саласындағы озық педагогикалық тәжірибелерді қолдануы;
•    Педагогикалық эксперимент өткізу, оның нәтижелерін оқу процесіне енгізу.

Магистратура 6М011600–«География» - 2 жыл.
Бакалавриат
5В060900–«География»
мамандығы
Мамандану:  1.Мектептегі ағылшын тіліндегі география; 2.География, география және тарих  мектепте.
Түлек география бакалавры академиялық дәрежесін алады. Оқу мерзімі – 4 жыл.
Қызмет жасау саласы:
•    Жобалау, ғылыми-ізденіс мекемелері;
•    Іргелі, ғылыми қолданбалы және географиялық жобалар;
•    Табиғатты қорғау органдары мен табиғатты пайдалану басқармасы;
•    Қоршаған ортада зкологиялық-географиялық мониторинг өткізу;
•    Білім беру мен туристік қызмет көрсету;
•    Білім беру мекемелерінде (мектеп, гимназия, лицей, колледжі және т.б.) география, тарих пәнінің мұғалімі;
•    Мектепте ағылшын тілінде география пәнінің мұғалімі.
Таңдау пәні – география.
5В060900–«География» мамандығы бакалаврының кәсіби қызметінің бағыты:
•    Жобалау, ізденіс өткізу, ғылыми институттар, туристік бюролар мен фирмалар т.б.;
•    Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің табиғатты қорғау  органдары мен табиғатты пайдалану басқармасы;
•    Жалпыға білім беру мектептері мен арнайы оқу орындары;

Бакалавриат
5В011200–«Химия»
мамандығы
Мамандану:  1.Ағылшын тілін меңгерген химик;  2.Биология;
Түлек химия мамандығы бойынша білім беру бакалавры академиялық дәрежесін алады. Біліктілігі – химия пәнінің мұғалімі. Оқу мерзімі – 4 жыл
Қызмет жасау саласы:
•    5В011200 – Химия мамандығы бойынша білім бакалавры өзінің кәсіби қызыметін білім беру саласында атқарады.
Таңдау пәні – химия
5В011200 – «Химия» мамандық бакалаврының кәсіби қызметінің бағыты:
Кәсіби іс-әрекетінің бағыты оқу барысында алған жалпы біліміне сәйкес келеді: демек жалпы білім беретін, базалық және кәсіптендіру пәндері бойынша алған білімдері түлектердің:
•    Білімділік;
•    Эксперименттік зерттеу;
•    Ұйымдастыру-басқару;
•    Әлеуметтік – педагогикалық;
•    Оқу – тәрбиелік;
•    Оқу – технологиялық.

Магистратура «6М011200-Химия» - 1,5 жыл, 2 жыл.

Бакалавриат
5В060600 – «Химия»
мамандығы
Мамандану: Химия және шет тілі;
Түлек химия бакалавры академиялық дәрежесін алады. Оқу мерзімі – 4 жыл
Қызмет жасау саласы:
•    Химиялық;
•    Металлургиялық;
•    Мұнай-химиялық;
•    Фармацевтік.
Таңдау пәні – химия
5В060600–«Химия» мамандық бакалаврының кәсіби қызметінің бағыты: химиялық, металлургиялық, мұнай-химиялық, фармацевтік өнеркәсіптер салалары, білім беру, ғылым және экология болады.
5В060600–«Химия» мамандығы бойынша дайындалған бакалавр келесі кәсіптік қызмет түрлерін орындай алады:
•    Ұйымдастыру – технологиялық;
•    Ғылыми – зерттеу;
•    Өндірістік – басқару;
•    Білім беру, (педагогикалық).

Баклавриат
5В072100–«Органикалық заттардың химиялық технологиясы»
мамандығы
Мамандану: Химия және шет тілі;
Түлек органикалық заттардың химиялық технологиясының бакалавры академиялық дәрежесін алады. Оқу мерзімі – 4 жыл
Қызмет жасау саласы:
•    Технолог;
•    Химик технолог;
•    Техник-технолог
•    Шебер-технолог;
•    Маман;
•    Орта арнайы оқу орындарының оқытушысы
Таңдау пәні - химия
5В072100–«Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша бакалаврлар мынадай кәсіби қызмет түрлнрін атқара алады:
•    Ұйымдастыру – технологиялық;
•    Өндірістік – басқару;
•    Жобалау;
•    Ғылыми-зерттеу;
•    Білім беру «ұстаздық)

Баклавриат
5В07200–«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы»
мамандығы
Мамандану: Химия және шет тілі;
Түлек бейорганикалық заттардың химиялық технологиясының бакалавры академиялық дәрежесін алады. Оқу мерзімі – 4 жыл
Қызмет жасау саласы:
•    Технолог;
•    Инженер;
•    Химик технолог;
•    Техник-технолог
•    Шебер-технолог;
•    Маман;
•    Орта арнайы оқу орындарының оқытушысы
Таңдау пәні - химия
5В072000–«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша бакалаврлар мынадай кәсіби қызмет түрлнрін атқара алады:
•    Өндірістік – технологиялық;
•    Ұйымдастырушылық– басқарушы;
•    Есептік, жобалау,конструкторлық;
•    Сервистік –экплуатациялық;
•    Монтаждық – келтірушілік.