География кафедрасы мектеп оқушыларымен кәсіби бағдар беру жұмыстарын жоспарға сай жүргізілуде.

Кәсіби бағдар беру — жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы талдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекеті. Кәсіби бағдар беру арқылы оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс, шаруашылық салаларының даму міндеттеріне, оның нарықтық экономика жағдайындағы рөліне сай саналы таңдалып алынған мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеуді қажет етеді.

Кәсіби бағдар берудің негізгі мақсаты жас ұрпақты саналы түрде мамандық таңдауға дайындау, үйрету, сонымен қатар, география пәні арқылы туған жердің қызықты, керемет жерлерімен таныстыру.

2017-2018 оқу жылының құркүйек айында ағымдағы оқу жылына арналған кәсіби бағдар берудің жұмыс жоспары, филиалдарының жұмыс жоспары және жауапты оқытушы тағайындалды.

Жазғы кәсіби бағдар беру жұмысының қорытындысы ретінде 5В01160—География мен 5В060900-География мамандықтарына түскен студенттерді атауға болады. 31 студент күндізгі бөлімде 7 студент сырттай бөлімге оқуға түсті. Өткен жылдың кәсіби бағдар беру жұмысының жақсы қорытындысы ретінде Батыс Қазақстан облысы аудандарынан келген студенттерді атауға болады.

2017 жылдың қыркүйек айында қала және аудан мектептеріне кәсіби-бағдар берумен жұмыс жүргізу үшін кафедра оқытушыларынан құралған тізім жасақталып, бекітілді.

2017 жылдың қараша айының 2 жұлдызында Облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі мен экологиясы орталығында Облыстық білім басқармасының қолдауымен облыстық оқушылар арасында «Жайық-Урал» туристік-экологиялық слеті ұйымдастырылған. Аталмыш шарада география кафедрасы оқытушылары мен магистранттары қазылық алқасы ретінде қатынасты. Қатысушылар «Жайық-Урал», «Орал өңірінің кіші өзендері», «Орал өңірінің жасыл желкені», «Турист өз ағашыңды отырғыз», «Таза ауыл» акциялары бойынша баяндамалар жасады. Аталмыш шара аясында география кафедрасының геология мұражайына, жалпы факультет туралы қатысушыларға таныстыру жұмыстары жүргізілген болатын. Слетке Батыс Қазақстан облысының он ауданынан 40-қа жуық қатынасушылар қатынасқан болатын.

География кафедрасы профессор-оқытушылар құрамы Батыс Қазақстан облысы мен Орал қаласының мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізуде және кафедра филиалдарында жұмыстар атқаруда. Облыстық мектептер бойынша кафедра оқытушылары Теректі ауданының 5 ЖОББМ кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізсе, ағымдағы жылдың 15 ақпанында кафедра меңгерушісі М.А.Галимов жоспар бойынша Зеленов ауданының мектептеріне кәсіби бағдар беру жұмыстарымен іс-сапарда.

Кафедра оқытушылары Н.С.Жармаганбетова мен Р.А.Халелова Орал қ. №8 ЖОББМ кәсіби бағдар беруде

Қалалық мектептер бойынша №1, 8, 21, 23, 40,43,7 жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларымен жұмыс жүргізілуде. Кафедра филиалдары бойынша аталмыш қалалық №40, 43, 7, 21, 23 жалпы орта білім беретін мектеп базаларында әдіскерлер Амельченко В.И., Ходжанова Б.Х., Жармағамбетова Н.С. кафедраның студенттерін педагогикалық сараманнан өткізіп, кафедра жұмыстарымен толық таныстырылуда.

Кафедра аға оқытушысы Б.Х. Ходжанова Орал қ. №10 ЖОББМ кәсіби бағдар беруде

Жоспарға сәйкес, жыл сайын ұйымдастырылатын «Менің өмірімде география» атты облыстық жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында оздырылатын ғылыми-жұмыстар байқауына дайындық жүргізілуде.