2019 жылдың 12 сәуірі күні М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті жаратылыстану-география факультетінде «Жаратылыстану ғылымдары циклі пәндерін ағылшын тілінде оқытудағы әдістемелік ерекшеліктер» тақырыбындағы халықаралық ғылыми- практикалық конференция болып өтті. Конференцияға М.Өтемісов атындағы БҚМУ оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Тасмағамбетов А.С., академиялық қызмет департаментінің директоры, биология ғылымдарының кандидаты, доцентКайсагалиева Г.С.,ғылым және халықаралық байланыстар бөлімінің аға сарапшысы, п.ғ.к., шетел тілдері кафедрасының доцентіКулмагамбетова С. С., SES, Dr. rer. nat. Gabriele Kammradt (Switzerland), жаратылыстану география факультетінің деканы, география магистрі Тургумбаев А. А.,п.ғ.к., доцент, физика-математика факультетінің деканы, А.Б.Медешова, педагогика факультетінің деканы, п.ғ.к., доцент Габдрахманова Ш.Т., ф./м.ғ.к., математика кафедрасының доценті Кульжумиева А. А., музыкалық оқыту және вокал кафедрасының аға оқытушысы Ворфоломеева О.В.,Орал қаласындағыФМБ НЗМ биология пәнінің модератор-мұғалімдері Панина О.А. мен Cristian Zorrilla , биологияэкология,химия және география кафедраларының профессор-оқытушылар құрамы - Дарбаева Т.Е. б.ғ.д.,профессор, Альжанова Б.С. а/ш.ғ.к., доцент, кафедра меңгерушісі; Утаубаева А.У. б.ғ.к, доцент; б.ғ.к, БҚМУ доценті,Бимагамбетова Г.А.,а/ш.ғ.к., доцент Кадисова Г.Н., г.ғ.к., доцент Терещенко Т.А.,г.ғ.к., доцент Амельченко, аға оқытушы Есеева Г.Б., жаратылыстану ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Джангазиева Б.Ж., магистр-оқытушыСарсенова А.Н., техникалық ғылымдар магистріКусаинова Б.М.,студенттер, т.б. қатысты. Конференция ағылшын тілінде ғана өтті.

Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны М.Өтемісов атындағы БҚМУ оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректоры, т.ғ.д., профессор Тасмағамбетов А.С.алғы сөз сөйлеп ашты. Аталмыш конференцияның мақсаты - жаратылыстану ғылымдары курсын инновациялық технологияны қолдану арқылы оқытудағы әлемдік тәжірибе жетістіктерін зерттеу және талқылау болды.

Одан кейін сөз алғанбиология және экология кафедрасының меңгерушісі, а/ш.ғ.к.,доцент АльжановаБ.С. биология және экология кафедрасында көптілділікті дамытудың жүзеге асырылу тәжірибесіне тоқталды.

SES бағдарламасы бойынша университетімізге ресми сапармен келген жаратылыстану ғылымдарының докторы, PhD Gabriele Kammradt (Швейцария) қазіргі кездегі Еуропадағы білім беру жүйесіндегі ерекшеліктерді айтып өтті.

Конференцияға қатысқан университет ғалымдары болашақ мұғалімнің педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесі, педагогикалық бақылау құралы ретіндегі студенттің жеке электрондық картасы, жаратылыстану ғылымдарын оқытудағы CLIL технологиясы, биология сабақтарында жаңа форматтағы жеті модульді пайдаланудың жоспары мен оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру әдістері, кеппешөп үлгілерін жинау тәсілдері, т.б. тақырыптағы маңызды ғылыми-әдістемелік салаларды қарастырды.

Орал қаласындағы ФМБ НЗМ биология пәнінің мұғалімдері - Панина О.А. және Cristian Zorrilla «Биология сабақтарында CLIL технологиясын қолдану ерекшеліктері» тақырыбы бойынша оқытушылар мен студенттерді жұмылдырып, шеберлік класс өткізді.

Жаратылыстану-география факультетінде ағылшын тілінде сабақтар, ғылыми, әдістемелік, тәрбие,қоғамдық,т.б. іс-шаралар өткізіп тұру дәстүрге айнала бастады. Университетімізге үш апталық ресми сапармен келген профессор Gabriele Kammradt осы бағыттағы көптеген шараларға қатысып, оқытушылар мен студенттердің ағылшын тілін дамытудағы жетістіктеріне жоғары баға берді.

Жаратылыстану-география факультеті университеттегі қай салада болмасын алдыңғы қатарлы мықты факультеттердің бірі ретіндегі мәртебесін өз деңгейінде ұстайтынына біз сенімдіміз!