Жыл сайынғы дәстүр бойынша биыл да 22-қыркүйек Қазақстан Республикасының тілдер мерекесіне орай 18-22 қыркүйек аралығында «Тіл – алаштың арысы, бұлқынған асау намысы» атты апталық өтті. Апталық аясында төмендегідей шаралар өткізілді:
1. «Тіл – татулық тірегі» атты тақырыпта қабырға газетінің байқауы.
2. Университетіміздің 85-жылдығына арнау.
3. «Алаш ту астында күн сөнгенше сөнбейміз» атты қаламгерлер байқауы.
4. «Тіл-алаштың арысы, бұлқынған асау намысы» атты қорытынды кеш.
1998 жылы 20 қаңтарда елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Республика халықтарының ұлттық байлығы тілді қорғау мақсатында 22-қыркүйекті «Қазақстан халықтарының тілдер күні» деп жариялаған еді. Атаулы мереке жаратылыстану-география факультетінің назарынан тыс қалған емес. Әрдайым студенттеріміздің белсене араласуымен жоғары деңгейде шаралар өтіп тұрады. 22-қыркүйек күні өткен қорытынды кешке факультетіміздің профессор оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты. Кеш биология ғылымдарының кандидаты, доцент, жаратылыстану-география факультетінің деканы Кайсагалиева Гүлжахан Смайловнаның құттықтау сөзімен салтанатты түрде ашылды. Сағатбаев Марлен, «Ақкербез» би ұжымы, Бекқазы Малика, Маумен Райгүл, Бердіқожаева Ғалиябану, Сүндетова Нұрай, Артаева Мадина, Жанакова Алтынай сынды студенттер өз өнерлерін ортаға салып, кештің сәнін келтірді. Кеш соңында аталған студенттер алғыс хаттармен марапатталды. Апталық қорытындысы бойынша қабырға газеті байқауында I орынды Б-15 тобы, II орынды хтов-11, хтнв-11 топтары, III орынды Г-13, Х-11 топтары иеленді. Университетіміздің 85-жылдығына ерекше арнау өлең жолдарымен жүлделі I орынды Нұрғалиева Айкүн иеленсе, II орынды Жасұланова Гүлназ, III орынды Тоғайбай Қарлығаш қанжығаларына байлады. «Алаш ту астында күн сөнгенше сөнбейміз» атты қаламгерлер байқауында I орынды Қанатова Арайлым, II орынды Калилуна Нұрайна, III орынды Ізімбетова Арайлым сынды дарынды студенттеріміз иеленіп жеңіс тұғырынан көрінді.

Қазақ тілі – халқымыздың тарихы, шежіресі, арманы мен үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні. Қазақ тілі – халқымыздың өткен ұрпағын тарихи біртұтастық, ажырамас бірлік жағдайда мәңгілік біріктіретін ең сенімді құрал. Мен әлемдегі ең бай, ең сұлу тілдердің бірі – қазақ тілінің құдіретіне әрдайым сенемін. Тіліміз бірлігіміздің тірегі, халқымыздың ұлттық байлығы. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» - деп Қадыр Мырзалиев атамыз айтқандай өзге тілді білгенімізбен, халқымыздың ұлттық байлығы өз тілімізді ұмытпайық!

Жаратылыстану-география факультетінің 4 курс студенті Тұрлыманова Сымбат Серікқалиқызы.