«ҚР Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандартына», «Жаратылыстану ғылымдары» тобындағы 5В060800 – «Экология» бакалавр мамандығы үшін мемлекеттік кәсіптік (өндірістік) сараман типтік бағдарламасы, оқу жоспарына және оқу кестесіне сәйкес 5В060800 – «Экология» мамандығы бойынша күндізгі бөлімнің 4 курс 01409 және 01410 топ студенттері 2017 жылдың 12.02.-21.04.2018 аралығында кәсіби (өндірістік) сараманнан өтті. Сараманның өту мерзімі оқу үрдісінің кестесі бойынша, ұзақтығы 10 апта (360 сағат). Кәсіби (өндірістік) сараманның мақсаты мен міндеттері 5В060800 – «Экология» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасымен анықталады.

Кәсіби (өндірістік) сараманның мақсаты: білім алушылардың кәсіптендіру пәндері бойынша теориялық білімін бекіту және тереңдету, сонымен қатар болашақ кәсіптік қызметіне қажетті экология саласында практикалық дағды мен құзіреттілікті қалыптастыру. 2017-2018 оқу жылы кәсіптік (өндірістік) сараманұзақтығы 10 апта 12.02.2018гж. – 21.04.2018 ж. аралығында ұйымдастырылды.

5В060800 - «Экология» мамандығы бойынша өндірістік сараман М.Өтемісов атындағы БҚМУ-мен келісім шарттар жасалған мекеме мен кәсіпорындар базасында ұйымдастырылды. Сараман базасын таңдағанда мамандық бейініне қойылатын талаптар ескерілді (кесте 1).

Кесте 1 - 5В060800 – «Экология» мамандығы бойынша практика базасы

№№

Мекеме аты, орналасқан жері

Мекеме басшысы

Мамандық

Келісім шарт мерзімі

Келісім шарт №, уақыты

1

БҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы ММ («Табиғатты пайдалану және табиғи қамбаларды реттеу басқармасы» ММ), Орал қаласы

Давлетжанов А.М.

5В060800

Экология

6М060800 Экология

5 жыл

Договор №60

01.07.2014 ж.

2

Энергетика министрлігі мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекциялау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті РММ, Орал қаласы

Қуанов Е.Б.

5В060800

Экология

5 жыл

Договор №61

01.07.2014 ж.

3

ЖШС«Батыс су арнасы» , Орал қаласы

Шунаев Е.Т.

5В060800

Экология

1 жыл

 

4

ЖШС «Biali Group Kazakhstan», Орал қаласы

 

5В060800

Экология

1 жыл

 

Ағымдағы жылы білім алушылар экологиялық қызметпен айналысатын т-мендег3 мекемелерде өтті:

1. БҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы ММ («Табиғатты пайдалану және табиғи қамбаларды реттеу басқармасы» ММ) – 1 студент.

2. Орал қаласы Энергетика министрлігі мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекциялау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті РММ – 3 студент.

3. Орал қаласы, ЖШС«Батыс су арнасы – 1 студент.

Ағымдағы жылы төмендегі мекемелер сұранысына сәйкес 3 студент сараманға жіберіледі:

1) «Управление природных ресурсов и регулирования природопользования по Актюбинской области» –1 студент;

2) Ақтөбе қаласы, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ – «ГП Ақтөбе бөлімшесі» филиалы Қандыағаш пайдалану локомотив депосы – 1 студент;

3) БҚО, Орал қаласы, «Biali Group Kazakhstan» ЖШС – 1 студент;

5В060800 - «Экология» мамандығы бойынша 2017-2018 о.ж. күндізгі бөлімде бітіруші курста 11 студент білім алады (7 студент - мемлекеттік тілде және 4 орыс тілінде). Олар бұйрық бойынша бекітілген мекемелерге жіберілді. Сараман жетекшілері С.Г.Чекалин және Б.С.Альжанова тағайындалды. Әдіскер ретінде доцент Б.С.Альжанова бекітілді.

Сараман алдында 05.01.2018 ж. 01408 және 01409 топ студенттерімен тұрақтандыру конференциясы өткізілді. Конференцияда өндірістік сараманның мақсаты мен міндеттері, оқу кестесі бойынша өтетін мерзімі, қажетті құжаттар, оларды безендіру тәртібі хабарланды және мақсаты мен міндеті, құжаттар, өтетін орны және техникалық қауіпсіздік ережелері мәлімделді. Конференция соңында сараманға жолдама берілді.

Сараманның өту барысы мен ұйымдастырылуына әдіскер мен сараман жетекшісі тарапынан жүйелі тексеру жүргізілді. Сараман кезінде жеке кеңес әр аптаның сәрсенбісінде сағат 1400-1600 жүргізілді.

Студенттер тарапынан сараман ұйымдастырылуы мен өткізілуіне шағым болған жоқ. Сараман базасында студенттерге жауапты қызметкер тағайындалды. Сараман мазмұны базалық ұйым қызметінің сипатымен анықталды. Студент-практикант өндірістік сараманнан өте отырып, экологиялық, жобалаушылық және басқарушылық қызмет атқарды.

Студенттердің кәсіптік сараманын ұйымдастыруда КПО б.в. компаниясы үлкен көмек көрсетеді. Осыған орай КПО б.в. компаниясы және университетпен жасалған меморандум негізінде 5В060800 Экология мамандығының студенттері оқу сараманын және егер диплом жұмысының тақырыбы осы кәсіпорынның қоршаған орта және экология мәселелерімен байланысты болс сараманнан өте алады. Ағымдағы жылы «Карачаганак Петролиум Оперейтинг» компаниясы базасында 01408 тобының 3 студенті 06.03.-06.04.2018 жылы аралығында өндірістік сараманнан өтті (Кесте 2).

Кесте 2 – «Карачаганак Петролиум Оперейтинг» компаниясында өндірістік сараман өтуі туралы ақпарат

№№

Студент аты

Курс, тобы

Мерзімі

1

Темешов Е.

1409

14.02.2018-14.03.2018 гг.

2

Амандыкова Г.

1409

06.03.2018 г. – 06.04.2018 г.

3

Исенгазиева А.

1409

06.03.2018 г. – 06.04.2018 г.

Аталған студенттер (Амандыкова Г., Исенгазиева А., Темешев Е.) КПО б.в. базасында сараманнан өтті, жақсы мінездеме алған және биылғы жылы ұйымдастырылу сапасы да жоғары болған.

Сараман барысында студенттер мекемелердің құрылымы, географиялық орны, тарихы, құрылымы, жұмыс барысы, өнімі, экологиялық жағдайы және түзетілетін қалдықтары туралы ақпарат жинақталды, қоршаған ортаның ластану көздері, ластаушыларды анықтауға, қадағалау және олардың экожүйедегі салдарынан таба білудің оптимальды әдістерімен танысты. Сонымен қатар, табиғат қорғау саласында қолданылатын бағдарламалық өнімдер туралы ақпарат алып, оны зерттеу және қоршаған орта сапасын анықтау жолдары туралы ақпарат алып, оны зерттеу және қошаған орта сапасын анықтау жолдары туралы материалдарды қарастырды. Зертханада топырақ, ағынды сулардан сынама алып, оның лабораториясында алынған сынамаларды зерттеу әдісімен танысып, талдап үйренді.

Есептері қабылданып, тексерілгеннен кейін комиссияға жіберілді.

Кафедра меңгерушісінің ұйғарымымен өндірістік сараман қабылдау комиссиясы құрамы бекітілді. Кәсіби (өндірістік) сараманның қорытынды конференциясы 25.04.2018 ж. өткізілді. Қорытынды конференцияда студенттер қоршаған ортаға шығарындылар, төгінділер, қалдықтар - эмиссиялар мөлшері мен кәсіпорындардың қоршаған ортаға тигізетін залалын есептеуде қолданылатын бағдарламалармен жұмыс жасау қажеттігін атап өтті. Конференцияда сөз алған студенттер сонымен қатар сараман ұйымдастыруылуының жақсы жақтарын да атап өтті.

Студенттер өндірістік сараман барысында үлкен жауапкершілік, ұқыптылық, еңбекқорлық, ізденімпаздық, экологиялық мәселерге қызығушылық танытты. Комиисия шешімі бойынша студенттер төмендегідей бағаланды.

Студенттің аты-жөні

Балл

Әріптік баға

Сандық баға

Қорытынды баға

1) Айдарбай Айсана

95

А-

3,67

5 (өте жақсы)

2) Амандыкова Гульнара

95

А-

3,67

5 (өте жақсы)

3) Әуелбай Гульфия

94

А-

3,67

5 (өте жақсы)

4) Жаксылыкова Асем

94

А-

3,67

5 (өте жақсы)

5) Исенгазиева Айгерим

95

А-

3,67

5 (өте жақсы)

6) Темешев Елдос

96

А-

3,67

5 (өте жақсы)

7) Шингужиева Айзада

85

В+

2,67

4 (жақсы)

Өндірістік сараманды ұйымдастыру сапасын жақсартуға бағытталған ұсыныстар:

1) Студенттерді сараман базасына бөлуде олардың диплом жұмысының тақырыбына сәйкестігін ескеру керек.

2) Сараман базасы жетекшілері тарапынан студенттердің табиғат қорғау саласындағы компьютерлік бағдарламаларды меңгеру дәрежесі төмендігі туралы ескертпелер болды.

3) Сараман базасы жетекшілеріне ақы төлеу мүмкіндігін қарастыру;