XI Республикалық пән олимпиадасында БҚМУ биологтары 1-орынға ие болды

2019 жылдың 18-19 сәуір күндері Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде 5В011300 - "Биология" мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттері арасындағы XI Республикалық пән олимпиадасына еліміздің 17 алдыңғы қатарлы үздік университетінен 17 команда қатысты. Олимпиаданың нәтижесі бойынша М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің командасы жүзден жүйрік танылып, командалық есепте жүлделі I орынды қанжығасына байлады. Жеке есепте жаратылыстану-география факультеті, 5В011300 - "Биология" мамандығының 3-курс студенті Сартаев Алибек II дәрежелі дипломмен марапатталды. Топ жетекшісі биология және экология кафедрасының оқытушысы, магистр Сарсенова Асемгуль Нурсаиновна, топ құрамында Б-32 тобының студенті Сартаев Алибек Еркинұлы мен Б-41 тобының студенті Ақтанова Самал Қалимұратқызы болды.