М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 85-жылдығына орай жаратылыстану-география факультетінің ұйымдастыруымен қыркүйек айының 24-і «Жастар энергиясы» атты спартакиада өткізілді.Шара барысында 1 курс студенттерімен бірге аға-буын өкілдері бірлесе отырып,ой бөлісіп,спорттық ойындар ойнады.Ой кезіндегі қиыншылықтардан студенттер өз алғырлығымен,тапқырлығымен шыға білді.Спорттық ойындардан кейін барлығы түскі ас ішіп,әңгіме-дүкен құрып танысты. «Танылмаған талант»атты байқау оздырылып,белсене қатысқандар өз дәрежесінде марапатталды.Қатысушылармен қатар ұйымдастырушылар да үлкен әсер алып,жақсы көңіл-күймен оралды.

 

Жаратылыстану-география факультетінің белсенділері