8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында университетіміздің құрметті ғалымы, химия ғылымдарының кандидаты, доцент Кунашева Зарипа Хайроллиевнаның 50 жас мерей тойына орай университет әкімшілігі тарапынан мерекелік шара ұйымдастырылды. Шараға университет студенттері, химия кафедрасының оқытушылары мен жаратылыстану-география факультетінің деканы Тургумбаев А.А., тәрбие ісі жөніндегі проректор Даришева Туймеш Малбагаровна қатысты.