6М011200-Химия мамандығы бойынша магистрлік бағдарламаның басты міндеттері

ғылыми және педагогикалық даярлауда:

- магистратурада оқитындардың дайындау дәрежесінде міндетті талаптарды қою арқылы білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету. Оқу, ғылыми үрдістерді регламенттау, магистранттарды дайындайтын жоғары оқу орындарының және ғылыми-зерттеу мекемелері жұмыстарының тиімділігін бақылау жүйесін құру;

- магистратурада оқитындардың құқығы мен жауапкершілігін реттеу, магистранттардың өздік оқу, ғылыми-зерттеу және педагогикалық іс әрекеттерін стимулдеу;

- халықаралық білім беру кеңістігінде және халықаралық еңбек нарығынд ҚР-сының қатысуы үшін «магистр» академиялық дәрежесін беру туралы құжаттардың эквиваленттілігін қамтамасыз ету.

7 6М011200-Химия мамандығы бойынша магистратураның білім беру бағдарламасының мазмұны

7.1 Магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымы әртүрлі білім беру мазмұнын анықтайтын оқу және ғылыми жұмыс, практика түрлерінен құрылады, олардың өзара ара қатынасын, өлешемі мен есебін көрсетеді.

Барлық жұмыс түрлерінің еңбек сыйымдылығын есептеу игерген материал көлемімен жүзеге асырылады және кредитпен өлшенеді. Білім алудың алдыңғы деңгейлерінде игерілген кредиттерді есепке алатын жинақтаушы кредиттік жүйе жүзеге асады.

7.2 Оқу жылы жалпы мерзімі 30 аптадан тұратын академиялық кезеңдерден (семестрлер, триместрлер, кварталдар), аралық аттестаттаудан, қорытынды бақылаудан, практикалардан, демалыс және қорытынды аттестаттаудан тұрады.

7.3 Магистратурада оқыту тек қана күндізгі оқу түрі бойынша жүзеге асырылады.

7.4 Теориялық оқыту міндетті және таңдау компонетінен құралады. Таңдауы бойынша пәндер тізімі мен оған сәйкес кредиттердің минималды көлемі жұмыс берушілер мен еңбек нарығының сұранысына сәйкес жоғары оқу орнының шешіммен бекітіледі.

7.5 Магистратураның оқу бағдарламаларының мазмұны даярлау бағытына сәйкес кестеде берілгендей қалыптастырады.

1-кесте

№ п/п

Пән коды

Пәннің аталуы

Кредит көлемі

1

2

3

4

1

БП

Базалық пәндер

16

1.1

БПМК

Міндетті компонент

9

БПМК

01

GTF 5201

Ғылым тарихы мен философиясы

Философия және әдістеме ғылымдары философиялық білімнің саласы ретінде. Өркениет пен мәдениеттегі ғылым. Ғылымның пайда болуы. Ғылымның тарихи дамуының негізгі кезеңдері. Ғылыми білімнің құрылымы. Ғылыми революциялар (төңкерістер). Ғылыми рационалдық. Ғылым дамуының қазіргі кезеңінің ерекшеліктері. Әлеуметтік институт ретіндегі ғылым. Қазіргі таңдағы ғылыми білімнің құрылымындағы жаратылыстану ғылымдары. Адам, тарих, мәдениет және қоғам туралы ғылымдардың қалыптасу тарихы. Нақты ғылымдардың өзекті философиялық мәселелері. Ғылыми істерді ұйымдастыру: өлшемі, сипаттамасы

2

         

1- кестенің жалғасы

1

2

3

4

   

эволюциялық теория құрылымы мен принциптері. Қазіргі замаңғы пәндік білімді ұйымдастыру эволюциясы. XX ғ.-XXI ғ. ғылымның этикалық аспектілері, ғылымға гуманитарлық сыни ретінде. XXI ғ. коммуникативті технологиялар және олардың қазіргі ғылымдағы орны. Постклассикалық емес ғылымдағы және адам туралы жүйелердегі ақпараттық үдерістердің орны. Жаратылыстану және әлеуметтік-гуманитарлық басқа да ғылымдағы қазіргі өзекті әдістемелік, әдіснамалық және философиялық мәселелердің орны.

 

БПМК

02

ChT 5202

Шет тілі

Шет тілін С1 (тілдік емес мамандықтар) және С2 (тілдік мамандықтар), сонымен бірге LSP (арнайы мақсат үшін тілді игеру) халықаралық стандарт деңгейінде меңгеру. Ғылыми стильдің грамматикалық категорияларын ауызша және жазбаша формада меңгеру. Ақпараттық және кәсіби мазмұндағы мәлімететрді қабылдау. Мамандық және қоғамдық-саяси мәселелер (баяндама, мәлімдеме, презентация, дөңгелек стол аясында сұхбаттасу, пікір-сайыс және т.б.) бойынша монологтық және диалогтық формада кәсіби деңгейде ауызша қарым-қатынас жасау. Магистранттың ғылыми жұмысымен байланысты жазбаша мәлімдеме дайындау. Халықаралық ынтымақтастыққа қатысты ресми құжаттардың формалары мен түрлерін (бірлескен бағдарламалар, жобалар, гранттар, ғылыми хаттар) безендіру дағдыларын дамыту. Түсіндірме және екі тілдік терминологиялық сөздіктермен, сонымен қатар мамандық бойынша анықтағыш әдебиеттермен жұмыс істей алу. Екіжақты жазбаша және ауызша аударма дағдысын дамыту. (ғылыми мақала, тезистер, баяндама, аударма, рефераттау және аннотациялау т.б.)

2

1- кестенің жалғасы

1

2

3

4

БПМК

03

Ped 5203

Педагогика

*Педагогика ғылым ретінде. Педагогиканың негізгі категориялары. Педагогика пәні мен міндеттері. Педагогикалық ғылымдардың жүйесі. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы. Педагогикалық ғылымдардың тарихы.

Білім берудегі қазіргі парадигма. Педагогикалық ғылымдардың әдістемесі. Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби құзыреттілігі. Жоғары мектептегі оқыту теориясы. Жоғары мектепте оқытудың қағидалары мен қозғаушы күштері. Жоғары білім берудің мазмұны. Жоғары мектептегі қазіргі заманғы білім беру технологиялары. Білім берудің оқу үдісін кредиттік жүйесі негізінде ұйымдастыру. ЖОО-да оқытудың әдістері мен белсенді үлгілері. Эдвайзер, тьютор мен офисрегистратордың қызметтері. Кредиттік оқыту жүйесі бойынша МӨЖ және педагогикалық бақылауды ұйымдастыру. Білім беру үдерісінде студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары. Кредиттік оқыту жүйесі бойынша оқу-әдістемелік материалдарды құрастыру технологиясы. Жоғары мектеп маманды қалыптастыру мен тәрбиелеудің әлеуметтік институты ретінде. Жоғары мектептегі тәрбие жұмысының мәні мен негізгі бағыттары. Білім берудегі менджмент.

3

БПМК

04

Psi 5204

Психология

Психология бұл ғылым. Ғылым жүйесіндегі психологияның орны мен міндеттері. Оқыту үдісіндегі адамның танымдық іс-әрекетінің психологиясы.

Нарықтық экономика жағдайындағы білім беру үдерісінің гносеологиялық және онтологиялық мәселелері. Қазіргі заман талабына сай оқытудың сапасы мен тиімділігін артырудың психологиялық

2

1- кестенің жалғасы

1

2

3

4

   

құралдары мен әдістері. Келіспеушлік жағдайларда оқытуды басқару үдерісі. Педагогикалық қарым-қатынас психологиясы. Келешектегі кәсіби іс-әрекет аясындағы жұмыскердің профессиограммасы мен психограммасы. Іс-әрекет және бейімдеу. Іс-әрекет психологиясы және таным үрдісі. Адам еңбек іс-әрекеті және құрылымы. «Адам-машина-орта» жүйесінің психологиясның негізі. Эргономика және психология. Кәсіби іс-әрекет сенімділігінің мәселесі. Тұлғаның және тұлғааралық қарым-қатынастың психодиагностикалық мәселелері. Психологиялық басқару негізі. Басқару іс-әрекетінің мазмұны мен құрылымы. Менеджмент психологиясы. Қолданбалы психология незігі. Келешектегі кәсіби іс-әрекет бейіндігін есепке ала отырып магистлар мен оқытушыларға және мамандарға психологиялық кеңес беру.

 

1.2

ТК

Таңдауы бойынша компонент

7

2

КП

Кәсіптік пәндер

18

2.1

КПМК

Міндетті компонент

6

КПМК

01

GBHOZTА 5301

Жалпы және бейорганикалық химияны оқытудың заманауи технологиясы мен әдіснамасы

Бейорганикалық химияны оқытудың негізгі тапсырмалары және заманауи әдіснамалық әдістері. Оқу материалдарының құрылым- логикалық байланысы және белгілі ретпенен берілуі. Жалпы және бейорганикалық химияның университеттерде, инженер-техникалық, технологиялық, медициналық, ауылшаруашылық және әскери ЖОО-дағы курсының заманауи мазмұны. ЖОО-да химияны оқытудың инновациялық технологиялары. Проблемалық оқытудың, дидактикалық және әдістемелік ерекшеліктері.Бейорганикалық химияны оқытудың заманауи әдістері мен құралдары, сол сияқты электрондық және мултимедиялық

2

1- кестенің жалғасы

1

2

3

4

   

жүйелері. Бейорганикалық химияны интерактивті оқытудың заманауи ұйымдастыру жолдары. Кредиттік технологияға өту кезеңінде бейорганикалық химияны оқыту ерекшеліктері. Бейорганикалық химияны қашықтықтан оқыту мәселелері мен келешегі. Бейорганикалық химияның қалыпты және электрондық оқулықтарының заманауи түрлері. Бейорганикалық химияның теориялық негіздерінің заманауи интерпретациясы және методологиясы. Элементтер қасиеттерінің периодты өзгеру ілімін кванттық механика түсініктері бойынша қарау. Элементтер және олардың қосылыстарының химиясы. Бейорганикалық химиядағы экологиялық мәселелер. Химиялық және экологиялық білімнің интеграциясы. Магистранттардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудың заманауи әдістемелері. Бейорганикалық заттарды өндірудің технологиясын зерттеудің ғылыми- әдістемелік тәсілдері. Химия-технология өндірісінің экологиясының кейбір аспектілері. Бейорганикалық тұздар, қышқылдар, сілтілер, минералды тыңайтқыштар және басқа да негізгі өнімдердің бейорганикалық синтезінің химия-технологиялық үрдісін зерттеудің әдістемелері.

 

КПМК

02

FКНОZА 5302

Физикалық және коллоидты химияны оқытудың заманауи әдіснамасы

Физикалық және коллоидты химияны негізгі пән ретінде оқытудың әдістемелері және әдіснамасы. Термодинамиканың негізгі заңдары, гомогенді және гетерогенді ерітінділердің тепе-теңдігі, дисперсті жүйелер мен үрдістердің кинетикасы жайындағы ілім. Катализ туралы негізгі ұғымдар, каталитикалық жүйелердегі катализаторлардың белсенділігі және таңдаулылығы - технологиялық өндірістердің (отын өнеркәсібі, металлургия, нефтехимиялық, химиялық,

2

1- кестенің жалғасы

1

2

3

4

   

биологиялық және медициналық препараттарды алу және тазалау т.б.) негізін және берілімдерін шешудегі құрал ретінде. Беттік құбылыстардың физикалық химиясын зерттеудің ғылыми әдістемелік жолдары. Текстиль, тамақ өнеркәсіптеріндегі өндірістердегі беттік белсенді заттардың рөлі. Полимерлердің физика-химиясының негізгі заңдылықтары, биологиялық жүйелердегі химиялық әрекеттесулер. Ферменттік катализдің ерекшеліктері мен биокатализаторларды өндірудің және өнеркәсіптік пайдаланудың келешектері. Таңдамалы адсорбция, гельдердің ісінумен ескіруінің, коллоидтық «қорғау», буферлік жүйелердің биологиялық мағынасы. Физикалық және коллоидтық химияның, катализдің негізгі жағдайлары мен идеяларын интерпретациялаудың ғылыми теориялық жолдарының бірлігі мен қарама-қарсылығы.

 

КПМК

03

OGCHKOQAN 5303

Органикалық және жоғары молекулалық қосылыстар химиясы курстарын оқытудың ғылыми әдістемелік негіздері

Оргаикалық химияны заманауи оқыту әдістемелерінің негізі мен міндеттері. ЖОО-дары, ЖОО-нан кейінгі білім беру саласында органикалық химия курсын зерттеудің әдіснамалық негіздері. Органикалық химия пәнінің теориялық негіздері. ЖОО-дары, ЖОО-нан кейінгі білім беру саласындағы органикалық химия курсының айырмашылығы мен ерекшеліктері. ЖОО-да органикалық химия дәрістерінің мазмұны мен құрылымы. Кредиттік технологиялық оқытудағы берілетін материалдарды бөлудің әдістемелік принциптері. Органикалық химия курсын зерттеудегі заманауи оқыту технологиялары, химиялық тәжірибелердің рөлі мен міндеттері. Зертханалық-сарамандық сабақтарды және бақылау жұмыстарын жүргізудің заманауи

2

1- кестенің жалғасы

1

2

3

4

   

оқыту құралдары мен ұйымдастырушылық түрлері. Жоғарғы молекулалық қосылыстар химиясы курсын оқытудың әдіснамалық ерекшеліктері, пәннің құрылымы мен мазмұны және басқа химиялық пәндермен аралық байланысы. Полимерлік молекулалармен олардың физика-химиялық сипаттамасы жайында ұғымды қалыптастырудың әдіснамалық негіздері. Жаңа полимерлік материалдардың синтезі және олардың теоретикалық және тәжірибелік зерттеудің әдістемелік жолдары. Органикалық, жоғарғы молекулалық қосылыстар химиясы курстарын зерттеудегі пәнаралық байланысты қолдану. Органикалық қосылыстарды синтездеу технологиясы бөлімін зерттеудің әдістемелік негіздері. Органикалық синтез, мұнай химиясы, биотехнология және фармацевтикалық өнеркәсіптердің химиялық технологиясының экологиялық және техникалық аспектілерін зерттеудің әдіснамасы. Органикалық заттар, полимерлік материалдар химиясы және оларды синтездеу технологиясы жайындағы түсініктерді біріктіре қарастыру.

 

2.2

КПТК

Таңдауы бойынша компонент

12

3

 

Практика**

- педагогикалық

- зерттеу

6

4

2

4

 

Магистрлік диссертацияның орындалуын қамтитын магистрантытң ғылыми-зерттеу жұмысы (МҒЖЗ)

11

5

 

Қорытынды аттестация (ҚА)

2

5.1

 

Кешенді емтихан (КЕ)

1

5.2

 

Магистрлік диссертацияны қорғау (МДҚ)

1

   

Барлығы

47

*Бакалавриатта осы пәнді оқытуды қарастырылмаған білім беру бағдарламаларының мамандықтары үшін ұсынылады.

**Практикаға бөлінетін кредиттер саны жалпы еңбек сыйымдылығының көлеміне кірмейді. Қажет болған жағдайда ЖОО практикаға бөлінген кредит санын көбейте алады.

2-кесте (салалық бағыт – 1 жыл)

№ п/п

Пән коды

Пәннің аталуы

Кредит көлемі

1

2

3

4

1

БП

Базалық пәндер

9

1.1

БПМК

Міндетті компонент

5

БПМК

01

GTF 5201

Ғылым тарихы мен философиясы

Философия және әдістеме ғылымдары философиялық білімнің саласы ретінде. Өркениет пен мәдениеттегі ғылым. Ғылымның пайда болуы. Ғылымның тарихи дамуының негізгі кезеңдері. Ғылыми білімнің құрылымы. Ғылыми революциялар (төңкерістер). Ғылыми рационалдық. Ғылым дамуының қазіргі кезеңінің ерекшеліктері. Әлеуметтік институт ретіндегі ғылым. Қазіргі таңдағы ғылыми білімнің құрылымындағы жаратылыстану ғылымдары. Адам, тарих, мәдениет және қоғам туралы ғылымдардың қалыптасу тарихы. Нақты ғылымдардың өзекті философиялық мәселелері. Ғылыми істерді ұйымдастыру: өлшемі, сипаттамасы эволюциялық теория құрылымы мен принциптері. Қазіргі замаңғы пәндік білімді ұйымдастыру эволюциясы. XX ғ.-XXI ғ. ғылымның этикалық аспектілері, ғылымға гуманитарлық сыни ретінде. XXI ғ. коммуникативті технологиялар және олардың қазіргі ғылымдағы орны. Постклассикалық емес ғылымдағы және адам туралы жүйелердегі ақпараттық үдерістердің орны. Жаратылыстану және әлеуметтік-гуманитарлық басқа да ғылымдағы қазіргі өзекті әдістемелік, әдіснамалық және философиялық мәселелердің орны.

1

БПМК

02

ChT 5202

Шет тілі

Шет тілін С1 (тілдік емес мамандықтар) және С2 (тілдік мамандықтар), сонымен бірге LSP(арнайы мақсат үшін тілді игеру) халықаралық стандарт деңгейінде меңгеру. Ғылыми стильдің грамматикалық категорияларын ауызша және жазбаша формада

2

         

2- кестенің жалғасы

1

2

3

4

   

меңгеру. Ақпараттық және кәсіби мазмұндағы мәлімететрді қабылдау. Мамандық және қоғамдық-саяси мәселелер (баяндама, мәлімдеме, презентация, дөңгелек стол аясында сұхбаттасу, пікір-сайыс және т.б.) бойынша монологтық және диалогтық формада кәсіби деңгейде ауызша қарым-қатынас жасау. Магистранттың ғылыми жұмысымен байланысты жазбаша мәлімдеме дайындау. Халықаралық ынтымақтастыққа қатысты ресми құжаттардың формалары мен түрлерін (бірлескен бағдарламалар, жобалар, гранттар, ғылыми хаттар) безендіру дағдыларын дамыту. Түсіндірме және екі тілдік терминологиялық сөздіктермен, сонымен қатар мамандық бойынша анықтағыш әдебиеттермен жұмыс істей алу. Екіжақты жазбаша және ауызша аударма дағдысын дамыту. (ғылыми мақала, тезистер, баяндама, аударма, рефераттау және аннотациялау т.б.)

 

МК

03

Men 5203

Менеджмент

Менеджменттің мәні және оның нарық жағдайындағы рөлі. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлердің қалыптасуы мен дамуындағы мемлекеттің рөлі мен функциялары. Басқарушылық қызметтегі қазіргі тенденциялар. Басқару функцияларын анықтау методолгиясы және олардың қарым-қатынасы. Басқару құрылымын құру. Ұйым түрлері мен басқару деңгейлеріне байланысты басқарудың ұйымдық құрылымын жобалау. «Басқару» категориясының экономикалық, ақпараттық, жүйелік-мақсаттық және психологиялық табиғатын ескере отырып, әлеуметтік-экономикалық жүйенің басқару органдарының қызметін жобалау. Экономикалық заңдар мен басқарушылық шешімдерді жүзеге асыру механизмдерін әзірлеу, оларды әр түрлі басқарушылық

1

2 - кестенің жалғасы

1

2

3

4

   

қызмет тәжірибесінде қолдану. Мего-, макро-, мезо- және микро деңгейлердегі экономикалық мүлделерді үйлестіру. Басқарушылық қызметтің тиімділігін бағалау әдістемесі. Жергілікті өзін-өзі басқарудағы озық елдердің тәжірибесі және оның Қазақстандағы жағдайы. Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуы. Билік түрлері және көздері. Мемлекеттік билік және мемлекеттік басқару.

 

БПМК

04

Psi 5204

Психология

Психология бұл ғылым. Ғылым жүйесіндегі психологияның орны мен міндеттері. Оқыту үдісіндегі адамның танымдық іс-әрекетінің психологиясы.

Нарықтық экономика жағдайындағы білім беру үдерісінің гносеологиялық және онтологиялық мәселелері. Қазіргі заман талабына сай оқытудың сапасы мен тиімділігін артырудың психологиялық құралдары мен әдістері. Келіспеушлік жағдайларда оқытуды басқару үдерісі.Педагогикалық қарым-қатынас психологиясы. Келешектегі кәсіби іс-әрекет аясындағы жұмыскердің профессиограммасы мен психограммаасы. Іс-әрекет және бейімдеу. Іс-әрекет психологиясы және таным үрдісі. Адам еңбек іс-әрекеті және құрылымы. «Адам-машина-орта» жүйесінің психологиясның негізі. Эргономика және психология. Кәсіби іс-әрекет сенімділігінің мәселесі. Тұлғаның және тұлғааралық қарым-қатынастың психодиагностикалық мәселелері. Психологиялық басқару негізі. Басқару іс-әрекетінің мазмұны мен құрылымы. Менеджмент психологиясы. Қолданбалы психология незігі. Келешектегі кәсіби іс-әрекет бейіндігін есепке ала отырып магистлар мен оқытушыларға және мамандарға психологиялық кеңес беру.

1

2 - кестенің жалғасы

1

2

3

4

1.2

ТК

Таңдауы бойынша компонент

4

2

КП

Кәсіптік пәндер

9

2.1

КПМК

Міндетті компонент

2

КПМК

02

FКНОZА 5302

Физикалық және коллоидты химияны оқытудың заманауи әдіснамасы

Физикалық және коллоидты химияны негізгі пән ретінде оқытудың әдістемелері және әдіснамалары. Термодинамиканың негізгі заңдары, гомогенді және гетерогенді ерітінділердің тепе-теңдігі, дисперсті жүйелер мен үрдістердің кинетикасы жайындағы ілім. Катализ туралы негізгі ұғымдар, каталитикалық жүйелердегі катализаторлардың белсенділігі және таңдаулылығы - технологиялық өндірістердің (отын өнеркәсібі, металлургия, нефтехимиялық, химиялық, биологиялық және медициналық препараттарды алу және тазалау т.б.) негізін және берілімдерін шешудегі құрал ретінде. Беттік құбылыстардың физикалық химиясын зерттеудің ғылыми әдістемелік жолдары. Текстиль, тамақ өнеркәсіптеріндегі өндірістердегі беттік белсенді заттардың рөлі. Полимерлердің физика-химиясының негізгі заңдылықтары, биологиялық жүйелердегі химиялық әрекеттесулер. Ферменттік катализдің ерекшеліктері мен биокатализаторларды өндірудің және өнеркәсіптік пайдаланудың келешектері. Таңдамалы адсорбция, гельдердің ісінумен ескіруінің, коллоидтық «қорғау», буферлік жүйелердің биологиялық мағынасы. Физикалық және коллоидтық химияның, катализдің негізгі жағдайлары мен идеяларын интерпретациялаудың ғылыми теориялық жолдарының бірлігі мен қарама-қарсылығы.

1

2 - кестенің жалғасы

1

2

3

4

КПМК

03

OGCHKOQAN 5303

Органикалық және жоғары молекулалық қосылыстар химиясы курстарын оқытудың ғылыми әдістемелік негіздері

Оргаикалық химияны заманауи оқыту әдістемелерінің негізі мен міндеттері. ЖОО-дары, ЖОО-нан кейінгі білім беру саласында органикалық химия курсын зерттеудің әдіснамалық негіздері. Органикалық химия пәнінің теориялық негіздері. ЖОО-дары, ЖОО-нан кейінгі білім беру саласындағы органикалық химия курсының айырмашылығы мен ерекшеліктері. ЖОО-да органикалық химия дәрістерінің мазмұны мен құрылымы. Кредиттік технологиялық оқытудағы берілетін материалдарды бөлудің әдістемелік принциптері. Органикалық химия курсын зерттеудегі заманауи оқыту технологиялары, химиялық тәжірибелердің рөлі мен міндеттері. Зертханалық-сарамандық сабақтарды және бақылау жұмыстарын жүргізудің заманауи оқыту құралдары мен ұйымдастырушылық түрлері. Жоғарғы молекулалық қосылыстар химиясы курсын оқытудың әдіснамалық ерекшеліктері, пәннің құрылымы мен мазмұны және басқа химиялық пәндермен аралық байланысы. Полимерлік молекулалармен олардың физика-химиялық сипаттамасы жайында ұғымды қалыптастырудың әдіснамалық негіздері. Жаңа полимерлік материалдардың синтезі және олардың теоретикалық және тәжірибелік зерттеудің әдістемелік жолдары. Органикалық, жоғарғы молекулалық қосылыстар химиясы курстарын зерттеудегі пәнаралық байланысты қолдану. Органикалық қосылыстарды синтездеу технологиясы бөлімін зерттеудің әдістемелік негіздері. Органикалық синтез, мұнай химиясы, биотехнология және фармацевтикалық өнеркәсіптердің химиялық технологиясының экологиялық және техникалық аспектілерін зерттеудің әдіснамасы. Органикалық заттар,

1

2 - кестенің соңы

1

2

3

4

   

полимерлік материалдар химиясы және оларды синтездеу технологиясы жайындағы түсініктерді біріктіре қарастыру.

 

2.2

КПТК

Таңдауы бойынша компонент

7

3

 

Практика**

- педагогикалық

- зерттеу

3

2

1

4

 

Магистрлік диссертацияның орындалуын қамтитын магистрантытң ғылыми-зерттеу жұмысы (МҒЖЗ)

11

5

 

Қорытынды аттестация (ҚА)

2

5.1

 

Кешенді емтихан (КЕ)

1

5.2

 

Магистрлік диссертацияны қорғау (МДҚ)

1

   

Барлығы

47

7.6 Оқу бағдарламасының ғылыми компоненті магистранттың ғылыми-зерттеу, ғылыми жарияланымдарынан және магистрлік диссертациядан тұрады.

7.7 Магистратураның білім беру бағдарламасын жедел меңгерген және оған қойылған талаптарды орындаған жағдайда білім беру мерзімі есепке алынбай-ақ, магистрантқа «магистр» академиялық дәрежесі берілуі мүмкін.

7.8 Салалы магистратураны бітірген магистрант педагогикалық саладағы пәндер циклін меңгерген жағдайда және педагогикалық практиканы өткен жағдайда ғана ғылыми және педагогикалық жұмыспен айналыса алады.

3-кесте (салалы магистратураны бітірген магистрант педагогикалық саладағы бағдарлама)

Пән атауы

Кредит саны

1.

Міндетті компонент (МК)

5

 

Ғылым тарихы мен илософиясы

1

 

Педагогика

3

 

Психология

1

 

Таңдауы бойынша компонент (ТК)

2

 

Практика (педагогикалық)

6-дан кем емес

2.

Барлығы

7-ден кем емес

*Практикаға бөлінетін кредиттер саны жалпы еңбек сыйымдылығының көлеміне кірмейді. Қажет болған жағдайда ЖОО практикаға бөлінген кредит санын көбейте алады.

7.9 6М011200-Химия мамандығы бойынша магистрдің түйінді құзыреттілігіне қойылатын талаптар:

Магистр ғылыми және педагогикалық даярлау бойынша:

түсінігі болуы керек: ғылыми зерттеулердің әдістері, білім беру саласындағы қазіргі кездегі жетістіктері, әдістемелік мәдениет негіздері, іздену ойы, рационалдылықтың түрі ретінде ғылымды жүйелеп талдау, ғылыми, философия және жаратылыстану арасындағы өзара байланыс жөнінде; химияның әртүрлі салаларындағы қазіргі заманның теориялық және қолданбалы мәселелер туралы; ғылыми ұйымдастыру мен жоспарлаудың қазіргі заманның ағымдары туралы, химиялық процестерді компьютерлік химияның жетістіктерін пайдалана отырып математикалық модельдеу туралы;

білуі керек: химияның концептуалды жүйелерін және олардың даму заңдылықтарын, сонымен қатар химиядағы негізгі заңдары мен теориялардың философиялық сұрақтарын; бейорганикалық және органикалық заттардың стереохимиясы туралы қазіргі заманның түсініктерін, электрондық ығысулар теориясын, химиялық байланыстың түрлеріне жаңа көзқарастарды, жәй және күрделі молекулалардың қасиеттерін анықтайтын заңдар мен принциптер, сондай-ақ гомогенді және гетерогенді жүйелердің кинетикасы мен термодинамикасын; аса маңызды органикалық және бейорганикалық заттар өндіру технологиялық үрдістерінің негіздерін, химиялық процестердің және заттардың физика-химиялық әдістерін зерттеудің теориялық негіздері, ластаушы заттардың негізгі кластары, оларды жіктеудің әртүрлі әдістері, ҚР мен ТМД елдерінде ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен қаржыландырудың қазіргі заманғы жүйесі, ғылыми нәтижелерді баяндау мен жазудың жалпы талаптарын, ғылыми ақпаратты іздену мен алмасу, ғылыми зерттеулердің информатикасы мен компьютерлендіру негіздерін; ғылыми материалды баяндауға, активті және пассивті шет тілі лексикасын; ғылыми және тұрмыстық диалог ерекшеліктерін, оларды қазақ (орыс) тілдеріне енгізудің лнигвистикалық түрлерін; химия пәндерін оқытудың қазіргі кездегі әдіснамасын, алыс шет ел, ҚР әртүрлі білім технологиясының критериилері және жүйесі.

істей білуі керек: жаңа технологияларды пайдаланып дәріс өткізу, дәріс түрлерін бөлу, зертханалық және практикалық сабақтарды өткізу, техникалық құралдарды пайдалану, студенттің өзіндік жұмысын басқару, химиялық экспериментті өткізу және жоспарлау, өзінің ғылыми қорытындыларын логикалық негіздеуді, алынған тәжірибелік материалды қорытындылауды, мақалалар мен тезистер, рефераттар, іс қағаздарын жазуды; қазіргі заманғы химияның мәселелік сұрақтарын іргелі химиялық пәндер бойынша теориялық және практикалық білімдерін пайдалана отырып шешуді; заттарды анализдеудің оңтайлы аналитикалық әдісін таңдауды; алған білімдерін ғылыми зерттеулердің ең қажетті саласын таңдау және оның республика сұранысын өтеудегі өзектілігін бағалау үшін жаңа полимерлер мен қажетті қасиеттері мен сипаттамалары бар композициялық материалдар алудың тактикасы мен стратегиясын анықтау үшін пайдалануды; химиялық мониторингті шикізат өндірісіндегі өнімдердегі уыттылғын бағалауды; өзінің авторлық және қосарлас құқықтарын қорғауды, мүмкін болатын өнертапқыштыққа өтініш жасауды.

дағдысы болу керек: ақпараттық компьютерлік жинақтау, сақтау және өңдеу әдістері; мамандығы байланысты оқыған ғылыми әдебиет бойынша өз көзқарасын баяндау; диссертациялық жұмыс тақырыбы мен ғылыми және қоғамдық саясат тақырыптарына әңгіме жүргізу; ғылыми және оқыту үрдістерді басқару; қажетті түйіндеу әдісі мен оны жедел іске асырудың әдістемесін таңдау; қосарлас мамандықтар мен прогрессивті технологияларды жедел меңгеру.

білікті болу керек: шет тілін меңгеру, ғылым тарихы мен философия сұрақтарында; психология, педагогика, аналитикалық, органикалық, коллоидты, физикалық, экологиялық, жоғары молекулалық қосылыстар химиясы және химиялық физика салаларында.

8 Магистрлік білім беру бағдарламаларының шарттарына және әзірленуіне қойылатын талаптар

8.1 Магистрант ғылым кандидаты немесе ғылым докторы атағы бар немесе мамандық бойынша PhD докторы академиялық дәрежесі бар және аталған салада ғылыми зерттеу жұмысымен белсенді айналысатын ғылыми жетекшінің басшылығымен бірлесе отырып жасалған жеке жұмыс жоспары негізінде оқытылады. Қажетті жағдайда жақын ғылым саласынан ғылыми кеңесші тағайындауға болады.

Магистранттың жеке жұмыс жоспары оқу мерзімінің барлық кезеңіне жасалынады. Ол төмендегі тарауларды қамтиды:

- жеке оқу жоспары (қажетті жағдайда жыл сайын нақтыланады);

- ғылыми-зерттеу жұмысы (тақырыбы, зерттеу бағыты, мерзімі мен есеп беру түрі);

- практика (бағдарлама, база, мерзімі мен есеп беру түрі);

- магистрлік диссертация (жұмыс) тақырыбы негіздемесі мен құрылымы;

- магистрлік диссертация (жұмыс) орындау жоспары;

- ғылыми жарияланым, тәжірибеден өту (қажет жағдайда) жоспары.

8.2 Білім алушының оқу жетістіктерінің бақылау нәтижелерін халықаралық білім кеңістігінде танылуын қамтамасыз ету үшін, білімді бағалау әріптік және рейтінгілік-баллдық жүйе арқылы жүргізіледі.

8.3 Практиканы ұйымдастыруға қойылатын талаптар

Ғылыми және педагогикалық магистратурадағы білім беру бағдарламасы практиканың төмендегі түрлерін қарастырады:

- педагогикалық,

- зерттеу.

Педагогикалық практика жоғары мектепте мамандықтың және мамандандыру пәндерін оқытудың тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүргізіледі.

Магистранттың зерттеу практикасы отандық және шетелдік ғылымдардың жаңа теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктерімен танысу, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізу дағдысын қалыптастыру, зерттеудің теориялық және қолданбалы мақсаттары мен тапсырмаларын қоя білу, сондай-ақ жоспарларды химия ғылымының жетістіктері мен қазіргі заманғы технология негізінде дамыту мақсатында жүргізіледі.

Педагогикалық практиканың өткізілетін орны шығарушы кафедра, сондай-ақ басқа ЖОО болып табылады.

Зерттеу практикасының өткізілетін орны ЖОО-ның шығарушы кафедрасы, ғылыми-зерттеу институттары, магистранттың диссертациялық жұмысына байланысты химия саласының кәсіпорындар болып табылады.

8.4 Зерттеу практиканың мазмұны магистрлік диссертацияда қорғалатын мамандықтың негізгі мәселесіне сәйкес анықталады.

8.5 Практиканың барлық түрі оқу жоспарында белгіленгендей жеке жоспар мерзіміне сәйкес орындалады.

8.6 Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысына қойылатын талаптары:

Магистраттың ғылыми-зерттеу жұмысының міндеттері:

- магистрлік диссертация қорғалатын химияның әртүрлі бөлімдерінің теориялық және қоданбалы сұрақтарының мәселесіне сәйкес болуы тиіс;

- өзекті, ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығының болуы;

- химия ғылымы мен практикасының қазіргі кезеңдегі теориялық, әдістемелік, технологиялық жетістіктеріне сүйену;

- алынған мәндерді талдауда компьютерлік технологияларды қолдана отырып қазіргі заманның өңдеу және интерпретациялау әдістері қолданылуы тиіс;

- негізгі қорғалатын қағидалар бойынша ғылыми-зерттеу (әдістемелік, практикалық) тарауларының болуы;

- қажетті білім саласындағы алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибеге сүйену.

8.7 Ғылыми-зерттеу жұмысының қорытындысы әрбір академиялық кезеңнің соңында магистранттың есебі түрінде көрсетіледі.

Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесі магистрлік диссертация (жұмыс) болып табылады. Оны дайындауға 3 кредит бөлінеді.

Магистрлік диссертацияның негізгі нәтижесі кем дегенде бір басылыммен және ғылыми-практикалық конференцияға қатысумен ұсынылуы керек.

8.8 Диссертацияның мазмұны мен көркемдеуге қойылатыг талаптар, оларды дайындау және қорғау білім саласының заңды органдарының нормативті ережелік актілерімен анықталынады.

8.9 Мамандармен қамтамасыз етілу талабы

Магистратураның білім беру бағдарламасы білім беру қызметіне лицензия бар мекемелерде жүзеге асырылады, мамандықтар бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартындағы базалық және кәсіптік пәндер циклі бойынша дәріс беретін ғылым докторлары, ғылым кандидаттары атағы және философия докторы (PhD), бейіндік доктор академиялық дәрежесі бар штаттағы оқытушылардың 45 %-дан кем болмауы керек.

8.10 Магистратурадағы дәрісті ғылым кандидаты мен ғылым докторы атағы және PhD докторы академиялық дәрежесі бар немесе ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистрлер, сонымен қатар «Химик. Химия оқытушысы» мамандығы бар мамандар өткізуі тиіс.

8.11 Магистратурадағы оқу дәрістері инновациялық технологияны және интерактивті оқу әдісін қолдану арқылы жүргізілуі тиіс.

8.12 Оқытушылар оқытудың интерактивті әдісін және технологияларын біліп, оны оқу үдерісінде қолданылуы тиіс.

Ағылшын тілін оқыту кезінде осы пәннен беретін мұғалімдер информациялық технология облысы бойынша магистрлік программаларды ағылшын тілінде өткізу керек.

8.13 Оқу-әдістемемен қамтамасыз етудің талаптары

Оқу үрдісінің оқу-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыздануы магистранттардың білім алу бағдарламасын сапалы түрде меңгеруіне кепілдік беруі керек.

Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру барысында халықаралық ақпараттық жүйелерді, мәліметтердің электрондық базасын, кітапхана қорын, компьютерлік технологияны, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттерді кеңінен пайдалану мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс.

8.14 Материалды-техникалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар:

Магистратураның білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын мекемелерде оқу жоспарында көрсетілген теориялық, практикалық дайындықтың барлық түрлерін жүргізу үшін, сонымен қатар магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелі орындалуына жағдай жасауы үшін санитарлық-техникалық нормаларға сәйкес материалды-техникалық база (аудиториялық қор, компьютерлік класс, зертхана, приборлық қамтамасыздық, қор материалдары) болуы қажет.

Жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелер жарияланымдарының басылуына мүмкіндік туғызуы керек.

9 Магистратураның білім беру бағдарламасын орындағандардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

9.1 Жалпы талаптар:

Магистратураны бітірушінің іргелі ғылыми және кәсіби дайындығы болуы қажет. Ғылыми ақпаратты жинақтау, өңдеу және сақтау әдістерімен қоса қазіргі ақпараттық технология әдісін білуі, ғылыми ақпаратты игеріп және қолдануы, қазіргі ғылыми және практикалық мәселелерді шешу және құрастыру, ғылыми-зерттеу қызметін таңдаған мамандығы бойынша жоспарлау және жүргізу, жоғары оқу орындарында дәріс беру.

9.2 Магистратураның оқу бағдарламасын игеруге қойылатын талаптар арнайы пәндердің оқу бағдарламаларымен анықталады.

10. Білім сапасын мемлекеттік бақылау әдістері мен ережелеріне қойылатын талаптар

Бітірушілердің қорытынды аттестациясы – олардың алған білімі, дағдысы, меңгергені және магистратураның мамандықтары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру талаптарының компетенциясына бағытталған магистранттың мемлекеттік бақылау формасында жеткен білім жетістігі.

Магистранттың қорытынды аттестациясы кешенді экзамен және магистрлік диссертацияны қорғау формасында жүргізіледі.

Кешенді эмтихан білім облысындағы орнатылған тәртіпте ҚР-ның орталық атқару органы бекіткен мемлекеттік аттестациялық комиссия қабылдайды.

Қосымша А

(міндетті)

ТИПТІК ОҚУ ЖОСПАРЫ

Мамандығы 6М011200 – Химия

(ғылыми және педагогикалық бағыт)

Оқыту мерзімі: 2 жыл

Академиялық дәрежесі: «педагогика ғылымдарының магистрі»

«6М011200 – Химия» мамандығы бойынша

Пәндер

циклі

Пән коды

Пәннің атауы

Кредит көлемі

Семестр

Бақылау

Түрі

БП

Базалық пәндер

16

   

БПМК

Міндетті компонент

9

   

GTF 5201

Ғылым тарихы мен

Философиясы

2

1

Емтихан

ShT 5202

Шет тілі

2

1

Емтихан

Ped 5203

Педагогика

3

1

Емтихан

Psi 5204

Психология

2

2

Емтихан

БПТК

Таңдауы бойынша компонент

7

   

КП

Кәсіптік пәндер

18

   

КПМК

Міндетті компонент

6

   

GBHOZTА

5301

Жалпы және бейорганикалық химияның оқытудың заманауи технологиясы мен әдіснамасы

2

1

Емтихан

FKHOZА

5302

Физикалық және коллоидты химияны оқытудың заманауи әдіснамалық негіздері

2

2

Емтихан

OGSHOGAN

5303

Oрганикалық және жоғары молекулалық қосылыстар химиясын оқытудың ғылыми әдістемеғлік негіздері

2

2

Емтихан

КПТК

Таңдауы бойынша компонент

12

   

Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы

11

   

Практика*

Педагогикалық

зерттеу

4

2

3

4

 

Қорытынды аттестация

Кешенді емтихан

1

4

 

Магистрлік диссертацияны қорғау

1

4

 

БАРЛЫҒЫ

47

   

*Практика бөлінетін кредиттер саны жалпы еңбек сыйымдылығының көлеміне кірмейді.

Қажет болған жағдайда ЖОО практикаға бөлінген кредит санын көбейте алады.

Қосымша Ә

(міндетті)

ТИПТІК ОҚУ ЖОСПАРЫ

Мамандығы 6М011200 – Химия

(ғылыми және педагогикалық бағыт)

Оқыту мерзімі: 2 жыл

Академиялық дәрежесі: «Білім магистрі»

«6М011200 – Химия» мамандығы бойынша

Пәндер

циклі

Пән коды

Пәннің атауы

Кредит көлемі

Семестр

Бақылау

Түрі

БП

Базалық пәндер

9

   

БПМК

Міндетті компонент

5

   

GTF 5201

Ғылым тарихы мен

Философиясы

1

1

Емтихан

ShT 5202

Шет тілі

2

1

Емтихан

Ped 5203

Менеджмент

1

2

Емтихан

Psi 5204

Психология

1

1

Емтихан

БПТК

Таңдауы бойынша компонент

4

   

КП

Кәсіптік пәндер

9

   

КПМК

Міндетті компонент

2

   

FKHOZА

5302

Физикалық және коллоидты химияны оқытудың заманауи әдіснамалық негіздері

1

1

Емтихан

OGSHOGAN

5303

Oрганикалық және жоғары молекулалық қосылыстар химиясын оқытудың ғылыми әдістемеғлік негіздері

1

2

Емтихан

КПТК

Таңдауы бойынша компонент

7

   

Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы

4

   

Практика*

өндірістік*

3

2

 

Қорытынды аттестация

Кешенді емтихан

1

2

 

Магистрлік диссертацияны қорғау

1

2

 

БАРЛЫҒЫ

24

   

*Практика бөлінетін кредиттер саны жалпы еңбек сыйымдылығының көлеміне кірмейді.

Қажет болған жағдайда ЖОО практикаға бөлінген кредит санын көбейте алады.

ELR МКС Т

Түйінді сөздер: мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты; кредиттік оқыту жүйесі; кредит; магистратура; магистрант; магистратураның білім беру бағдарламасы; магистрлар даярлаудың мамандығы; тұлғаны даярлау деңгейіне қатысты талаптар; магистратураның білім беру бағдарламаларына қойылатын талаптар; міндетті компонент; таңдау компоненті; химия; бейорганикалық химия; органикалық химия; физикалық химия; аналитикалық химия; химия магистрі.