Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының табиғат және экология бөлімі Республикалық маңызы бар Кирсанов зоологиялық қорығына экспедиция ұйымдастырған болатын ,экспедиция құрамына 6М060800 Экология мамандығының 2 курс магистранттары:Беркалиева А. А., Есенжолова Б. Б., Утегалиева Р. Б., Мухитова Ж. С. қатысты.

Экспедиция 2019 жылы 20 қыркүйекте "Батыс Қазақстан облысының қорықтары мәселелері"экологиялық жобасына сәйкес жастар жылы аясында ұйымдастырылды. Экспедиция барысында магистранттар доцент, г.ғ.к. С.К.Рамазанов жетекшілігімен Кирсанов қорықшасының географиялық орналасуын, флорасы мен фаунасын зерттеді.