Химия ғылымдарының кандитаты, доцент, БҚМУ профессоры Нина Константиновна Череватова 50 жылдан астам өзін туған Альма-матерге арнады. Ол жоғары білікті педагог және жүздеген химик - ұстаздардың жетекшісі болып ұзақ және жемісті жол өтті. Нина Константиновнаның ғылыми қызметі органикалық химия, Батыс Қазақстан облысының табиғи объектілеріне  био-гео-талдау сұрақтарына арналған. Кандидаттық диссертациясы вирус пен туберкулезге қарсы белсенділікке ие биологиялық белсенді заттарды синтездеу және химиялық реакциясының стереохимиясы  бағытында болды,сол үшін 2 авторлық куәлікке ие болды.

1996 жылдан бастап 11 жылдан астам химия кафедрасын меңгерді. Бұрынғы Кеңес Үкіметі аясында оның жетекшілігімен ұйымдастырылған және өткізілген химиялық технологиялық сарамандар студенттердің ой – өрісін кеңейтіп оларды болашақ кәсіби қызметке даярлады. Еңбек сүйгіштік пен қатар жоғары талапшылдық бұл оның барлық өмірінің негізін қалаушы мінезінің ерекшелігі. Н.К.Череватованың жұмысы барысында органикалық химия бойынша бірнеше бөлімнен тұратын оқулықтары шығарылды, органикалық химия бойынша 3 электрондық оқулық, «Практикум по органической химии», «Практикум по экотоксикологии», «Практикум по био-гео-анализу природных объектов», сонымен қатар органикалық химия бойынша 2 монография жасалды.

Мерейтой күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ұжымы Сізге алғыс білдіреді және мықты денсаулық, отбасылық бақыт, ғылыми педагогикалық қызметінізде шығармашылық табыстар тілейді.