Студенттер бойында патриоттық сезімдерін арттыру мен қазақ тіліне деген құрметін ұлғайту, қазағымыздың қанатты, көнерген сөздерін сақтау мақсатында факультет көлемінде «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» тақырыбында апталық ұйымдастырылды. Апта аясында қабырға газеті сайысы, тіл туралы өлең жолдары оқылып, ән айтылып, мақал мәтелдер сайысы өтті.