2018-2019 оқу жылының 1 семестрінде М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ жаратылыстану-география факльтетінің 5В011600-география мамандығының 3 курс студенті Ахмет Г.Ж. академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде 1 семестр оқып келді.

Мен Ахмет Гүлжанат Жеңісқызы М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ жаратылыстану-география факльтетінің география мамандығының 3 курс студенті. 2018 жылы қыркүйек-қаңтар айлары аралығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетіне 1 семестр оқып келдім. Қ.Жұбанов университетінің тарих факультетінің география-туризм кафедрасы география мамандығының география-305 тобында оқыдым. Оқу барысында өзіме таңсық жаңа оқу методикасымен танысып, тың жаңа мағлұматтар алдым. Жаңа оқу орнында жаңа достар тауып сенбілік және басқада іс-шараларға қатыстым.

Куратор Айдын Жаһанұлы, кафедра оқытушылары және топ студенттерімен серуен.