Агробиостанция демалыс-сауықтыру орталығында 14 - қыркүйек күні «Жастар энергиясы» атты спартакиада оздырылған болатын. Спартакиадаға 77 – студент, яғни топ басшылары және факультеттің белсенді студенттері қатысты. Спартакиада арнайы дайындалған бағдарлама бойынша өткізілді: Танысу бұрышы, Эстафеталық жарыс, Сергіту сәті, Кім жылдам? (командалық ойын), Қоштасу бұрышы (спартакиада барысында ұйымдастырылған жарыстарға белсенді қатысқан студенттерді марапаттау). Эстафеталық жарысқа 6 –команда қатысты. Олар: «Жас қыран», «Самұрық», «Парасат», «Болашақ», «Сұңқар», «Достық». Жарыс қорытындысы бойынша «Сұңқар» командасы 1-ші орынға лайық деп табылса болса, 2-ші орынды «Самұрық» командасы иеленді, «Достық» құрама командасы 3-ші орынды місе тұтты. Жылда университет дәстүріне айналған факультеттер арасында бірнеше спорт түрінен жарыстар ұйымдастырылады.