Магистратура 6М011600-География

Академиялық дәрежесі: 6М011600-География мамандығы бойынша білім беру магистрі (ғылыми-педагогикалық және бейінді бағыт).

Оқудың түрі мен нормативті мерзімі: тек күндізгі оқу, бейінді бағыт бойынша 1 жыл (24 кредиттен кем емес); ғылыми-педагогикалық - 2 жыл (47 кредиттен кем емес).

Кәсіби қызметтің объекттері:

- бейінді дайындық бойынша - табиғи ортаның қорғалуы және бақылауымен айналысатын мемлекеттік және үкіметтік емес құрылымдар, жобалық ұйымдар, оқу мекемелері;

- ғылыми және педагогикалық дайындық бойынша - орта арнаулы және жоғары оқу орындары; ғылыми-зерттеу институттары, табиғи ортаның қорғалуы және бақылауы ұйымдары.

Кәсіби қызметтің түрлері:

- бейінді дайындық бойынша - табиғи ортаның қайта қалпына келтірілуі проблемаларымен, сонымен қатар қорғалуы және бақылауымен айналысатын мемлекеттік және үкіметтік емес құрылымдардағы басқару органында жұмыс істеушілер және әкімшілік қызметкерлер, жобалық ұйымдарда сарапшылар мен қызметкерлер, жалпы білім беру, орта арнаулы оқу орындарында оқытушылар;

- ғылыми және педагогикалық дайындық бойынша - жалпы білім беру, орта арнаулы және жоғары оқу орындарында оқытушылар, ғылыми-зерттеу институттарында кіші және аға ғылыми қызметкерлер, табиғи ортаның қорғалуы және бақылауы ұйымдарында сарапшылар мен басқару органында жұмыс істеушілер.

Кәсіби қызметтің мазмұны:

бейінді дайындық бойынша:

- магистранттардыңгеография ғылымының таңдаулы бағытындағы және кәсіптік кызметінде теориялық, практикалық және жеке дайындығының тереңдеуі;

- магистрант қызметінің жеке стилінің құрылуы мен жетілдірілуі;

- магистранттармен кәсіби, экономикалық және ұйымдастыру-басқарушылық құзыреттерін көтеру;

ғылыми және педагогикалық дайындық бойынша:

- магистранттардыңгеография ғылымының таңдаулы бағытындағы және педагогикалық кызметінде теориялық, практикалық және жеке дайындығының тереңдеуі;

- магистранттардың география ғылымының қолданбалы және теориялық бағыттары бойынща білімдерін кеңейту;

- магистранттармен географиялық үдерістер мен құбылыстарды бақылау және талдаудың ғылыми-зерттеу мен эксперименттік әдістерінің негіздерін меңгеру;

- магистранттармен географиялық заңдылықтарды зерттеудің инновациялық технологияларын меңгеру мен тәжірибеде қолдану;

- магистранттарда ғылыми ойлау мен дүниетанымды қалыптастыру.

Оқуды аяқтағаннан кейін бітірушілер Қазақстан ЖОО-ның PhD докторантурасында және Ресей Федерациясының аспирантурасында оқуларын жалғастыра алады.