2018-2019 оқу жылы 14-17 қаңтар аралығында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде профессор-оқытушы құрамы мен қызметкерлері арасындағы 62-ші «ДЕНСАУЛЫҚ-2019» атты қысқы спартакиадасы өтті. Спартакиада 14 қаңтар күні салтанатты түрде ашылып, университетіміздің ректоры сөз сөйлеп, жылы лебізін,тілектерін білдіріп, университетіміздің беделді бетке ұстар, үлгі тұтар аға буындары сөз жалғастырды. Спартакиаданың негізгі мақсаты-салауатты өмір салтын насихаттап, университет ұжымын біріктіріп, дене шынықтыру қабілетін арттыру, спортпен тұрақты шұғылдануға шақыру, спорттық шеберліктерін жетілдіру болып табылады. Жыл сайын өтетін дәстүрлі спорттық шара өте қызықты, тартысты, жоғары деңгейде өтті.

Профессор-оқытушы құрамы мен қызметкерлер спорттың 9 түрінен жарысты, қазақтың ұлттық ойыны «Асық ату» жарысы да болды. Атап айтсақ: шахмат, дойбы, футбол, волейбол, дартс, арқан тарту, үстел теннисі, эстафета, асық ату. Биыл спартакиадаға қатысушылар саны артып отыр. Әсіресе жастар саны көбейіп, белсене ат салысқаны өте қуантарлық жайт.

Жеңімпаздар алғыс хаттар, кубоктар, сыйлықтармен марапатталды. Барлық факультеттер өз деңгейіне қарай әр түрлі жүлделі орындарға ие болды. 1 орын- Әкімшілік құрамы, 2 орын- Жаратылыстану-география факультеті, 3 орынды-Педагогика факультеті иеленді. Соның ішінде Жаратылыстану-география факультеті өте белсенді болды, ЖГФ факультеті волейболдан-2 орын, дартстан-1 орын, арқан тартудан-3 орын, үстел теннисінен-3 орын, эстафетадан-3 орын, асық атудан- 1 орынмен марапатталды. Жалпы командалық есепте 2 орынға жайғасты. Осындай шаралар көптеп ұйымдастырылса екен, себебі салауатты өмір салтын қалыптастыру қоғам, әсіресе жастар үшін маңызы өте зор.