Биология және экология кафедрасының жанынан ұйымдастырылған «Флорист» үйірме жұмыстарының 2018 жылғы есебі

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік унверситетінің, жаратылыстану-география факультетін жасылдандыру және болашақ биолог мамандарды гүл өсіре білуге үйрету мақсатында факультетте «Флорист» үйірмесі жұмыс жасайды. Үйірме мүшелері гүл өсіре отырып, күтіп – баптау жұмыстары арқылы еңбекқорлыққа үйренеді және кәсіби бағдар алады. Жаратылыстану- география факультетінің студенттері факультетті абаттандыру мақсатында бөлме өсімдіктерінен : драцена, фикус, сингониум, педилантус, гибискус, филлодендрон, шеффлера, спатифиллум т.б. өсірумен айналысты. Аулада өсетін гүлдерден: құртқашаш, шұғынық, раушан гүлдерімен қатар, алма, өрік, түшала, қарақат сияқты бұталы өсімдіктерді күтіп – баптау жұмыстарымен айналысты.

Үйірмеге 26 студент қатыстырылды, әр үйірме мүшесіне жеке тапсырмалар даярланып, олар 2 топқа бөлініп, олар жыл бойы жұмыстанды Үйірме мүшелері өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктерін білу үшін, үнемі кезекті отырысқа мәліметтер даярлап отырды.

Қазан айында күзгі және қысқы маусымға гүлдердің күтімін жасау мақсатында топырақтары ауыстырылып, күтімін жасау ерекшеліктері таныстырылды. Айына бір рет үйірме мүшелері профилактикалық бақылау жүргізіп, гүлдерді шан-тозаңнан тазарту жұмыстарымен айналысты.

Қараша айында студенттердің ғылыми – зерттеу жұмыстары бойынша «Экологияның өзекті проблемалары» тақырыбында өткен конференцияда үйірме мүшесі Б-47 топ студенті Кеңесбаева Ш. «Жылыжай жағдайында қызғалдақтың өсуі мен дамуына субстрат сапасының әсері» тақырыбында баяндама жасап, оның ғылыми жұмысы 3-ші орын иеленді.

Қараша айында үйірме мүшелері Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» деген тақырыбындағы мақаланы талдап, дөңгелек үстел ұйымдастырып, «Қазақстан алма мен қызғалдақтың отаны деген» тақырыпта баяндамалар даярлады, «Қазақ даласының аруы» деген тақырыпта университеттің Өркен газетіне және Орал өңірі газеттеріне мақала тапсырылды.

Желтоқсан айында үйірме мүшелері «БҚО флорасы мен ботаникалық - географиялық аудандарын аймақтық талдау» тақырыбында Жубанов атындағы Ақтобе Өңірлік Мемлекеттік Университетімен ұйымдастырылған ғылыми - онлайн семинарға қатысып. Кеңесбаева Ш., Смагулова Г.- «Батыс Қазақстан облысының қызғалдақтары және жасанды ортада өсіру технологиясы» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысып, баяндама жасады.

Сонымен қатар, үйірме мүшелері студенттерге бөлме өсімдіктерінің адамдарға физиологиялық, энергетикалық, психологиялық жағдайына әсер ететіндігін, сонымен қатар әртүрлі ауруларды емдеуге, косметологияда, ветеринарияда қолданатындығы туралы үнемі кеңес беріп отырады.

Бөлмеде өсетін сәндік өсімдіктер тамыр атпалары, тамыр сабақтары, мұртшалар, желілері (көген сабактары), түйнектері, столондары, жуашықтары, өнімтал бүршіктері арқылы табиғи вегетативтік жолмен көбейетіндігі туралы, оларға фитоиндикаторлардың әсері туралы конференцияларда баяндамалар даярлап, өсіру жұмыстарымен айналысады, дипломдық жұмыстар жазып , қорғайды.

Дипломдық жұмыстар жазу барысында алғаш рет мектеп жылыжайында әртүрлі субстрат даярланып, голландтық қызғалдақтың сорттарының биологиялық- морфологиялық ерекшеліктері анықталып, болашақта жылыжайда өсіру жағдайлары зерттеліп, анықталды.

Мектеп жанынан ұйымдастырылған жылыжайда қызғалдақ өсірудің ерекшеліктері анықталып, зерттеу жұмыстарының қорытындылары № 5ЖОББМ –де оқушылармен ғылыми жоба ретінде даярланып, қорғалды, облыстық байқауға жолдама берілді. «StartupBolashak - Менің арманым» республикалық бизнес – жоба аясында ұйымдастырылған байқауға қатысып, ширек финалға жолдама алынды. Казкон ЖШС – нің бас директорымен жылыжайда қызғалдақ өсіру бизнес жоспарын жүзеге асыруға кеңес берілді.

Сәуір айында үйірме мүшелерімен облыстық биологиялық орталықта еңбек десанты ұйымдастырылды, көктемгі даярлық жұмыстарын жүргізу үшін, өсімдіктердің топырақтарын қайта ауыстырып отырғызу жұмыстары жүргізілді.

Болашақта биология мамандығы студенттері үшін, «Сәндік өсімдіктерді өсіру» , «Ландшафттық дизаин» тақырыптарында таңдау пәндерін ұсына отырып, оқу- әдістемелік кешен даярлауды жоспарлаудамыз.

Үйірме жұмысының жоспарына сай, жергілікті Ақжайық телеарнасының «Күншуақ» бағдарламасынан гүл өсірудің сыры туралы, күтіп – баптап жұмыстары туралы сұхбат беріліп тұрды.

Мамыр айында жазғы кезекшілік жұмыстарының кестесі даярланды.

 

Флорист үйірмесінің мүшелері жұмыстарын аяқтаған кезі

Гүлдерді аударып отырғызу сәтінен көрініс