Бакалавриат: 5В060900-География

Академиялық дәрежесі: 5В060900 «География» мамандығы бойынша жаратылыстану бакалавры

Кәсіби қызмет саласы:

· жобалау-іздестіру зерттеулері;

· іргелі және қолданбалы ғылыми мен географиялық жобалар;

· табиғатты қорғау және табиғатты пайдалануды басқару органдарының жұмысына қатысу;

· қоршаған ортаның экологиялық-географиялық мониторингі;

· білім беру, туристік және т.б. қызмет көрсетулер.

Оқудың түрі мен нормативті мерзімі: күндізгі оқу - 4 жыл; орта арнайы білім негізінде сырттай оқу - 3 жыл, жоғары негізінде - 2 жыл.

Кәсіби қызмет обьектілері:

· жобалау, іздестіру, ғылыми-зерттеу институты, бюро, туристік фирмалар және т.б.

· қоршаған ортаны қорғау Министрлігінің табиғатты қорғау мен табиғатты пайдалануды басқару органдары, т.б.

· жалпы білім беретін және кәсіби оқу орындары және т.б.

Кәсіби қызмет түрлері:

· білім беру (педагогикалық);

· ғылыми-зерттеу;

· жобалау-өндірістік;

· табиғатты қорғау;

· туристік-рекреациялық.

Кәсіби қызмет мазмұны:

· әлеуметтік-экономикалық қызмет, бөлім, зертхана қызмтекерлері, геологиялық-географиялық, экономикалық-географиялық және экология саласындағы өндірістік ұйымдардың экспедиция мүшесі, аймақтық болжамдау мен басқару бойынша мамандар ретінде;

· редактор-картограф ретінде бағдарлау қызметі;

· табиғатты қорғау кеңесінің сарапшысы ретінде консультациялық қызмет;

· орта кәсіптік оқу орындарында, колледж бен гимназияда география пәнінің мұғалімі ретінде білім беру-педагогикалық қызметі;

· ғылыми қызметкер, ғылыми-зерттеу институттары, академиялық институт, жобалау және ғылыми-өндірістік ұйымдарда жетекші инженер ретінде ғылыми-зерттеу қызметі.

Білім беру бағдарламасының бәсекелік артықшылығы:

· Білім беру бағдарламасын меңгеру барысында студенттер Қазақстан жоғары мектебінің еңбегі сінген кызметкерлері бар жоғары білікті оқытушылардың практикалық және дәрістік сабақтарына барады.

· Кафедра оқу тәжірибелері мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндік туғызатын қазіргі заманғы жабдықтармен жабдықталған (GPS қабылдағыштар, автоматтандырылған ауа райын болжау станциясы, цифрлық теодолиттер мен тахеометр). Кафедра негізінде геологиялық музей жұмыс істейді.

· Бітіретін кәсіби квалификациялық жұмыстарды қорғауда және барлық дәрістік курстарда мультимедиялық технологиялар кеңінен қолданылады. ГАЖ (географиялық ақпаратақ жүйелер) технологиялары кеңінен қолданылады (QuantumGIS, ArcGis, SASplanet бағдарламалық пакеттер және т.б.).

· Оқуды аяқтағаннан кейін бітірушілер М.Өтемісов атындағы БҚМУ және Қазақстан мен Ресейдің басқа ЖОО-да магистратурадағы оқуларын жалғастыруларына болады.