4 «5В072100-Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандық шеңберіндегі білім беру бағдарламасының тізбесі

Мамандық шеңберіндегі білім беру бағдарламасының тізбесін жоғары оқу орнының Кеңесі белгілейді.

5 Біліктілік пен мамандардың тізбесі

Химия мамандығы бойынша бітірген түлекке "«5В072100-Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша білім бакалавры" академиялық дәрежесі беріледі. Түлектердің біліктілігі және қызметтері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 21.11.2002ж. №273-П бұйрығымен бекітілген "Жетекшілердің, мамандардың және басқа да қызметкерлердің біліктілік анықтамасына" сәйкес анықталады. Химия бакалавры біліктілігі бойынша орта буын маманы болып табылады және мынадай қызметтерді атқара алады:

- химиялық және педагогикалық салалардағы ғылыми-зерттеу ұйымдарында аға лаборант, лаборант, маман және т.б.

- химия пәнінің оқытушысы, директор, ғылым, оқу және оқу-тәрбие жұмыстары бойынша директордың орынбасары, оқу-тәрбие орындарында, жалпы орта білім беру, кәсіби-техникалық білім беру, арнайы орта білім беру, сонымен қатар мектептен тыс және қосымша білім беру мен тәрбиелеу ұйымдарында педагогикалық жұмыстарға теңестірілетін басқа жүмыстарда кәсіби шеберхана басшысы, үйірме жетекшісі, аға тәрбиеші, тәрбиеші және т.б.

6 «5В071200-Химия» мамандығы бойынша бакалаврдың біліктілік сипаттамасы

6.1 Кәсіби қызметінің саласы

Химия бакалавры химия ғылымы, химия өнеркәсібі және химиядан білім беру салаларында жұмыс жасай алады.

6.2 Кәсіби қызметінің объектілері

Бітірушілердің кәсіптік қызмет объектісі – жалпы орта білім беру, кәсіптік-техникалық білім беру, арнайы орта білім беру, сонымен қатар мектептен қызметтерін жоспарлауға, ұйымдастыруға және басқаруға арналған. Оқу пәнінің социалдаушы потенциалын тереңдететін тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру үшін химия пәнінен сабақтарды және сабақтан тыс жұмыстарды жүргізу үшін оқу материалдарын жинақтау және сараптау.

6.3 Кәсіби қызметтің пәні

Бакалаврдың кәсіби қызметі жалпы орта білім беру, кәсіби-техникалық білім беру, арнайы орта білім беру, сонымен қатар мектептен тыс ұйымдарда және қосымша білім және тәрбие беру оқу-тәрбиелік ұйымдарында және мекемелеріндегі оқу-тәрбиелік процесс болып табылады.

6.4 Кәсіби қызметінің түрлері

«5В072100-Органикалық заттардың химиялық технологиясы»» мамандығы бойынша бакалаврлар мынандай кәсіби қызмет түрлерін атқара алады: жалпы орта білім беру, кәсіби-техникалық білім беру, арнайы орта білім беру, сонымен қатар мектептен тыс ұйымдарда және қосымша білім және тәрбие беру оқу-тәрбиелік ұйымдарында және мекемелерінде төмендегідей кәсіптік қызметтің түрлерін орындауға мүмкіндігі бар:

- диагностикалық;

- білім беру (педагогикалық);

- жобалық;

- ғылыми зерттеу;

- өндірістік-басқару;

- ұйымдастыру-технологиялық;

- бағыттама-болжаулық;

- ақпаратты-түсіндірмелі;

- коммуникативті-ынталандыру;

- сараптау-бағалау.

6.5 Кәсіби қызметінің функциясы

«5В072100-Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша бакалаврлар мынадай кәсіптік қызмет функцияларын орындауға мүмкіндігі бар: педагогикалық, ғылыми-әдістемелік және ұйымдастырушы-басқарушылық.

6.6 Кәсіби қызметінің типтік міндеттері

- заттар және химиялық құбылыстардың бірлігі және әртүрлілігімен, олардың табиғатта және адам өмірінде алатын орнымен оқушыларды таныстыру;

- химиялық түсінік жүйесінің бір-бірімен байланысын қалыптастыру;

- жаратылыстану ғылымдарына орай табиғатты тану әдістерімен таныстыру;

- химияға және оның белгілі бір саласына деген қызығушылықты қалыптастыру және дамыту;

- күнделікті өмірде қажет заттарды қолдануда қауіпсіздікті байқау қажеттілігін қалыптастыру;

- адам денсаулығына, табиғатқа бағалы қатынасты тәрбиелеу;

- алынған ақпаратты сын көзбен ойлау білігін дамыту;

- барлық оқу кезіндегі мотивация.

6.7 Кәсіби қызметінің бағыттары

Кәсіби қызмет химия саласында білімалушылардың оқу және іздену қызметтерін жоспарлауға, ұйымдастыруға және басқаруға арналған. Оқу пәнінің социалдаушы потенциалын тереңдететін тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру үшін химия пәнінен сабақтарды және сабақтан тыс жұмыстарды жүргізу үшін оқу материалдарын жинақтау және сараптау.

6.8 Кәсіби қызметінің мазмұны

- cабақ беру, зертханалық және практикалық сабақтарды жүргізу;

- көрнекілік тәжірибелерді өткізу және дайындау;

- аралық, қорытынды, жалпы үлгерім бақылауларын жүргізу және оларға тапсырма беру жинағын құрастыру;

- химиялық олимпиада және барлық дәрежедегі ғылыми конкурстарды жүргізу және дайындау;

- факультативтік сабақтарды жүргізу;

- өнеркәсіп орындарына және өндірістік емес нысандарға оқу экскурсиясын жүргізу;

- химиядан үйірме ұйымдастыру және жүргізу;

- ғылыми-педагогикалық ақпараттар іздеу;

- қосымша білім беру жүйесінде сабақ жүргізу.

6.9 «5В072100-Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша бакалаврдың негізгі қызметіне қойылатын талаптар

хабардар болуы керек:

- әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық ғылымдар саласынан;

- ҚР-ғы және әлемдегі ғылым мен техниканың қазіргі кезеңдегі жағдайынан;

- ҚР-ғы және шетелдегі жаңа педагогикалық технологиялар туралы;

- дистанциялық оқыту принциптері туралы;

- қоғам мүшелерінің білім деңгейіне жаћанданудың әсері туралы;

білуі керек:

- Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі құқықтық-нормативті базасының мазмұнын (заңдар, тұжырымдар, халықаралық келісімдер, стандарттар, ережелер және т.б.);

- химиядан орта (толық) жалпы білім берудегі міндетті талап;

- мектепте химиядан білім берудің құрылымы мен мазмұнын (химиядан міндетті және кәсіптік дайындау);

- жалпы арнайы білім беру, кәсіптік-техникалық білім беру және орта арнайы білім берудегі (әр мамандық бойынша) оқу-тәрбиелік ұйымдарда талапкерлерді дайындау сатысындағы талаптар;

- берілген білім беру ұйымдарында қолданылатын әртүрлі білім беру технологияларының бағалау критериі және жүйесі;

- жалпы білім беретін пәндер, базалық пәндер және профильді пәндер циклдарын енгізетін пәндер жүйесі бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартының көлемінде;

- берілген мамандықтар бойынша: бейорганикалық химия, аналитикалық химия, органикалық химия, физикалық химия, коллоидты химия, жоғарымолекулалық қосылыстар химиясы, химиялық технологиядан мемлекеттік жалпы міндетті стандартты білім беру;

- химия пәнініңмұғалімі және білім алушының (немесе басқа орынбасушылардың) міндеттері және құқықтары;

- кездейсоқ жағдайдағы бірінші көмек беру әдістері және химия кабинетіндегі қауіпсіздік техника заңдылықтары;

- ҚР-дағы және дамыған шет мемлекеттердегі ғылыми-педагогикалық ақпараттану жүйесінің құрылымын;

- жалпы және практикалық педагогиканың және психологияның негіздері;

- ҚР территориясындағы пайдалы қазбалардың орналасуын;

- ҚР территориясында орналасқан қажетті металлургиялық және химиялық өндіріс және олардың негізгі өнімдері;

- химияның дамуындағы негізгі этаптар;

- химияның дамуына әлем және ҚР ғалымдарының қосқан үлесі

істей алуы керек:

- химияның теориясын және заңдарын, негізгі түсініктерін түсіндіру;

- химиядан лабораториялық және практикалық сабақ өткізу;

- химиядан көрнекілік тәжірбие қою және оларды түсіндіре білу;

- мектеп бағдарламасы бойынша химия есептерін шығару;

- химия пәнінен білім алушылардың білім беру, тәрбиелеу, дамыту тапсырмаларын шешу;

- практикалық жұмыста химияны оқыту әдістемесінің негізгі жетістіктерін пайдалану;

- оқу-тәрбиелік процесінде қазіргі кезеңдегі ақпаратты технологияны қолдану;

- барлық оқу материалдарын және білім беру қорытындыларын сабақ жоспары бойынша жоспарлау;

- барлық оқу материалын және оқу нәтижелерін жоспарлау;

- интернет жүйесінің көмегімен дәстүрлі жағдайда ғылыми-техникалық және ғылыми-педагогикалық ақпараттарға іздеу жүргізу;

- білім саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

- оқушыларды өздігінен тану, өздігінен білім алу, өздігінен тәрбиелеу және өздігінен дамуға үйрету;

дағдысы болу керек:

- химияны оқытуда қолданылатын құралдармен жұмыстар істеу;

-мектептің химия кабинетінде бар оқу құралдарымен және техникалық көрнекіліктермен жұмыстар жасау;

- қазіргі заманғы бағдарламалардың көмегімен компьютерлік жұмыстар орындау.

жетік білуі керек:

бейорганикалық химия, аналитикалық химия, органикалық химия, физикалық химия, коллоидты химия, экологиялық химия, химиялық технология, химиялық физика, катализ, жоғары молекулалық қосылыстар химиясы облыстарында «5В0112-Химия» мамандығы бойынша түлектер (бакалаврлар):

- психология-педагогикалық саладағы негізгі білімдерді меңгерген және ҚР жалпыға білім беру мектептеріндегі негізгі және бағдарлы сатыдағы пән мұғалімі міндетін химия кабинетінде және химиялық лабораторияларда жүргізілетін жұмыстарға жауапкершілікті бірге атқара отырып психология-педагогикалық саладағы негізгі білімдерін қазіргі заманғы оқу орындарында қолдана алуы керек;

- өзінің қызметінде мемлекеттің орта мектептерінде оқу процесін басқару, ұйымдастыру және бақылау жасау бойынша негізгі мемлекеттік құжаттармен және ҚР нормативті-құқықтық актілермен жұмыс жасай білуі керек; ҚР жалпыға білім беру мектептерінің оқытушысы ретінде жұмыс істеу үшін талап етілетін барлық негізгі кәсіби жұмыстарды меңгеруі керек, жұмыс беруші жағынан қойылатын барлық талаптарға жауап бере алуы керек;

- оқу процесінде кездесетін шынайы химиялық процестерде қазіргі заманғы технологияны қолдану және түсіндіру үшін негізгі химиялық заңдарды, заңдылықтарды және теорияларды білуі қажет;

- оқу және ғылыми-лабораториялық сипаттағы әртүрлі практикалы-болжаулық есептерді шешу үшін эксперименттік есептеу әдістерін қолдана білуі керек;

- лабораторияда және оқу кластарында химиялық заттармен қауіпсіз жұмыс істеу үшін химиялық білімді кәсіби қолдана білуі керек;

- тұрмыстық және оқу сипаттағы экологиялық проблемаларды анықтай

алуы және түсінуі керек және адамдарды қорғаудың тиімді жолдарын ұсына білуі керек, қоршаған ортаны жақсарту үшін әртүрлі варианттағы жұмыстарды ұсына білуі керек;

- оқу және ғылыми мақсаттарда химиялық заттар және процестер туралы қажетті жаңа ақпараттарды қолдану үшін өз бетінше ғылыми іздену жұмыстарын жүргізе білуі керек.

7 Білім берудің негізгі жалпыұлттық мақсаттары және сол мақсаттардың иеарархиясы (оқу пәндері мен пән циклының мақсаты бойынша)

Білім берудің негізгі жалпыұлттық мақсаттары:

- жеке тұлғаны жан-жақты дамыту;

- білімді, білікті және дағдыны меңгеру және беру, таным қызығушылықтарын және қабілеттіктерін, кәсіби мамандыққа арнайы дайындықты қалыптастыру,

- келесі буынға ұлттық мәдениетті жеткізу;

- идеялық дәлдіктерге, азаматтыққа, саяси белсенділікке, патриотизмге және интернационализмге, адалдыққа, басқа діни сенім өкілдеріне шыдамдылыққа, білім мен мәдениетке ұмтылуға тәрбиелеу;

- "өмір бойы білім" принципінен "барлық өмірде білім" принципіне ауысуды жүзеге асыру;

- әлемдік білім беру кеңістігіне ену.

Пәндер циклі бойынша мақсаттар:

Жалпы білім беру пәндер (ЖБП) циклі бойынша мақсаттар – пайдалану, даму және көбею мақсатында алдымыздағы буыннның мәдени негіздерін беру.

Негізгі пәндер (НП) циклі бойынша мақсаттар – табиғат танымдарын қалыптастыратын жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша іргелі білім беруді қалыптастыру:

- химиялық пәндерді меңгеру үшін қажет математика және физика салалары бойынша негізгі білімді қалыптастыру;

- физикалық және химиялық құбылыстарды тану;

- табиғатты тану әдістерімен танысу және меңгеру;

- химиялық түсініктер жүйесін қалыптастыру;

- күнделікті өмірге қажет заттармен жұмыс жасағанда қауіпсіздікті сақтауды қалыптастыру;

- қасиеттері белгілі жаңа заттарды синтездеу үшін заттардың құрам-құрылым және қасиеттері арасындағы өзара байланысты тану;

- ғылымда, техникада және тұрмыста химиялық процестерді басқару үшін қажетті білім жүйесін қалыптастыру.

Бағдарлы пәндер (БП) бойынша оқытудың мақсаты – классикалық және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру.

8 Оқу бітірушілердің білім деңгейіне қойылатын талаптар

8.1 Жалпы білімділікке қойылатын талаптар

«5В072100-Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша бакалаврлар мынадай талаптарға сәйкес келуі қажет:

- табиғат, қоғам және адам туралы ғылым негіздерімен таныс болуы керек;

- диалектикалық-материалистік дүниетанымы болуы керек;

- дамыған танымдық қабілеттігі болуы керек;

- ақпараттарды іздеудеудің, жинақтаудың, талдаудың, өңдеудің және берудің әртүрлі әдістерін білуі керек;

- өз халқының, мемлекетінің тарихын білу және даму тарихы туралы жалпы түсінігі болуы керек;

- мемлекеттік тіл, ұлтаралық қатынас тілін және бір (немесе бірнеше) шетел тілдерін білу керек;

- адамның адамға, қоғамға және қоршаған ортаға қатынасын реттейтін құқықтық және этикалық нормаларды білу керек;

- өмірде денсаулығы мықты және өздігінен даму жолдарына, өзін-өзі тәрбиелеуге ұмтылу.

8.2 Әлеуметтік-этикалық құзіреттілігіне қойылатын талаптар

«5В072100-Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша бакалавр міндетті:

- табиғатта және қоғамда әлеуметтік-мәнді мәселелер мен процестерді сараптауды білу қажет;

- ойлау мәдениетіне ие болуы, оның жалпы заңдарын білуі қажет;

- өзінің ойлау нәтижелерін ауызша және жазбаша түрде қисынды (логикалық) өңдеу қабілеті болуы қажет.

8.3 Кәсіби құзіреттілігіне қойылатын талаптар

«5В072100-Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша бакалавр міндетті:

- қазіргі кезеңдегі химияның негізгі тараулары бойынша іргелі білімді біледі;

- химиялық технология және химиялық өндіріс негіздері бойынша іргелі білімді біледі;

- жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде зертханалық және практикалық сабақтарды жүргізе алады және дәріс оқи алады;

- көрнекілік тәжірибелерді сауатты кәсіптік деңгейде қоя алады;

- мектептегі химия курсының есептік және эксперименттік тапсырмаларды, олимпиада және күрделі тапсырмаларды шешудің әдістемесін біледі;

- педагогика және психология салалары бойынша іргелі білімі бар;

- химияны оқытуда қазіргі кезеңдегі оқыту технологиясын қолдана алады;

- ғылыми-техникалық және педагогикалық ақпараттарды іздеудеудің, жинақтаудың, талдаудың, өңдеудің және берудің әртүрлі әдістерін біледі;

- педогогикалық қатынас әдістерін біледі;

- педогогтар, білім алушылар және ата-аналар арасындағы жан-жалды шеше алады;

- педагогикалық менеджмент әдістерін біледі;

- этнопедагогика негіздерімен таныс;

- химияны оқытуда кәсіптік білімді, дағдылы, біліктілікті білу керек;

- Қазақстан Республикасының және алдыңғы қатарлы шет мемлекеттердің ғылыми-техникалық ақпараттар (ҒТА) жүйесін, сонымен қатар Интернет жүйесін пайдалана отырып, жаңа білімді өздігінен қолдана алуы керек;

- химия сабағында қазіргі және классикалық оқу құралдарын қолдана білу қажет;

- практикалық қызметте техника және ғылымның дамуын қолдана алады.

8.4 Әлеуметтік, экономикалық, кәсіби жағдайлардың өзгерістеріне, өтпелілік пен белгісіздік жағдайларының үдей түсуі жағдайында географикалық және әлеуметтік жұмылдыруға дайын болуға қойылатын талаптар

«5В072100-Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша бакалавр білу керек: өзінің кәсіби қызметінің сипатын және түрін өзгертуге әдістемелік және психологиялық жағынан дайын болу керек, нарықтық экономиканың және менеджмент теориясының негіздерін білу керек, Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі органының құрылымымен таныс және оның қызметінің негізгі ұстанымдарын, оқыту-тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен жетілдіру оның сапасын бақылау ұстанымдарын, мектептегі лауазымды тұлғаның оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен оған жетекшілік етудегі кәсіби міндеттерін, мектептегі сынып жетекшісінің ролі, оның жұмысының мақсатын, негізгі функцияларын және талаптарын.

8.5 Оқу пәндерінің негізгі циклдері бойынша білімділік деңгейіне қойылатын талаптар

«5В072100-Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша бакалаврды дайындауда жалпылама кәсіби бағдарламаның негізгі міндеттері Қазақстан тарихы, Философия, Қазақ тілі, Қазақ (орыс) тілі, Шетел тілі, Информатика, Экологиядан (Дене шынықтыру) білімі болуы қажет.

«5В072100-Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша іргелі пәндер: Бейорганикалық химияның теориялық негіздері, Элементтер химиясы, Органикалық химияның теориялық негіздері, Органикалық қосылыстардың функцияналды топтарының химиясы, Педогогика, Математика, Физика, ҚР білім беру жүйесінің құқықтық нормативтік базасы, химия сабағына қажет оқыту құралдары, химияны оқытудың ақпараттық технологиясы.