«География» мамандығы бойынша республикалық пәндік олимпиада өз мәресіне жетті.
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде 2014 жылдың 10-11 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің арасында 5В011600 - «География» мамандығы бойынша республикалық пәндік олимпиадасы ұйымдастырылды. Олимпиадаға 16 жоғары оқу орнынан 22 команда қатынасты. Олар: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті (Алматы қ.), М.Қозыбаев атындағы Солүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (Петропавл қ.), М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті және Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы универсиеті, Сырдария университеті (Шымкент қ.), Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті (Ақтөбе қ.), Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (Қарағанды қ.), Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті (Тараз қ.), Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті (Атырау қ.), Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті (Көкшетау қ.), Павлодар  мемлекеттік педагогикалық институты (Павлодар қ.), І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті (Талдықорған қ.), Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универститеті (Түркістан қ.), Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті (Қызылорда қ,), М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті (Орал қ.).Ережеге сәйкес олимпиадаекі турдан тұрды. Бірінші турда жалпы жертану, материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы, шетелдердің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы, геоморфология, гидрология,картография топография негіздері мен Қазақстанның физикалық және экономикалық географиясы бойынша тапсырмалар ұсынылды. Олимпиаданың екінші турында географияны оқыту әдістемесі бойынша практикалық бағыттағы тапсырмалар берілді.
Студенттердің республикалық  пәндік олимпиадасын бағалау үшін  әділқазылар алқасы сайланды. Олар:Уразбаев Абдікәрім Кендірбайұлы - география ғылымдарының докторы, Қ.А.Яссави атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, Пашков Сергей Владимирович - география ғылымдарының кандидаты, доцент М.Қозыбаев атындағы Солүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Ботбаев Абдулин Керимжанович - география ғылымдарының кандидаты, доцент Тараз инновациялық- гуманитарлық университеті, Сергеева Айгул Максатовна - география ғылымдарының кандидаты, доцент Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Терещенко Татьяна Александровна - география ғылымдарының кандидаты, доцент М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Галимов Мирас Амангелдіұлы-  география ғылымдарының кандидаты, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Амельченко Валентин Иванович - география ғылымдарының кандидаты, доцент М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, олимпиада әділқазылар алқасының координаторы.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Еңселі елдің ертеңі – кемел білім мен кенен ғылымда»,- деп атап көрсеткендей, бүгінгі қоғам студенттерден білім мен ғылымды игеру жолында үздіксіз ізденуді талап етіп отыр. Ғылыми білімдерді насихаттау және студенттердің ғылыми іске қызығушылығын дамыту, дарынды студенттерді анықтау мақсатында өткен республикалық олимпиаданың екі кезеңі де өз мәресіне жетіп, білім сайысында әрбір қатысушының білім деңгейлері таразыланып, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» дегендей, олимпиада жүлдегерлері анықталды.
Командалық есепте:
1 орын - Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті(команда құрамы - Есенгалиева Гүлсая Сериковна, Агалиева Светлана Ерболовна)
2 орын - Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті (команда құрамы - Бекежанов Ғалымжан Нұрлыбекұлы, Нарымбаев Ғалымжан Мерекеұлы)
3 орын - Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті (команда құрамы - Тарасевич Марина Владимировна, Рау Наталья Викторовна)
3 орын - Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті (команда құрамы - Яременко Анна  Вячеславовна, Қонысбай Айнагүл Ғалымжанқызы)
3 орын - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (команда құрамы - Керешова Ақтоты Қамбарқызы, Дәрібай Айдана Оңталапқызы)
Жекелей сынақта:
1 орын - Гаврик Елена Петровна (Манаш Қозыбаев атындағы Солүстік Қазақстан мемлекеттік университеті)
2 орын  - СержанМәдина Ерланқызы (Павлодар  мемлекеттік педагогикалық институты)
2 орын - Шадский Евгений Евгеньевич (Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті)
3 орын - Жолдасов Серік (Қ.А.Яссави атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті)

5В011600 - «География» мамандығы бойынша республикалық пәндік олимпиадасының қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған командаларға және студенттерге табыс тілей отырып, әр қашанда оқып жатырған білім ордаларының намысын тік ұстап, жоғары белестерден көріне берулеріне тілектеспіз.

Олимпиаданы ұйымдастыруға ат салысқан университет ректоратына, шаруашылық қызметіне, мәдениет және өнер факультетіне, филология факультетіне және баспа орталығына жаратылыстану-география факультетінен алғыс білдіреміз!

Жаратылыстану-география факультеті