География кафедрасының меңгерушісі:

Галимов Мирас Амангельдиевич

География ғылымдарының кандидаты, доцент

Жеке мәселелермен қабылдау уақыты:

сейсенбі 16:00-17:00 (каб 21),

сәрсенбі 15:00-16:00 (каб. 21)

Кафедра мекенжайы: 090000 Орал қаласы, Достык даңғылы 121, №5 оқу ғимараты, 21 каб.;

Телефон: 8 (7112) 50-35-49; і.т.: 15

E-mail: heritage_mir@mail.com

WhatsApp: +7-747-191-86-10

 

Миссия
5В011600 - "География", 5В060900 - "География" және " 6М011600 - "География" білім беру бағдарламаларын іске асыру университеттің миссиясына сәйкес жүргізіледі және Қазақстанның байырғы жоғары оқу орындарының қабырғасында 1938 жылы негізі қаланған Қазақстан Республикасындағы алғашқы география кафедрасының ғылыми, оқу-білім мен тәрбие дәстүрлерін мәдениетаралық диалог және ұлттық келісім еуразиялық идеясына сүйене отырып сақтау және көбейту арқылы, М. Өтемісов ат. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің география кафедрасын Батыс өңірдегі жетекші географиялық білім беру орталығы болуына мүмкіндік береді.

Басты бағдар

География кафедрасында екі бағыт бойынша мамандар даярланады: білім беру бағыты бойынша – «Туризммен» қосымша маманданған география пәнінің мұғалімі, жаратылыстану-ғылыми бағыт бойынша – «Географияны ағылшын тілінде оқытумен» қосымша маманданған географ-зерттеуші. 

 

География кафедрасының тарихы (2012-2018 жылдар).

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде географияны оқытудағы қалыптасқан дәстүрлер мен үлкен тәжірибеге ие көне кафедралардың бірі -география кафедрасы. 2018 жылы география кафедрасы 80 жылдық мерейтойын атап өтті.

Кафедра тарихындағы мамандардың қалыптасуының келесі кезеңдерін атап өтуге болады:

Бірінші кезең. Орал педагогикалық институтының география кафедрасы 1938 жылы жаңа оқу жылынан бастап Иркутск университетінің бұрынғы түлегі Г.Е.Москалевтің ұйымдастыруымен ашылды. Соғыс жылдары кафедра ұжымы Орал қаласында КСРО-ның батыс және орталық облыстарынан эвакуацияланғандардың арасында географ, картограф, әдіскерлер тағы басқаларымен толықтырылды. Осы тұста кафедра құрамында жұмыс жасаған профессорлар М.В. Фремд, Кондаков, М.Н. Королев, тәжірибелі әдіскер Ф.П.Калинин және тағы басқалар салмақты үлес қоса білді. 1954 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты аспирантурасын аяқтағаннан кейін г.ғ.к. К.Т.Мазницына география кафедрасына жұмыс жасауға келеді.

Екінші кезең. 20 ғасырдың 60-шы жылдары. 1959 жылы Г.Е. Москалев «Экономико-географическая характеристика г. Уральска» тақырыбындағы диссертациясын Ленинград университетінде қорғап шығады. 1961 жылы кафедра жанынан Г.Е. Москалевтың ғылыми жетекшілігімен аспирантура ашылады. К.И. Исмурзина, Д.М. Чернышов, А.Н. Байгузова, А.Я. Парфенова, З.Г. Мухтарова, Л.Н. Ильина, К.Т. Турашев және Г.Ж. Сарсенгалиев аспиранттары болды. Олардың ғылыми зерттеулерінің тақырыбы өлкетанулық сипатта болды және негізінен өз облысымыздың шаруашылығын және табиғаты мен тұрғындарын зерттеуге арналды.

Үшінші кезең.70-80 жылдар. 1977 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің СССР-дің экономикалық географиясы кафедрасында география ғылымдарының докторы, профессор В.Г. Крючковтың ғылыми жетекшілігімен «Орал облысының ауыл шаруашылығының территориялық жағынан ұйымдастырылуы» тақырыбында кафедраның аға оқытушысы А.Я. Парфенова кандидаттық диссертациясын қорғады. 70-жылдардың ортасында кафедраның ғылыми кадрларын даярлау мәселесі М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы КСРО-ның экономикалық географиясы кафедрасының мақсатты аспирантурасы арқылы жүзеге асты. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы арнайы Совет мәжілісінде кандидаттық диссертациясын сәтті қорғаған аспирантураның түлектері Т.А. Терещенко, В.И. Амельченко, А.Г. Галимов.

Олардың ғылыми жетекшілері дүниежүзіне белгілі ғалымдар, эконом-географтар, география ғылымдарының докторлары, профессорлар И.В. Никольский, А.Н. Ракитников және Ю.Г. Саушкиндер болды. Осы кезеңде М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің физикалық география кафедрасында география ғылымдарының докторы В.А. Николаевтың ғылыми жетекшілігімен оқытушы С.К. Рамазанов ғылыми тағылымдамадан өтті.

Төртінші кезең. 20 ғасырдың 90-шы жылдары. ММУ-нің география факультетінің аспирантурасына кафедра түлектері А.Т. Баймуканов(дүниежүзі шаруашылық кафедрасы, ғылыми жетекшісі география ғылымдарының докторы, профессор Н.В.Алисов) А.Г. Тарасов (табиғатты пайдалану кафедрасы, ғылыми жетекшісі география ғылымдарының докторы А.П. Капица) және М.А. Галимов (ғылыми жетекшісі география ғылымдарының кандидаты, доцент М.П. Ратанова). 21 ғасырдың басында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің туризм кафедрасында оқытушы Г.Ж. Абдушева аспирантураны аяқтады.

Бесінші кезең. География кафедрасында мамандарды даярлау 2004 жылы ашылған магистратура жүйесі арқылы жүзеге асты. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің география кафедрасының магистратура түлектері Б.Х. Ходжанова, Д.Ж. Искалиев, Б.Б. Жумагалиева, Е.Е. Айманова, Н.С. Жармаганбетова, А.К. Хайруллина және Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық институтының география кафедрасының магистратура түлегі А.М.Аубакирова. География кафедрасында жоғары білікті мамандарды даярлау Ресей мемлекетінің жетекші кафедраларының аспиратуралары арқылы да жүзеге асты. Кафедра түлегі Э.Ж. Имашев 2009 жылы Башқұрт мемлекеттік университетінің география кафедрасына аспирантураға оқуға түсіп, 2011 жылы қазанда мерзімінен бұрын аяқтап, Перьм Ұлттық мемлекеттік университетінде «Тенденции и приоритеты пространственного развития Западно-Казахстанской области» тақырыбындағы кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап шықты. 2016 жылы Э.Ж. Имашев география ғылымдарының кандидаты дипломының бірлігін танудан өтіп және оған 6D060900-География мамандығы бойынша философия докторы дәрежесі берілді.

2014 жылы аға оқытушы Б.В.Шкуринский Перьм Ұлттық мемлекеттік университетінің арнайы Ғылыми кеңесінің мәжілісінде «Медико-географическая ситуация в Западно-Казахстанской области» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғап шықты.

2014-2015 оқу жылында география кафедрасының аға оқытушысы Е.Е. Айманова Қалмақ мемлекеттік университетіне аспиратураға оқуға түсті.
2014-2015 оқу жылында аға оқытушы Д.Ж. Искалиев Орынбор мемлекеттік университетінің география және аймақтану кафедрасының аспирантурасына оқуға түсті.

2015 жылы кафедраның аға оқытушысы А.А. Тургумбаев М. Акмулла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университетінің география,жерге орналастыру және кадастр кафедрасына аспирантураға оқуға түсті.

 

Бірінші қатар(отырғандар): Г.Г.Қойшыбекова, Е.Е.Айманова, Н.С.Жармағанбетова, Т.А.Терещенко, А.К.Хайруллина, Б.Х.Ходжанова, Г.А.Молдағалиева.Екінші қатар: Д.Ж.Искалиев, Э.Ж.Имашев, М.А.Галимов, А.А.Тургумбаев, Б.В.Шкуринский, В.И.Амельченко.

Кафедраның кадрлық әлеуеті айтарлықтай жоғары. Осы кезеңдегі кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы-15 адамнан құралған. 2010-2014 жылдар аралығында кафедраның меңгерушісі доцент В.И.Амельченко, 2014-2015 оқу жылында магистр А.А.Тургумбаев болды. Ал қазіргі таңда кафедраны география ғылымдарының кандидаты, доцент М.А. Галимов басқарып келеді.

Оқу,ғылым және қоғамдық жұмыстардағы жоғары көрсеткіштері үшін кафедра оқытушылары В.И.Амельченко 2012 жылы ҚР БжҒМ «Казақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» атты төс белгісімен, 2014 жылы доцент Т.А.Терещенко « Білім беру ісінің құрметті қызметкері» атты төс белгісімен марапатталды.

2014 жылы доцент Т.А.Терещенко «ЖОО-ның ең үздік оқытушысы» атты республикалық байқауына қатысып, «ЖОО-ның ең үздік оқытушысы-2014» атағын жеңіп алды.

ҚР Білім және Ғылым министрі А.Сәрінжіпов доцент Т.А.Терещенкоға «ЖОО-ның ең үздік оқытушысы» сертификатын табыстауда.

Кафедра оқытушылары университеттің оқу процесіне көптілділік жүйесін алғашқы болып енгізді. Доцент В.И. Амельченко мен аға оқытушы Б.В. Шкуринский географиялық кешендегі пәндердің ПОӘК ағылшын тілінде дайындады. «5В011600 – География» және «5В060900 – География» білім беру бағдарламалары аясында кафедрада Ресей Федерациясының Дала институтының директоры, география ғылымдарының докторы,профессор А.А. Чибилёв пен БҚО тарих және археология орталығы директорының орынбасары С.К. Рамазановтар оқытушы-тәжірибеші ретінде жұмыс жасады.