«Биология және экология » кафедрасы бойынша

2018-2019 оқу жылына

жоспарланған ғылыми - әдістемелік семинары

жұмысының орындалу туралы

Кафедраның 2018-2019 оқу жылына жоспарланған ғылым-әдістемелік жұмысы уақытылы орындалып, семинар отырыстары жоспар бойынша жүргізіліп отыр.

Ғылыми - әдістемелік семинардың жоспары бойынша жауапты оқытушылар уақытында баяндамаларын дайындап, отырыстарда жоспарланған мәселелерді нақты зерттеп, хабарлама жасап тұрады. Отырыс кезінде қатысқан оқытушылар белсенді түрде пікір алмасады. Әрбір жоспарланған баяндама тақырыптары өзектілігімен ерекшелінеді. Мысалы, Интербелсенді оқытуда оқу мақсаттарын айқындау мәселесі. Блум таксономиясының танымдық деңгейлері - аға оқытушы Жароева А.Г., Оқу үрдісіне инклюзивті оқытуды енгізу - б.ғ.к., доцент Ергалиев А.С. және т.б.

Сонымен бірге әрбір семинарда оқытылып жатқан курстардың мазмұнымен әдістемелік оқыту әдістері кезегімен талқыланып отырады. Сондай курстардан өткен аға оқытушы а/ш.ғ.к., доцент Альжанова Б.С., Джангазиева Б.Ж. және т.б. кафедра оқытушылары, педагог кадрларына арналған біліктілікті арттыру курстарында өткен заманауи технологияны көтеру, сабақ беру үрдісін жаңартылған бағдарламамен оқыту бойынша қазіргі замандағы әдістермен таныстырды. Бұл оқытушылар біліктілікті арттыру курсынан өз үйренгендері бойынша бірнеше әдістерді сабақтарында ұтымды қолданып жүргенін айтты.

Әрбір талқыланған мәселе бойынша шешім қабылданып, мерзім өткен сайын қабылданған шешімнің орындалу барысы ақпарат ретінде тыңдалады.