Жаратылыстану-география факультеті, биология және экология кафедрасының кәсіптік бағдар беру және кафедра филиалдарының 2017-2018 оқу жылына арналған жоспарына сәйкес, 2017 жылдың 23 ақпан күні факультеттің ұйымдастыруымен Орал қаласы мен жақын маңдағы орта мектептерінің 11 сынып оқушыларының арасында «Биология» пәні бойынша пәндік олимпиада өткізілді. Олимпиадаға қалалық және қала маңындағы мектептерден барлығы 52 оқушы қатысты.

Олимпиаданың қазылар алқасының құрамы факультет деканының өкімімен бекітілді. Қазылар алқасының төрайымы а/ш.ғ.к., доцент Рустенова Р.М., мүшелері аға оқытушы, магистр Джангазиева Б.Ж., оқытушы,  магистрлар Құрмекеш Ә.Д., Уалиахметова Ж.Н., Сарсенова А.Н. болып белгіленді. Олимпиада теориялық (тестілеу) және практикалық бөлімдерден тұрды (сурет 1).

Олимпиада нәтижесі бойынша жүлделі І орынды Орал қаласы №25 ЖОББМ 11 сынып оқушысы Мұратова Ғалия иеленсе, ІІ орынды №17 ЖОББМ  оқушысы Каденов Аслан мен №16 ЖОББМ Захаров Илья оқушысы, ІІІ орынды №27 М.Маметова атындағы физика-математика бағытындағы мектеп лицейінің оқушысы Каменов Бекзат, №34 мектеп-гимназиясының оқушысы Камахаева Аяулым, №35 мектеп-лицейінің  оқушысы  Уалиев Тимур иеленді. №3 ЖОББМ Попова Елена, №32 ЖОББМ оқушысы Бисенгалиева Алина, №40 ЖОББМ оқушысы Айдангалиева Асель  алғыс хаттармен марапатталды. Барлық олимпиадаға қатысушы оқушыларға сертификат табысталды (кесте 1).

Оқушының аты-жөні

Мектептің атауы

орын

Алғыс хат

1

Мұратова Ғалия

№25 ЖОББМ

І орын

 

2

Каденов Аслан

№17 ЖОББМ

ІІ орын

 

3

Захаров Илья

№16 ЖОББМ

ІІ орын

 

4

Каменов Бекзат

№27 М.Маметова атындағы физика-математика бағытындағы мектеп лицейі

ІІІ орын

 

5

Камахаева Аяулым

№34 мектеп-гимназиясы

ІІІ орын

 

6

Уалиев Тимур

№35 мектеп-лицейі

ІІІ орын

 

7

Попова Елена

№3 ЖОББМ

 

алғыс хат

8

Бисенгалиева Алина

№32 ЖОББМ

 

алғыс хат

9

Айдангалиева Асель  

№40 ЖОББМ

 

алғыс хат

                                                   Cурет 1. Олимиада барысында

Олимпиада барысында мектеп түлектеріне кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар,  кафедраның доценті, б.ғ.к.  Утаубаева Алма Уахитовнаның «DNA extraction» тақырыбында ағылшын тілінде шеберлік сыныбы өтті (сурет 2).

                                                Cурет 2. Шеберлік сыныптан көріністер

 

 

Кафедраның кәсіби-бағдар

беру жұмысына жауапты                                                         М.Т.Берлигужин