Факультеттің аға оқытушысы, биология магистрі С.А.Кажиахметов жаратылыстану-география факультетінің «Жас ғалымдар» Кеңесінің төрағасы міндетін атқарады.  Сонымен қатар, «БҚМУ Жас ғалымдар» кеңесінің мүшелегінде.

Факультет оқытушылары түрлі деңгейлік көлемде ұйымдастырылатын мектеп және қосымша білім беру ұйымдарына дәріс сабақтарын, шеберлік класстарын өткізу, жарыстар ұйымдастыру т.б. белсенді қатысады.

2013 жылдың қаңтарында оқытушы Б.Ж. Жангазиева 9-11 сынып оқушылары арасында биологиядан Республикалық олимпиаданың облыстық этапында және «Дарын» базасында ұйымдастырылған оқушылардың ғылыми жобалар конкурсына,  оқытушы С.Н.Бохорова мектептен тыс жұмыс орталығы ұйымдастырған «Открывая мир науки» конкурсында қазылар алқасы мүшесі ретінде қатысты. 2013 жылдың 19 қарашасында  «Экологиялық-биологиялық бағыттағы қосымша білім беру мекемелеріндегі басты құзіреттіліктті тиімді қалыптастырудың жаңа технологиялары» тақырыбына республикалық тыңдаушыларына арналған біліктілікті арттыру курсында оқытушылар Б.С.Альжанова, М.В.Мамышева, К.Б.Булатова дәріс оқыды.

Факультетіміздің оқытушысы Б.У.Беккалиев 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап «БҚО Жас ғалымдар кеңесі» ҚБ төрағасы болып тағайындалды. Осы қызметі барысында «Тіл-татулық тұтқасы» атты облыстық тіл фестивалі аясында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты өзге ұлт жастары арасындағы қазақ тілін білу деңгейінің байқауы мен «Тура би төреліктері» атты облыстық интеллектуалдық, танымдық байқауын өткізді.

Сонымен қатар, облыстың жастарын ғылымға тарту мақсатында Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Біз – болашақтың қуатымыз» атты жастар арасындағы инновациялық және серпінді жобалардың республикалық байқауын ұйымдастырды.

Жаратылыстану-география факультетінің студенттерін ғылымға тарту бағытында жұмыс студенттік ғылыми қоғам жұмыс жасауда. Студенттік ғылыми қоғам төрағасы болып «География» мамандығының 1 курс студенті Сапарбаев Ж. тағайындалды. Жыл басында қоғамның жоспары құрылып, сол бағыттар бойынша жұмыстар атқарылуда. Жалпы мүшелігінде студенттер саны артуда. Университет көлемінде ұйымдастырылатын ғылыми шараларда белсенділік танытуда, оған мысал ретінде өткен «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында өткен ғылыми конференцияда факультет студенттерінен бірнеше баяндама жасалды. Сонымен қатар, 2013 жылдың қараша айында өткен «БҚО Жас ғалымдар Кеңесі» ҚБ ұйымдастыруымен өткен «Біз – болашақтың қуатымыз» атты жастар арасындағы инновациялық және серпінді жобалардың республикалық байқауына екі жоба дайындалып, оның «География» мамандығының 1 курс студенті Сапарбаев Ж. (ғылыми жетекшісі оқытушы Тургумбаев А.А. ) жобасы жүлделі 2 орынмен марапатталды. БҚО Қаржы полициясының ұйымдастыруымен өткен республикалық ғылыми-практикалық конференциясында «География» мамандығының 1 курс студенті Сапарбаев Ж. «үздік ғылыми баяндама» жасағаны үшін 1 орынмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен өткен «үздік студенттік топ» атты байқауда География мамандығының 4 курс тобы «үздік» атанды. Бұл байқауда негіздеме ретінде сол топ студенттерінің ғылыми шараларда белсенді қатысып, жүлделі орындармен марапатталуы.

Жаратылыстану-география факультетіне қарасты кафедралар жанында  ғылыми үйірмелер жұмыс жандануда. Ғылыми үйірмелер құрамындағы студенттер ұйымдастырылатын түрлі ғылыми шараларда жобалары мен баяндамаларымен қатынасуда.

Жаратылыстану-география факультетінің студенттік ғылыми үйірмелері

 

Ғылыми үйірменің атауы

Кафедра

Жетекші

Студенттер саны

1

«Биология және экология»

Биология және экология

Оқытушы Ихласова Ж.М.

64

2

«Валелогия және физиологоия»

Биология және экология

Б.ғ.к., доцент Л.Н.Завадская

58

3

«Ботаникалық»

Биология және экология

Оқытушы Жамалиева Л.С.

30

4

Менделеев Мұрасы

Химия

Амангосова М.Г.

37

5

«Геология» үйірмесі

География

Ходжанова Б. Х.

35

Жалпы факультетте бес ғылыми үйірме жұмыс жасайды. Олар факультеттің биология және экология кафедрасы жанындағы биология және экология үйірмесінің мақсаты өңірдің шаруашылық әрекеттерінің қарқын алуына байланысты БҚО-ң аймақтық мәселелерін зерттеу. Міндетітабиғи экожүйелерді ластайтын негізгі агенттерді анықтау, су және жер үсті экожүйелерін ластайтын негізгі көздерді табу, экожүйелердің экологиялық жағдайын және жануар әлемінің алуантүрлілігін зерттеу. Ботаникалық үйірме мақсаты кафедрада өткізілетін пәндер, соның ішінде өсімдік экологиясы, өсімдік физиологиясы, генетика, табиғатты тиімді пайдалану, ботаника пәндері бағытында студенттердің білімін тереңдету, ғылыми-зерттеу жұмысына дағдыландыру. Міндеті студенттердің қызығушылығын, жан-жақтылығын арттыру, туған өлкеге деген сүйіспеншілігін ояту, өсімдік физиологиясы, өсімдік экологиясы пәндерінен қолданбалы мәселелерді қарастыру. Валеология және физиология үйірмесінің мақсаты студенттердің, оқушылардың денсаулық жағдайларының нашарлауына байланысты студенттердің салауатты өмір салтына мотивациясын арттыру. Міндеті денсаулық резервтерін зерттеу, денсаулықты нығайту, сақтап тұру тәсілдерін меңгеру, студенттерді СӨС-на тарту.

Химия кафедрасы жанындағы  «Менделеев мұрасы» үйірмесінің мақсаты студенттерді облыстық, республикалық әдістемелік-ғылыми жобаларға, әртүрлі деңгейдегі конференцияларға, семинарларға, олимпиадаларға қатыстыру; ғылымға, білімге деген қызығушылығын арттыру. Үйірмеде бекітілген жоспар бойынша белгілі дәрежеде жұмыстар жүргізілді.

География кафедрасы жанындағы «Геология» үйірмесі мақсаты облысымыздың тектоникасы, жере бедері, геологиясы туралы терең мағлұматтар беру, Қ.И. Сатпаев еңбектерімен таныстыру. Оқушылар мен студенттерге БҚО-ның географиялық жағдайы, геологиясы, жердің дамуындағы  тарихи кезеңдер, жердің дамуындағы мұз басу  кезеңіне анықтама беру, динамикалық геология ғылымының зерттеу нысаны анықтау, геохроникалық кесте кезеңдерін анықтау болып табылады