ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!!

Uralsk Green Forum» ІІІ Халықаралық экологиялық форумы

6 маусым 2019 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті жаратылыстану-география факультетінің студенттері Батыс Қазақстан облысында «Қарашығанақ Петролеум оперейтинг Б.В.» компаниясының ұйымдастыруымен өткен «Uralsk Green Forum» ІІІ Халықаралық экологиялық форумында «Инновациялық экологиялық идеялар байқауына» қатынасып, жүлделі орындарға ие болды. «Uralsk Green Forum» ІІІ Халықаралық экологиялық форумының биылғы тақырыбы «Жаңа экологиялық кодекс және жасыл экономиканың дамыту» бағытында өтті. Форым аясында Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаттары ҚР жаңа Экологиялық кодексінің жобасын талқылайтын Комитеттің отырысы өтті.

Байқау қортындысы бойынша «Модернизация алюминиевых воздушных батарей для промышленной рентабельности» жоба атауымен Химия мамандығының 3 курс студенттері Мадиев Мурат, Сагидуллина Айжан, Орынғалиева Ақжібек ғылыми жетекші оқытушы, магистр Нурмукашева Аэлита Джангельдыевна ІІ жүлделі орын мен 200000 теңге ақшалай жүлде алса, «Мұнай қалдықтарын брикеттеу әдістерін зерттеу» жобаның атауымен Химия мамандығының 4 және 2 курс студенттері Әбдіқайым Аружан, Амандыкова Гулпатшайым, ғылыми жетекші оқытушы, магистр Кусаинова Бакытгуль Махамбетовна ІІІ жүлделі орын мен 150000 теңге ақшалай жүлде ие болды.

Жүлделі орын алған студенттер мен жетекшілерне алғыс білдіріп, жұмыстарына табыс, оқуларына сәттілік тілейміз.