М.Өтемісов атындағы БҚМУ жаратылыстану-география факультеті жанында  биология ғылымдарының кандидаты, доцент А.С. Ергалиевтың басшылығымен Биотехнология және экологиялық зерттеу орталығы ғылыми жобаларды іске асыру бағытында қызмет атқаруда.

Орталық шеңберінде 15 ақпан 2013 жылғы № 15 келісімшарт негізінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым Комитетінің тарапынан қаржыландыратын бір ғылыми-инновациялық қолданбалы жоба биология ғылымдарының кандидаты, профессор М.М. Фартушинаның жетекшілігімен іске асырылуда. Ғалымның жетекшілігімен «Қарашығанақ мұнай-газ конденсатты кен орны және жақын маңдағы территорияның бұзылған экожүйелерін биологиялық рекультивациялау» тақырыбындағы инновациялық жобаны факультетте іске асыру бойынша ғылыми зерттеулер жүргізілуде. Аталмыш жобаны іске асыруға 2013 жылы 5,0 млн. теңге мемлекеттік бюджеттен жұмсалды. Инновациялық жобаның зерттеу тобы 16 университет ғалымдары мен магистранттардан құралған. Былтырғы жылмен салыстырғанда орталықта іске асырылған ғылыми зерттеу жобалар саны төмендегенімен игерілген қаражат соммасы артты. Айта кетсек, 2012 жылы б.ғ.д., профессор Т.Е. Дарбаеваның жетекшілігімен «Проведение научно-исследовательских работ по определению состояния дубрав» атты ғылыми-зерттеу жобасы 1,9 млн. теңге Батыс Қазақстан облысы табиғатты пайдалану және табиғи ресурстарды реттеу басқармасынан қаржыландырылса,  екінші зерттеу биология ғылымдарының кандидаты, доцент Г.С. Қайсағалиеваның жетекшілігімен «Орал өзені алабының экологиялық жағдайын кешенді зерттеу»  бойынша «Атмосфералық ауаны қорғаудың республикалық ғылыми-зерттеу  орталығы» ЖШС тапсырысымен 1,5 млн. теңгеге орындалды.

Орталық ғалымдарының зерттеулерінің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетіне 2014-2016 жылдарға арналған ғылыми зертеулерді гранттық қаржыландыру байқауына 5 жоба дайындалу үстінде. Ғылыми жобалар тақырыптары төменде көрсетілген:

-  Батыс Қазақстан облысының Жайық өзенінің табиғи экожүйелерін сақтау;
-  Индикаторы опустынивания и основы повышения  продуктивности экосистем;
- Биологический способ воспроизводства плодородия почвы с применением современных комплексных микробиологических препаратов;
- Герефорд табынының генофонын жаңа зауыт жасау жолы бойынша сақтау және одан әрі жетілдіру;
- Солтүстік Каспий маңының құрғақ дала аймағында антропогенді бұзылған топырақтарды қалпына келтіру жүйесін негіздеу.