Қалалық мәдени ағарту бірлестігінің дін жөніндегі әдіскері, «Аманат-Жайық» қоғамдық қорының теологі Қыстаубаев Мұратбек Мұхтарханұлының қатысуымен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік универстетінде «Тұрақтылық кепілі қауіпсіздік»тақырыбында кездесу өткізілді.Кездесу барысында теология ғылымы жайлы айтылып өтілді: «Теология ұғым ретінде христиан діні келгенге дейін Платон еңбектерінде де кездеседі.Платон бұл ұғымды өзінің Құдай жайлы ілімінде қолданбаса да,философиялық тұрғыдын талданатын мифологияға байланысты қолданған.Кейіннен теология термині Гомер,Гесиод,Орфейдің поэмаларына қатысты қолданылып,оларды теолог деп атады.Теологияның негізінде метафизикалық күшке,құдіретті сенім жатқандықтан ол априорилы,яғни тәжірибе жасамай сенетін мәселе.Жалпы мнонтеистік діни қағидалармен сәйкестігіне орай теология терминін қазіргі Исламтануда иллахиат ұғымының баламасы ретінде қолданады.Теология аянға яғни Құдай сөзіне негізделіп,жаратушы болмысын материалдық дүиедегі заттар мен құбылыстарды талдау арқылы дәлелдейтін физикалық теология»деп жалпылама студенттерге түсіндірілді.Кездесу соңында жаратылыстану-география факультетінің студенттері сұрақ қойып,толық ақпарат алысты.

Жаратылыстану-география факультетінің белсенділері