2016-2017 оқу жылында Жаратылыстану-география факультеті география кафедрасы 5В011600-География, 5В060900-География мамандықтары бойынша 42 түлек оқу бітірді. Соның ішінде педагогикалық мамандық бойынша 27 түлек (24 қазақ тілінде, 3 орыс тілінде), жаратылыстану мамандығы бойынша 15 түлек (10 қазақ тілінде, 5 орыс тілінде).

5В011600-География педагогикалық мамандығы бойынша жұмысқа орналасқандар саны 19 түлек, оның 2 түлек БҚМУ магистратурасында оқуын жалғастыруда және 1 түлек бала күтіміне байланысты жұмысқа орналаспады.

Жұмысқа орналасқандардың көпшілігі аудандық, ауылдық, қалалық жалпы орта білім беретін мектептерде география пәні бойынша мұғалім, педагог ұйымдастырушы қызметтерінде жұмыс жасауда. Оқуды тәмамдап, бірақ жұмысқа орналаспаған түлектер бойынша ақпаратта 2 түлек (Алдонгаров Е.Ж., Исаева Б.Т.Оңғарбаев Д.Б.) «Жастар практикасы» аясында жұмысқа орналасулары жоспарлануда, яғни құжаттарын тапсырған. 1 түлек Плыговка В.А. басқа елдің азаматы ретінде, оқудың аяқтасымен Ресей Федерациясына оралуына байланысты ақпарат бермеді. 4 түлек (Ещан Н., Жүсіп Ф., Оңғарбаев Е., Рахметова М.) тұрғылықты елді мекендерінде жұмыс болмаған соң, басқа елді мекендерден жұмыс қарастырмағандарын айтуда.

5В060900-География жаратылыстану мамандығы бойынша 15 оқуды бітіруші түлектердің 5 жұмыссыз болып отыр. Жұмысқа орналасқандардың қатарында 1 түлек БҚМУ магистратурасында оқуын жалғастырса, 1 түлек бала күтіміне байланысты жұмыссыз. Жұмысқа орналасқан түлектердің қатарында бұл мамандық бойынша ХҚКО маман, банк саласында менеджер, туризм орталықтарында педагог және ЖОББМ география пәнінің мұғалімі болып қызмет жасауда.

 

5В011600-География

5В060900-География

Бітірген түлек саны

Жұмысқа орналасқаны, %

Бітірген түлек саны

Жұмысқа орналасқаны, %

2016-2017 о.ж.

27

70,4

15

66,7

         

Өткен жылдармен салыстырып қарағанда, кафедраның түлектерінің жұмысқа орналасуы төмен болғанымен, жылдың аяғына дейін түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші артады. Талдау нәтижесінде жыл сайын бітіретін түлектердің жылдың аяғына дейін жұмысқа көпшілігі орналасатыны байқалады.

2017-2018 оқу жылында Жаратылыстану-география факультеті география кафедрасы 5В011600-География, 5В060900-География мамандықтары бойынша 37 түлек оқу бітірді.

 

 

Педагогикалық мамандықтар түлектерінің сандық көрсеткіші

Мамандық шифры

Мамандық атауы

Бітірген студент саны

Мемлекеттік білім тапсырысы

Ақылы

Мемл. білім тапс.

Ауыл квотасы

«Серпін» бағд.

Жаратылыстану-география факультеті

1

5В011600

География

30

1

-

5

24

 

5В060900

География

7

4

-

-

3

     

37

5

-

5

27

2017–2018 оқу жылы барысында мансап орталығы университет басшылығының қолдауымен түлектерді жұмысқа орналастыру мақсатында ұйымдастырған бірқатар шаралардың негізгілері ретінде жұмыс берушілермен өткізілген дөңгелек үстелді, түлектерді таратуды, мансап күнін атап өтуге болады.

Түлектерді жұмыспен қамтудың тиімді жолдарын айқындау және пікір алмасу мақсатында 06.04.2018 ж. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыру: мәселелер мен оларды шешу жолдары» тақырыбында жұмыс берушілер кеңесінің мәжілісі оздырылды.

Педагогикалық мамандықтар бойынша бітірген түлектердің жұмысқа орналасуының сандық және пайыздық көрсеткіші

Мамандық атауы

Бітірген түлектер саны

Жұмысқа орналасқан түлектер саны

Жұмысқа

орналасудың

пайыздық көрсеткіші

 

5В011600 - География

30

30

100

5В011600-«География» мамандығы бойынша бітірген 30 түлектің 30-ы да жұмыспен (100%) қамтылған

Педагогикалық емес мамандықтар бойынша бітірген түлектердің жұмысқа орналасуының сандық және пайыздық көрсеткіші

Мамандық атауы

Бітірген түлектер саны

Жұмысқа орналасқан түлектер саны

Жұмысқа

орналасудың

пайыздық көрсеткіші

 

5В060900 - География

7

6

86

5В060900-«География» мамандығы бойынша үстіміздегі жылы бітірген 7 түлектің 6-ы (86%) бүгінгі күнде жұмыспен қамтылған

5В011600-«География» мамандығы бойынша «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» «Серпін» әлеуметтік жобасы аясында университетті бітірген түлектер саны 5 адам. Магистратураға оқуға түскен 2018 жылғы түлектер саны мамандық бойынша 5.