Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Жаратылыстану – география факультеті

«Биология және экология» кафедрасы

5В011300-«Биология» мамандығы 01403, 01404, 01405, 01406, 01407, 1408 топтарының педагогикалық практика есебі

 

 

 

Орал – 2018 жыл

 

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

 

 

5В011300-«Биология» мамандығы 01403, 01404, 01405, 01406, 01407, 01408 топтарының педагогикалық практика есебі

(29.01.2018- 07.04.2018ж).

 

«Биология және экология» кафедрасының

педагогикалық сараман жетекшілері:

Ихласова Ж.М., Джангазиева Б.Ж.

 

Орал – 2018 жыл

 

 

5В011300-«Биология» мамандығы 01403, 01404, 01405, 01406, 01407, 01408 топтарының педагогикалық практика есебі

Дайындық жұмыстар

5В011300-«Биология»мамандығы бакалавр мемлекеттік оқу стандарты бойынша өтілетін курстар және элективті пәндерді оқу барысында, студенттер мамандығына сай теориялық білімді толық меңгерді, мектептің оқу-тәрбие үрдісінде қоданыс тапқан оқытудың әдіс-тәсілдері және оқытудың жаңа технологиясы материалдарын меңгеріп, педагогикалық сараманға дайындық жұмыстары жүргізіледі.

Педагогикалық сараман өтетін Орал қаласының ЖОББ мектептерімен және сұраныс, кепілдік хат бойынша ауыл мектептерімен келісім-шарт жасалды. Бұл мектептердің материалдық-техникалық базасы, биология кабинеттері бүгінгі білім беру талабына сай жабдықталған, оқу-әдістемелік, ғылыми және электронды баспалармен қамтылған кітапханалары бар. Биология кабинеті интерактивті тақта және биология пәні бойынша көрнекілік құралдар, дидактикалық материалдармен толық қамтылған, жоғары және бірінші санатты пән мұғалімдері педагогикалық сараманды жоғарғы деңгейде өткізуге барлық жағдай жасалынған.

Педагогикалық сараманды ұйымдастыру жұмыстары

Педагогикалық сараманның тұрақтандыру конференциясы 2017 жыл 11 қаңтарда өткізілді. Конференцияға 01403, 01404, 01405, 01406, 01407, 01408 топ студенттері, биология пәні, тәрбие жұмысы, мектеп гигиенасы әдіскерлері мен кафедра оқытушылары қатысты.

Конференцияда:

1. Педагогикалық практиканың “5В011300-Биология” бакалавр мамандығын дайындау процесіндегі орны, сараманның мақсаты, міндеті - педагогикалық практика жетекшісі - аға оқытушы Ж.М.Ихласова

2. Биология сабақтарының түрлері, типтері, өткізу әдістері және бүгінгі қойылатын талаптар - аға оқытушы, әдіскер Бисенгазиева А.С.

3. Педагогикалық практика кезінде жүргізілетін ғылыми – ізденіс жұмыстар - аға оқытушы, әдіскер Б.Ж.Джангазиева

4. Мектеп гигиенасы - әдіскерлері: БҚМУ-нің аға оқытушылары Болатова Қ.Б. Кажиахметов С.А., Габдулов Б.Г.

5. Педагогикалық практика барысында сынып жетекшісінің көмекшісі ретінде жүргізілетін тәрбие жұмыстары - “Жалпы педагогика және психология” кафедрасының аға оқытушысы, магистр, әдіскер Доскалиева Р.Б.

6. Студент-практиканттардың педагогикалық практика жоспары, құжаттары –әдіскерлер – аға оқытушы, магистр Жароева А.Ғ

7. Педагогикалық практиканы қорытындылау (бағалау), сараман өтетін мектептер және әдіскерлерді тағайындау туралы қызметтік жазбамен таныстыру – педагогикалық практика жетекшісі - аға оқытушы Ж.М.Ихласова

Конференцияда кафедраның педагогикалық практика жетекшісі Ж.М.Ихласова және әдіскерлер жоғарыдағы сұрақтар бойынша студенттерге ақпарат берді, мектепте сараман кезінде машықкер–студенттердің сыртқы киімі, тәртібі, міндеттеріне тоқталды.

2017-2018 оқу жылының Жаратылыстану-география факультетінің «Биология» мамандығын бітіретін түлектерді мектепке жұмысқа алатыны туралы кепілдік алып келген студенттер (31), педагогикалық сараман өтуге Қызылорда, Атырау, Мангыстау, БҚО-ның мектептеріне және Орал қаласы №19, 20, 25, 30, 34, 40, 42, 44, 46, 47, Назарбаев зияткерлік мектебі, 7 мектептеріне жоспарланғаны туралы үкіммен таныстырылды.

Мансап орталығынан облыс, аудан мектептеріне баратын студенттер сараман туралы келісім – шарт, бұйрықтың көшірмесі, жолдама алатындары хабарланды.

Сараман аяқталғаннан кейін облыстық, аудандық білім беру басқармасынан университетті бітіргеннен кейін жұмысқа қабылдау туралы сұранысалып келетіндері туралы мәлімдеді.

Конференция соңында студенттердің сұрақтарына жауап берілді.

Конференциядан кейін әдіскерлер бекітілген студенттермен жеке кеңес өткізіп, басқа облыс, аудан мектептеріне баратын студенттерге тапсырма берілді, жоспарлары тексерілді.