Жаратылыстану-география факультетінің құрылымында 3 кафедра,  экология және биогеохимия зертханасы, экология және биотехнология орталығы және химиялық зерттеу жәнетехнологиялар 2013 жылға арналған жұмыс жоспары бойынша жұмыс жасайды.

Факультеттің  штаттық ПОҚ-ның ғылыми әлеуеті

(2011, 2012, 2013 салыстырмалы талдау)

 

Кафедра атауы

Штаттық құрамы/ғылыми әлеует (штаттық)%

2011 ж

2012 ж

2013 ж

Биология және экология

57,1

52,4

50

География

45,4

50

50

Химия

50

50

53

Факультет  бойынша

50,8

50,8

51

Факультет бойынша профессор-оқытушылар құрамының 2013 жылғы ғылыми әлеуеті  51 % құрап отыр. Талданып отырған 3 жылда факультеттің ғылыми әлеуетінің деңгейі 0,2%  жоғарыланғаны көрінеді. Егер әрбір жыл бойынша талданса  биология және экология кафедрасы бойынша ғылыми әлеует 2011 жылмен салыстырғанда 7,1 пайызға төмендеген, оның негізгі себебі штат санындағы оқытушылардың көбеюі. География кафедрасының ғылыми әлеуеті бір қалыпты деңгейде,  ал химия кафедрасының ғылыми әлеуеті биылғы жылға 3 пайызға жоғарыланған (1-кесте). География кафедрасының аға оқытушысы Б.В. Шкуринский 13 қараша 2013 жылы Перм мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінде Д212.189.10 диссертациялық кеңесте 25.00.24 «Экономикалық, әлеуметтік, саяси және рекреациялық география» мамандығы бойынша «Медико-географическая ситуация в ЗКО» тақырыбы бойынша алдын-ала қорғаудан өтті.