Жаратылыстану-география факультетінде 2018-2019 оқу жылының бірінші семестрінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша студенттермен және магистранттармен жұмыстар жүргізілді. Қараша айында Боллон үдерісі бөлімінің жетекшісі В.С.Зубковтың қатысуымен факультеттің химия, биология және экология, география мамандықтарының 2-3 курс студенттерімен жиналыс өткізілді.

Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжинирнг университетіне 1 семестрге оқуға 2 студент құжаттар жинап 2-ші семестрде оқуға барды. Олар:

1. 5В011600 – География мамандығы бойынша 2 студент:

- Мұзанова Малика Әбдіханқызы (Г-33 тобы)

- Тұрниязов Қыдыржан Қуатбайұлы (Г-31 тобы)

2. 5В011300 – Биология мамандығы бойынша 2 студент:

- Омарова Толғанай Мақсатқызы (Б-31)

- Рахметова Насихат Базарбайқызы (Б-31)

К.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетіне 1 семестрге оқуға 2студент құжаттар жинап 2-ші семестрде оқуға барды. Олар:

1. 5В011300 – Биология мамандығы бойынша 2 студент:

- Жубандык Бекзат (Б-35 тобы)

- Досқалиева Гауһар (Б-35 тобы)

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетіне 1 семестрге оқуға 1 магистрант:

6М060800 – Экология мамандығының 1 курс магистранты Есенжолова Бақытнур.

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіне 1 магистрант:

6М060800 – Экология мамандығының 1 курс магистранты Беркалиева Айман.

 

 

Жоғарыда аталған студенттер мен магистранттар 2018-2019 оқу жылының 2-ші семестрінде ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алып жатыр. Студенттердің оқу-жұмыс жоспарлары мен жеке жұмыс жоспары бойынша кредит сандары есептеліп, қашықтан оқыту бөліміне қызметтік жазба жазылып, дайындық жұмыстары жасалды.

Сонымен қатар, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «5В011200 – Химия» мамандығының 2-ші курст студенті Салық Айбибі 2018-2019 оқу жылының 2-семестрінде оқуға Х-21 тобына ауысып келді.

Жаратылыстану-география факультетінде қазақстандық және шетелдік ғалымдар да тәжірибе алмасады. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің экология кафедрасының профессоры, б.ғ.к., доцент Мендыбаев Ерболат Хамзинович студенттерге дәріс оқып, экология және биология мамандығының 1 курс студенттерімен кездесіп, профессор-оқытушылық құраммен тәжірибе алмасты.