2018 жылдың 30 наурызыда М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде өткен Ашық есік күні аясында облыстық мектеп оқушыларына география кафедрасының тіршілігін бағыттайтын кәсіптік бағдар беру шарасы ұйымдастырылды.

Атылмыш шараға университеттің әр кафедрасы мен факультеттері қатынасып, соның ішінде Жаратылыстану-география факультеті белсене қатынасты.

География кафедрасы негізінен екі бакалавр мамандығын таныстырды, яғни 5В011600-География педагогикалық бағыттағы және 5В060900-География жаратылыстану бағытындағы.

Сонымен қатар, оқуды тәмамдаған соң, бакалавр біліктілігі берілетіндігін және магистратурада жалғастыра алатындығы туралы ақпарат берілді.

География мамандығында білім алатын студенттер академиялық ұтқырлық бойынша жақын шетелдерде білім алуға мүмкіндігі бары, соның ішінде Ресейдегі Элиста қ., Уфа қ., Ульяновск қ., Пермь қ., және алыс шетелде Польша, АҚШ, Германия.

Кафедраға студенттерді тартудың тағы бір жолы бұл студенттік республикалық олимпиада, халықаралық географиялық турнир, алыс кешенді далалық сараман, туристік саяхаттарды атап өткен жөн.

Сонымен қатар, студенттеріміздің Қазақстан географиялық қоғамы құрамына қабылданып, ұйымдастыратын экспедицияларға қатысуға мүмкіндік алатыны туралы айтылды.

Ашық есік күніне орай география кафендрасының аға оқытушысы Д.Ж.Искалиев қатынасқан түлектерге шеберлік сыныбын ұйымдастырды.

Ұйымдастырылған шараға География мамандығына қызығушылық танытқан мектеп оқушыларының жеті адам қатынасты.

 

Жауапты оқытушы                                                      А.А.Тургумбаев